Қазақстанда ашаршылық болады : Көріпкел болашаққа қатысты болжам жасады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Көріпкел Ақгүл Есетқызы Қазақстанда алдағы уақытта ашаршылық болуы мүмкін екенін айтып, елді алаңдататын болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеді.
Ақгүл Есетқызының айтуынша, ол бұған дейін де ашаршылық туралы әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Бірақ көпшіліктің жағымсыз пікірінен кейін жазбасын өшіріп тастаған.
«Қазақстанда ашаршылық келе жатыр. Бұл туралы жазбамды біраз уақыт бұрын шығарған болатынмын. Астына “Ұрпағыңмен қырылып қал”, “Жағыңа жылан жұмыртқаласын” деушілер көбейіп кетті де, ренжіп, өшіріп тастадым. Қандай ашаршылық келе жатыр? Өте ұқыпты, өте мұқият, өте әдемі, өте саналы түрде жасалған ашаршылық келе жатыр. Отызыншы жылдары болған ашаршылық бірден басталып кеткен жоқ. Оған 10–15 жыл дайындалды. Бізде де дәл сондай болады», – деді ол.
Көріпкел өзінің мұндай болжамдарға қалай келетінін де түсіндірді. Оның сөзінше, маңызды ақпаратты сезген кезде денсаулығы сыр беріп, кейде есінен танып қалатын көрінеді.
«Мен қатты талықсыдым. Күйеуім балалардың шашын қидыруға алып кеткенде, жалғыз үйде қалдым. Сол кезде оң жақтан талып қалу болды. Әсіресе үлкен ақпарат болса, оң жақтан талып қалу болады. Оң құлағым шыңылдап бастайды», – деді Ақгүл Есетқызы.
Сұхбат барысында ол табиғи апаттарға қатысты да болжамын айтты. Атап айтқанда, Алматыда тағы жер сілкінісі болуы мүмкін екенін, сондай-ақ Ақтау мен Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне қатысты қауіп барын мәлімдеді.
Дегенмен көріпкел болжап отырған оқиғалардың нақты мерзімін атаған жоқ. Оның ашаршылық пен табиғи апаттарға қатысты мәлімдемелері ғылыми немесе ресми деректермен расталмаған. Сондықтан бұл пікірлерді нақты қауіп туралы ескерту емес, жеке болжам ретінде қабылдаған жөн.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 19:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















