Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Ақмола облысында көлік өртенді

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Діни қауымдастықтағы зорлық зомбылық па? ҚМДБ Исматулла Мақсұмға қатысты мәлімдеме жасады

Діни қауымдастықтағы зорлық зомбылық па? ҚМДБ Исматулла Мақсұмға қатысты мәлімдеме жасады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сопылық бағыттың өкілі Исматулла Мақсұм кәмелетке толмағандарға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталды. Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеу бастады, ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады. Tengrinews.kz жағдайға қатысты белгілі деректерді ұсынады.

Атышулы сұхбат: не болды?

Талқылауға журналист Жанар Байсеміздің "зікіршілер" ретінде танымал діни қауымдастықтың бұрынғы мүшелерімен сұхбаты себеп болды. Сұхбат берушілер Исматулла Мақсұм жасөспірімдерге қысым көрсеткені туралы айтып берді.

Олардың бірі Ақылбек Жұмабеков Мақсұмды рухани ұстаз ретінде құрметтегендіктен, басында бұл айыптауларға сенбегенін айтады. Кейін ол осындай қысымға тап болған жас жігітпен сөйлескенін айтады.

Жұмабековтің сөзінше, Исматулла Мақсұм кәмелетке толмаған баланы сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген-мыс, ал бас тартқан жағдайда жасөспірімді қорқытқан. Сондай-ақ ер адам бұған ұқсас басқа да жағдайлар туралы естігенін мәлімдеді.

Сұхбат барысында басқа да айыптаулар айтылды. Қауымдастықтың бұрынғы мүшелері кәмелетке толмаған қыздарды тұрмысқа шығуға мәжбүрлеу деректері болғанын алға тартты.

Исматулла Мақсұм деген кім?

БАҚ мәліметтері бойынша, Исматулла Мақсұм (Исматулла Әбдіғаппар есімімен де белгілі) – 2000-жылдары Қазақстанда аты шыққан. Ол өзін Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімін ұстанушы ретінде көрсеткен.

Ашық дереккөздерде Мақсұмның Ауғанстанда туып, Пәкістанда діни білім алғаны айтылады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол 1996 жылы Қазақстанға келіп, Алматыда медресе ашқан, ал 2001 жылы "Сенім. Білім. Өмір" қоғамдық бірлестігін құрған, кейін бұл ұйымның қызметіне тыйым салынды.

2011 жылы сот оны экстремизм, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және заңсыз медициналық қызметпен айналысу ісі бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырды. БАҚ мәліметінше, ол 2019 жылы бостандыққа шыққан.

ҚМДБ не дейді?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Исматулла Мақсұм мен оның жақтастарының мүфтиятқа еш қатысы жоқ екенін хабарлады.

"Исматулла Мақсұм мен оның соңынан ергендердің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ешқандай қатысы жоқ. Олардың іс-әрекеттері мен діни ұстанымдары ҚМДБ ұстанымына сай келмейді. Біздің дінімізде адамға зорлық-зомбылық көрсету, қорқыту, өзгенің құқығына қол сұғу және мәжбүрлеу ауыр күнә болып саналады", – деп хабарлады басқарма.

Сондай-ақ ҚМДБ Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын жеке мүддеге пайдаланбауға шақырып, қазақстандықтарды соқыр сеніммен бағынуды талап ететін діни топтардан сақтануды ескертті.

"Сотқа дейінгі тергеу басталды"

Ішкі істер министрлігі ақпарат жарияланғаннан кейін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

"Жарияланған мәліметтер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды", – деді ІІМ өкілдері.

ІІМ басқа мәліметтерді жария етпеді. Атап айтқанда, тергеудің қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны және Исматулла Мақсұмның күдікті мәртебесі бар-жоғы белгісіз.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық блогерлер екінші әйел алу туралы айтты. Олар бұл үшін жазалана ма?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 18:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see149

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see148

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see139

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see139

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see138

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see138

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see136

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see136

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see135

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see134

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see134

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see133

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see133

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see127

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see123

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see122

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see118

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see117

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

27 Қазан 2026 14:44see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары