Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Мәжіліс заң қабылдады: ғылымды дамыту мен дәріні тіркеу нормалары жетілдірілді

Мәжіліс заң қабылдады: ғылымды дамыту мен дәріні тіркеу нормалары жетілдірілді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым қалаларын құру жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Сол тапсырманы іске асыру үшін біз заңға алғаш рет «ғылыми аумақ» ұғымын енгізіп отырмыз. Ол жеке елді мекен — ғылым қаласы (Курчатов сияқты) немесе ғылыми-технологиялық парк форматында болуы мүмкін. Бұл — ғылым, білім және өндіріс бір жерде тоғысатын нақты құқықтық режим болмақ, - деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Мұндай аумақтар үшін қолдаудың тұтас пакеті де қарастырылған:

- жеңілдіктер мен ерекше жағдайлар;

- инновацияларды мемлекеттік қолдау;

- арнайы білім беру гранттарын бөлу;

- арнайы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесін алу мүмкіндігі.

Сондай-ақ заң осы аумақтарды басқарудағы Үкіметтің, министрліктер мен әкімдіктердің өкілеттіктерін нақты белгілейді. Іс жүзінде тұтас экожүйе қалыптасады: ғалымның зерттеуінен бастап оны өндіріске енгізу мен коммерцияландыруға дейінгі жол ашылады.

Сонымен қатар депутат ғалымдарымыздың он жылдан астам уақыт бойы көтеріп келген проблемасын шешетін норма енгізілді. Бүгінде ғылымды қаржыландыруда үлкен мәселе бар. Ғылыми гранттар негізінен үш жылға, яғни 36 айға жоспарланады. Алайда конкурстық рәсімдердің созылуына байланысты іс жүзінде ғылыми жоба алғашқы жылы қаңтарда емес, тіпті жылдың соңына қарай басталады. Соның салдарынан ғалымдар зерттеуді толық үш жыл емес, шамамен екі жыл ғана жүргізеді. Ал бұл ғалымдардың қолына түсетін қаржыландыру көлемінің де қысқаруына әкеледі.

- Енді біз ұсынған нормаларға сәйкес, ғылыми жобаның басталу мерзімі автоматты түрде қаңтар айынан емес, нақты келісімшарт жасалған күннен бастап белгіленеді. Сәйкесінше, ғалымдар енді бөлінген қаражаттың 70–80 пайызын емес, толық 100 пайызын алып, жоспарланған уақытты да толық пайдаланып, сапалы зерттеу жүргізуге мүмкіндік алады, - деді ол.

Бұдан бөлек, заң аясында Ұлттық ғылым академиясының жұмысын тежеп тұрған бірнеше мәселе шешілмек. Бұл академияның мүлкін қалыптастыру тәртібін нақты реттеуге, басқару тетіктерін жүйелеуге және тұрақты қаржыландыру көздерін айқындауға мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, құжат аясында ғылыми жобалар бойынша конкурс нәтижелерін жариялау мерзімдері заңмен нақты регламенттеледі. Депутаттар рәсімдерді уақытылы өткізіп, конкурс нәтижелерін белгіленген мерзімде жариялауды міндеттейтін нормаларды енгізді. .

Ғалымдардың қызметін дербес жоспарлауына, нәтижелерін еркін жариялауына, академиялық еркіндігіне қатысты құқықтарын бекітетін нақты нормалар қарастырылады.

«Ұжымдық пайдаланылатын зертханалар» тетігі енгізіледі

- Бұл норма бюджет есебінен сатып алынған ғылыми инфрақұрылымды тиімді әрі баршаға қолжетімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, бір университетте заманауи зертхана бар, ол Қазақстанда немесе тұтас өңірде жалғыз болуы мүмкін. Қазіргі таңда оны негізінен тек сол ұйымның ғалымдары ғана пайдаланады. Енді осы заңда мұндай зертханаларды басқа да ғалымдар үшін қолжетімді ету мақсатында «ұжымдық пайдаланылатын зертханалар» ұғымы және тиісті механизм енгізіледі, - деді А. Аймағамбетов.

Сонда кез келген ғалым арнайы ақпараттық жүйе арқылы қай жерде қандай зертхана бар екенін, оның қай уақытта бос екенін, сол жерде қалай зерттеу жүргізуге болатынын біліп, ғылыми инфрақұрылымды тиімді пайдалана алады.

Атап айтқанда, заңда дарынды балаларға, пән олимпиадалары бойынша ұлттық құрамаларға мемлекеттік университеттердің зертханаларын тегін пайдалану құқығы беріледі.

Дәрі-дәрмекті алу тәртібі

Мәжіліс қабылдаған осы заң аясында дәрілік заттарды тіркеу мерзімі айтарлықтай қысқартылады.

- Қазіргі кезде тіркеу рәсімі заң бойынша 210 күнге дейін созылады, ал іс жүзінде бұл процесс жылдап жалғасады. Сондықтан біз тіркеу, сараптама жүргізу, шекті бағаны бекіту және Ұлттық дәрілік формулярға енгізу рәсімдерін біріктіретін композиттік қызмет енгізуді ұсынамыз. Бұл дәрілерді тіркеу мерзімін 210 күннен 100 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, - деді депутат.

Екіншіден, қатаң халықаралық тіркеу рәсімдері бар (мысалы, АҚШ-тағы FDA немесе Еуропадағы EMA) мақұлдаған жаңа препараттар үшін жеделдетілген тіркеу рәсімі (fast-track) енгізіледі. Егер дәрі-дәрмек бойынша дамыған елдерде қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген болса, ол біздің азаматтарға да уақытылы қолжетімді болуы тиіс. Бұл шешім ұзақ рәсімдерден өткізбей-ақ қажетті дәрілерді тіркеуге және оларды сатып алуға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, Денсаулық сақтау министрлігіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміндегі өмірлік маңызы бар дәрілік препараттарды тіркеуді дербес бастамашылық ету құзыреті беріледі.

Төртіншіден, ел ішінде өндірілетін дәрі-дәрмектерге арналған субстанциялардың сапасын бақылау күшейтіледі. Енді елге әкелінетін субстанциялар міндетті түрде тексерістен өтіп, рұқсат алуы тиіс.

- Кенеттен ауыр жағдайға түсіп, ұзақ уақыт комада жатқан азаматтар мүгедектікті рәсімдеу үшін жеке өтініш бере алмайды. Ал өтінішсіз процесс басталмайды. Сот арқылы қамқоршы тағайындау — ұзақ рәсім, осы уақыт ішінде отбасы әлеуметтік қолдаусыз қалады. Заңда мұндай жағдайда жақын туыстарына немесе жұбайына мүгедектік белгілеу үшін куәландырудан өтуге өтініш беру құқығы беріледі. Бұл науқас үшін жәрдемақы мен техникалық оңалту құралдарын жедел алуға мүмкіндік береді, - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, жақында Президент ғылым саласында зор жетістікке жеткен ғалымдарды марапаттады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 12:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see158

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see132

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see129

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see124

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see124

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see123

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see112

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары