Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Мектептегі балта: Құлсарыдағы оқиға қандай сабақ берді?

Мектептегі балта: Құлсарыдағы оқиға қандай сабақ берді?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

5 ақпанда 10-сынып оқушысы сыныптастарымен болған келіспеушіліктен кейін балта алып, оларды қуалаған. Екі оқушы жеңіл жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді. Жасөспірім кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді. Қылмыстық іс жүріп жатқанына қарамастан, оқушы сабаққа қайта қосылып отыр.

Бұл бірсәттік эмоцияның салдары ма, әлде жүйелі мә­селелердің көрінісі ме? Құлса­ры­дағы жағдай мектеп қауіп­сіздігі, жасөспірім психо­ло­гиясы, буллинг және ата-ана жауапкершілігі тақырыптарын қайта күн тәртібіне шығарып отыр.

Психологиялық қысым және буллинг

Оқиғадан кейін оқушының анасы Мәншүк Жиенбетова әлеуметтік желіде үндеу жасап, ұлының ұзақ уақыт бойы қа­тарластары тарапынан қысым көргенін айтты. 

Мәншүк Жиенбетованың айтуынша, оқиға болған күні ұлы Құл­сары қаласындағы №6 Пушкин атындағы мектеп­те сабақта отырған. Сол кезде оған төрт жасөспірім келіп, дә­рет­ханаға шақырған. Ана­сының сөзінше, олар сол жер­де сөйлесіп, мәселені «шеш­пек» болған. Төрт адамның ортасында жалғыз қалған жас­өспірім өзін қорғай алмай, бал­­та тауып алып, оларды қуа жөнелген. Соның салдарынан төтенше жағдай туындаған.

Ол сондай-ақ ұлы былтыр­ғы күздің өзінде-ақ қысым кө­ріп жүргенін айтып, өзін басқа мектепке ауыстыруды сұрағанын жеткізді. Алайда ата-анасы оны оқу жылын осы мектепте аяқтауға көндірген. Ана­сының айтуынша, сол кез­де баласы жағдай ушығуы мүм­кін екенін ескерткен. Оның пікірінше, сол уақыттан бастап оған қысым күшейген.

Отбасы аталған төрт жасөс­пірімге қатысты арыз берме­ген. Сонымен бірге ол №6 мек­­теп директорының қызме­ті­нен босатылмауын сұрап, бұл жағдай оқу орны басшылы­ғы­ның әрекетімен байланысты емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, оқиға кезінде ұлы сабақ­та болған және ешкімді арандатпаған.

Сарапшылардың айтуын­ша, мектептегі буллинг – Қа­за­қстандағы өзекті мәселе­лер­дің бірі.  Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерт­теу­лер институтының  бұрын­ғы зерттеулерінде қазақстан­дық оқушылардың едәуір бө­­лі­­гі мектепте кемінде бір рет бул­лингке ұшырағаны айтыла­ды. Білім саласы мамандары соңғы жылдары кибербуллинг­тің де көбейгенін атап өтеді: әлеуметтік желідегі қысым мен мазақтау жасөспірім психика­сына тікелей әсер етеді.

Отбасылық психолог Ай­герім Талғатқызының пікірін­ше, оқушының агрессиясы жиналған ішкі күйзелістің сыртқа шығуы.

«Бала өзін қорғансыз сезін­се, үнемі мазаққа ұшыра­са немесе қолдау таппаса, агрес­сия  қорғанудың жалғыз тәсі­ліне айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда тек жазалау емес, кәсіби психологиялық көмек қажет», – дейді маман.

Оның айтуынша, буллинг­ке ұшыраған балалар көбіне үндемейді. «Тәртіпсіз» немесе «шағымшыл» атанудан қор­қуы, қатарластарының қысы­мы жағдайды ушықтыра түседі.

Мектеп қауіпсіздігі: формалды ма, әлде нақты ма?

Атырау облысы білім бас­қар­масының басшысы Марат Абуовтың мәліметінше, мектеп­те лицензияланған күзет, бей­не­бақылау камералары болған. Алайда оқиға үзіліс кезінде болып, жасөспірім сөмкесіне салған затпен мектепке кіріп кеткен. 

«Оқиғадан кейін мектеп директорына сөгіс жариялан­ып, ол қызметінен кетті. Ар­найы комиссия құрылып, облыстағы мектептердің қауіп­сіздік жүйесі тексерілуде», – деді спикер. 

Қазір Жылыой ауданында да профилактикалық іс-шара­лар күшейтілуде. 9-11-сынып оқушыларына заң талаптары, құқықтық жауапкершілік, мінез-құлық мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргіз­ілуде. Полиция, әкімдік және мектеп басшылығы бірлесіп, турникеттегі күзетшілердің жұмысын, жабдықтардың жарамдылығын және тыйым салынған заттарды анықтау тәртібін тексеріп жатыр.

Қылмыстық іс жүріп жат­қанына қарамастан, мектепте сабағын жалғастырып жатқан оқушыдан басқа ата-аналар қауіптеніп отыр. «Біз қорқа­мыз. Ол мектепте жоғары сы­нып­пен бірге, бастауыштың да балалары оқиды. Жазатайым жағдай болып, балаларымыз зар­дап шексе қайтеміз? Ол бала оқуын алаңсыз жалғасты­ра беретін болса, біз өз бала­ларымызды мектепке жібер­мейміз. Демек, басқа балалар енді «бұзақылық жасай беруге болады, біздің орнымызға директор жұмыстан кетеді» деген ойда болуы мүмкін. Ди­рек­торды жұмыстан қуумен біз мектептегі буллинг мәселесін шешкен жоқпыз», – дейді ата-ана Елена Сарбалина. 

Статистика не дейді?

Атырау облысында оқушы­лар арасындағы құқықбұзу­шылық көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 80 пайызға артқан. Бұл  басқа емес, Атырау облысы білім беру­ бас­қармасының басшысы Марат Абуовтың сөзі. «Түнгі уақытта ата-анасының қарауын­сыз жүрген жасөспірімдер саны көбейген», – дейді спикер.

Республика көлемінде де жасөспірімдер арасындағы құ­қықбұзушылық мәселесі алаң­датарлық. Сарапшылар мұны әлеуметтік желінің ықпалы, отбасындағы бақылаудың әл­сіреуі және мектептегі тәр­бие жұмысының формалды сипат алуымен байланыстырады.

Қазір оқиғаға қатысы бар жас­өспірім ата-анасының ба­қы­лауында. Тергеу жалғасып жатыр. Бірақ қоғамды толған­дырған негізгі сұрақ – мұндай жағдайды болдырмау үшін не істеу керек?

«Сол үшін ең алдымен мек­теп психологтарының жүкте­ме­сін азайтып, нақты профи­лак­тикалық жұмыс жүргізуге мән беру керек. Буллингке қар­сы бір­ыңғай ұлттық бағдарлама қа­былдау, ата-ана­ларға арналған тұрақты пси­хо­логиялық ағарту жұмыстарын күшейту маңызды. Мектеп қауіпсіздігін формалды есеп үшін емес, нақты қауіптің алдын алу құралы ретінде қайта қарау маңызды», – дейді отбасылық психолог Айгерім Талғатқызы.

Қалай десек те, Құлсары­дағы оқиға – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мә­се­лесі. Бұл жағдай жасөспір­ім­дер арасындағы буллингті, пси­хо­логиялық қолдау жүйесін және мектеп қауіпсіздігін түбе­гейлі қайта қарау қажет екен­ін көрсетті.

Егер біз агрессияның себе­бін жоймай, тек салдарымен күресетін болсақ, мұндай жағ­дай­лар қайталануы мүмкін. Ал қауіпсіз мектеп  тек камера мен күзет емес, ең алдымен, ба­ла­ның санасы қауіпсіз орта­да қалыптасуы керек. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 06:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары