Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Ақмола облысында көлік өртенді

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

Алтай Зейнелғабдин: Ұлттық қор қаражаты елдің ұзақмерзімді дамуына қызмет етуі керек

Алтай Зейнелғабдин: Ұлттық қор қаражаты елдің ұзақмерзімді дамуына қызмет етуі керек

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Осы міндеттерді іске асыруда қаржы ресурстарын тиімді басқару, бюджет қаражатының қайтарымын қамтамасыз ету және Ұлттық қор активтерін ұтымды пайдалану ерекше маңызға ие. Бұл туралы белгілі ғалым, қаржыгер, экономика ғылымдарының докторы, профессор Алтай Зейнелғабдин пікір білдірді.

Сарапшының пікірінше, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген ауқымды құрылыс бастамасы – ел экономикасының дамуына серпін беретін маңызды бағыттардың бірі. Әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту өңірлердің әлеуетін арттырып қана қоймай, логистиканы дамытуға, экономикалық байланыстарды нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Алтай Зейнелғабдин атап өткендей, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржының жеткілікті болуы ғана емес, оның нақты нәтижеге бағытталуы да маңызды.

Президенттің ел бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлеу және әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу жөніндегі тапсырмалары осы тұрғыдан ерекше мәнге ие. Мемлекет басшысы Жолдауда 2029 жылдың соңына дейін бұл жұмыстарға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу көзделіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге қарастыру қажеттігі айтылды.

«Мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл ретте тек бюджет қаражатын ғана емес, Ұлттық қор активтері мен еліміздің басқа да қаржылық мүмкіндіктерін экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге ұтымды бағыттау қажет. Ең бастысы, қаржы нақты нәтижеге жұмыс істеуі тиіс», – деп есептейді ғалым.

Оның айтуынша, инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу кезінде олардың ел экономикасына ықпалы, ұзақмерзімді тиімділігі және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қосатын үлесі жан-жақты бағалануы керек. Әрбір инвестициялық шешімнің экономикалық негіздемесі болуы маңызды.

Мемлекет басшысы Жолдауында Ұлттық қордың негізгі миссиясы ел байлығын сақтау және арттырумен қатар, оны қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату екенін атап өтті. Президенттің пайымдауынша, болашақ алдындағы жауапкершілік тек қаржылық жинақ қалдырумен шектелмейді. Келесі ұрпаққа технологиялық тұрғыдан дамыған, бәсекеге қабілетті экономикасы, заманауи инфрақұрылымы және жоғары өмір сүру стандарттары бар мемлекет мұраға қалдыру қажет.

Алтай Болтайханұлының пікірінше, Ұлттық қордың қаражатын пайдалану мәселесінде осы екі міндеттің арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет. Бір жағынан, қор елдің қаржылық тұрақтылығы мен болашақ ұрпақтың мүддесін қорғауға тиіс. Екінші жағынан, оның ресурстары экономиканың ұзақмерзімді дамуына, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге және жаңа экономикалық мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал ете алады.

Сарапшының айтуынша, Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалар тек бүгінгі қажеттіліктерді өтеумен шектелмеуі керек. Олар болашақта экономикалық қайтарым беріп, өндірістік әлеуетті арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің дамуына жағдай жасауы қажет. Әлеуметтік жобалар да халықтың тұрмыс сапасына нақты әсер етуі тұрғысынан бағалануы тиіс.

Бұл ретте Ұлттық қор қаражатын бөлу кезінде жобалардың басымдығын дұрыс айқындау, олардың нәтижелілігін бағалау және жұмсалған қаражаттың тиімділігін бақылау тетіктерін күшейту маңызды.

«Ұлттық қордан қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың қайтарымы алдын ала бағалануы керек. Қандай жоба елге ұзақмерзімді табыс әкеледі, қайсысы әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді деген сұрақтарға нақты жауап болуы қажет. Қаржы ресурстарын басқаруда осындай сараланған тәсіл қажет деп ойлаймын», – дейді профессор.

Жолдауда экономиканы реттеудің қаржылық-құқықтық негіздерін жетілдіру мәселесіне де айрықша назар аударылды. Атап айтқанда, Салық және Бюджет кодекстерінің экономикалық дамудағы рөліне тоқталған Мемлекет басшысы салық заңнамасының бизнеске ықпалын талдап, қажет болған жағдайда оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Алтай Зейнелғабдиннің пікірінше, бұл міндеттер экономистер мен қаржы саласының мамандарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Салық және бюджет саясаты экономикалық белсенділікті ынталандыруға, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік ресурстарды ұтымды бөлуге бағытталуы керек.

Сонымен бірге цифрлық экономиканы дамыту мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың маңызды шартына айналып отыр. Цифрлық шешімдер қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджет қаражатының қозғалысын бақылауға және басқарушылық шешімдердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Осы тұрғыдан алғанда, экономиканы цифрландыруды тек технология енгізу үдерісі ретінде қарастыру жеткіліксіз. Ол мемлекеттік қаржыны жоспарлау, бөлу және пайдалану тәсілдерін жаңғыртумен қатар жүруі тиіс. Бұл бюджет саясатының нәтижелілігін арттырып, мемлекеттік ресурстарды басқарудағы ашықтықты күшейтуге жол ашады.

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік аппараттың инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және индустрияны дамыту міндеттерін кәсіби деңгейде орындауға дайын болуын талап етті. Осыған байланысты мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі стратегиялық жоспар әзірлеу міндеті қойылды.

Алтай Зейнелғабдин бұл бағыттағы реформаларды ғылыми негізде жүргізудің маңызына назар аударады. Оның пікірінше, мемлекеттік басқарудағы өзекті мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын әзірлеуге мемлекеттік органдармен қатар ғылыми-зерттеу орталықтары, ғалымдар мен сарапшылар да белсенді қатысуы керек.

Бұл ретте Мемлекеттік басқару академиясының да өзіндік рөлі бар. Магистранттар мен докторанттарды зерттеу жұмыстарына тарту, сараптамалық пікірталастар ұйымдастыру және ғылыми тұжырымдарды мемлекеттік басқару тәжірибесіне енгізу реформалардың сапасын арттыруға ықпал етеді. Ғалымның пайымдауынша, мұндай жұмыс білім беру бағдарламаларын да жаңартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару саласында білім алып жүрген мамандар экономикалық үдерістерді терең түсініп, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік қаржыны басқару және цифрлық трансформация мәселелерін кешенді талдай білуі қажет.

Қорыта айтқанда, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану, инвестициялық жобалардың нәтижелілігін бағалау және мемлекеттік басқару жүйесін ғылыми негізде жетілдіру өзара сабақтас бағыттар ретінде қарастырылуы тиіс. Алтай Зейнелғабдиннің пікірінше, бұл міндеттерді орындауға мемлекеттік қызметшілермен қатар ғалымдар, сарапшылар және білім беру ұйымдары да белсенді атсалысуы қажет. Өйткені елдің тұрақты дамуы қаржы ресурстарының көлеміне ғана емес, оларды қаншалықты тиімді басқара алатынымызға да байланысты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 17:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see147

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see146

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see145

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see139

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see137

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see137

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see135

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see134

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see133

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see133

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see133

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see133

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see132

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see132

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see131

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see131

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see125

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see121

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары