Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Мемлекет адам үшін қызмет етуі керек Respublica партиясы

Мемлекет адам үшін қызмет етуі керек Respublica партиясы

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, Парламент пен мәслихат депутаттары, әйелдер және жастар қанатының өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жан-жақты талқыланды.

Кездесу негізгі заңға ортақ партиялық ұстанымды қалыптастыруға арналған ашық диалог алаңына айналды.

Отырысты ашқан партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров ұсынылып отырған құжатты мемлекеттің дамуы үшін сапалық тұрғыдан жаңа кезең деп бағалап, талқылаудың бағытын айқындады.

Фото: Respublica партиясы

- Бүгін біз мазмұны терең, мәні бөлек құжатты талқылап отырмыз. Жаңа Конституция - мемлекет пен азамат арасындағы жаңартылған қоғамдық келісім, — деді ол.

Төраға құжатта унитарлы құрылым мен аумақтық тұтастықтың мызғымай сақталғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар жаңа жобаның өзегінде адамға бағытталған, азаматтың құқығы мен қадірін алдыңғы орынға қоятын көзқарас бар екенін айтты.

- Respublica үшін бұл – қағида. Біз мемлекет адам үшін қызмет етуі керек деп есептейміз, - деп түйіндеді Айдарбек Қожаназаров.

Өңірлік партия жетекшілері реформаның практикалық қырларына тоқталды. Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Әубәкіров ғылым мен инновацияның Конституцияда бекітілуі жоғары технологиялы экономикаға өтудің берік негізі екенін атап өтті.

- Қарағанды өңіріндегі бизнес қауымдастық пен азаматтық қоғам жаңа Конституция жобасын қолдайды. Біз бұл реформаны әлеуметтік әділеттіліктің тірегі, мемлекетке деген сенімді нығайтатын және ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылықтың құралы деп көреміз, — деді ол.

Сондай-ақ бір палаталы Құрылтайды қалыптастыруда саяси партиялардың рөлін күшейтудің маңызын атап өтті.

Re.Women әйелдер қауымдастығы мен ReJastary жастар қозғалысының өкілдері реформаны азаматтық қатысуды кеңейтетін нақты тетік ретінде қолдайтындарын білдірді. Атырау облысындағы Re.Women қауымдастығының төрағасы Гүлназ Кәрімжан қоғамдық диалогты кеңейту мен Халық кеңесі секілді институттардың енгізілуі ашықтық пен әділет қағидаттарына сай келетінін айтты.

-Re.Women қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Бұл құжат ел дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз», - деді ол.

Шығыс Қазақстан облысындағы ReJastary үйлестірушісі Жігер Сәрсенбаев Конституцияда бекітілген «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттары жастардың әлеуетін іске асыруға және ел өміріне жауапкершілікпен араласуына негіз болатынын атап өтті.

- Әділетке және құқыққа сүйенген мемлекет ең алдымен жас ұрпақтың тағдырын айқындайды», — деді жастар қауымдастығының өкілі.

Отырыста сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, Respublica партиясы фракциясының мүшелері Нұргүл Тау, Олжас Құспеков, Айтуар Қошмамбетов, Екатерина Смолякова, Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт Хайруллаев, Павлодар облыстық филиалының төрағасы Амангелді Маханбет, Астана қалалық филиалының төрағасы Шыңғыс Түсіпбаев сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістер аясында ұлттық бірлікті нығайту мен жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін арттырудың маңызын өңірлік тұрғыда баяндады.

Талқылау қорытындысында ортақ әрі айқын шешім қабылданды: Respublica партиясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайды. Қатысушылар бұл құжатты азаматтардың әл-ауқатына бағытталған, әділетті әрі берік мемлекет құрудың негізі деп бағалады. Партия алдағы жалпыұлттық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін білдіріп, барша азаматтарды елдің болашақ Негізгі заңын қалыптастыруға атсалысуға шақырды.

Осыған дейін Конституция жобасына қатысты Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның пікірін берген едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 19:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары