Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Ақмола облысында көлік өртенді

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

Көкшетауда бензиннен су мен қоспалар табылды: 15 көлік жолда тоқтап, жүргізушілер шығынға батты

Көкшетауда бензиннен су мен қоспалар табылды: 15 көлік жолда тоқтап, жүргізушілер шығынға батты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Көкшетауда жанармай сапасына қатысты дау туындады. Зеренді тасжолына шығар тұстағы жанармай бекеттерінің бірінен бензин құйған 15-ке жуық автокөлік жол үстінде бірден істен шыққан. Мамандар жанармайдан су мен бөгде қоспаларды анықтаған. Ал жүргізушілерге көліктерін жөндету үшін қомақты қаражат қажет болуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Оқиға туралы әлеуметтік желілер желдей есті. Деректерге сүйенсек, бірнеше жүргізуші Көкшетаудан Зеренді тасжолы бағытына шығар тұстағы бір жанармай бекетінен отын құйғаннан кейін күтпеген жағдайға тап болған. Көліктері жол үстінде бірінен соң бірі тоқтап, кейбір жүргізушілер қалаға дейін жаяу баруға мәжбүр болған.

Жанармай бекетінің басшылығы оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан. Ал Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі зардап шеккен көліктердің барлығы техникалық қызмет көрсету стансаларына жіберілгенін хабарлады. Онда мамандар отын жүйесін тазалап, көліктердің техникалық жағдайын тексеруге тиіс. Бұған қоса, автокөлік иелеріне жанармай бекеті тарапынан келтірілген шығынды өтеуге кепілдік беретін хаттар табысталған.

Сапасыз отынның салдарын жоюға тура келген мамандардың бірі техник-механик Евгений Мурыгин. Оның айтуынша, зардап шеккен көліктердің қатарында өзі жұмыс істейтін серіктестіктің автокөлігі де бар. Жанармайды тексеру кезінде одан бөгде қоспалар мен су анықталған. Маманның сөзінше, мұндай жағдайдың салдары әр көлікте әртүрлі болуы мүмкін. Бірінің қозғалтқышы жанармай құйғаннан кейін бірден тоқтаса, енді бірінде ақау біраз жол жүрген соң байқалады.

– Жүргізушілер үшін салдары өте ауыр болды. Жөндеу құны қымбатқа түсуі мүмкін. Тіпті, қозғалтқыш пен отын жүйесін күрделі жөндеуге дейін баруы ықтимал. Біреудің көлігі бірден тоқтаса, енді бірінде ақау белгілі бір қашықтық жүргеннен кейін анықталады, – дейді Евгений Мурыгин.

Әзірге жанармайға су мен бөгде қоспалардың нақты қай кезеңде түскенін анықталмай отыр. Өйткені отынның өндірілген сәтінен бастап тасымалдануы мен сатылуына дейінгі бүкіл тізбекті тексеру қажет. Мамандардың пайымынша, мәселе делдалдар деңгейінде туындауы мүмкін. Сонымен қатар күзгі кезеңде ауа температурасы күрт өзгерген кезде жанармай сақталатын цистерналарда конденсат жиналып, оның отынға араласу ықтималдығы да жоққа шығарылмайды. Дегенмен бұл болжамдардың ешқайсысы әзірге оқиғаның нақты себебі ретінде ресми расталған жоқ.

Тағы бір назар аударарлық жайт зардап шеккендердің саны 15 көлікпен шектелмеуі мүмкін. Алайда жанармайды дәл осы бекеттен сатып алғанын растай алған жүргізушілердің саны шамамен 15 адамға жеткен.

Айта кетейік, биыл тамызда Қазақстанның Сауда министрлігі бензин сапасын өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатуға дейінгі барлық кезеңде тексеру басталғанын хабарлаған. Бұған автокөлік иелерінің сапасыз жанармайға қатысты шағымдары себеп болған еді.

Көкшетаудағы оқиға да жанармай сапасын бақылау, сатушылардың жауапкершілігі және тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Енді жүргізушілерді мазалайтын басты сұрақ көліктерге келтірілген шығын толық өтеле ме және жанармайдың сапасыз болуына нақты не себеп болған? Бұл сауалдарға жауап беру үшін тиісті тексерудің нәтижесі мен жауапты тараптардың ресми түсініктемесі қажет.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:47
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 17:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see147

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see146

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see145

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see139

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see137

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see137

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see135

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see134

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see133

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see133

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see133

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see133

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see132

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see132

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see131

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see131

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see125

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see121

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары