Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

Жеңіл несиенің де жүгі бар

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Жазғы саяхаттан кейін автокөліктің несін тексеру керек сарапшы кеңестері

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

Сан Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

2026 жылы елдің жағдайы не болады экономистер болжам жасады

2026 жылы елдің жағдайы не болады экономистер болжам жасады

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Былтыр Қазақстанда инфляция деңгейі 12 проценттен асып кетті. Ал азық-түлік бағасы бір жылдың ішінде 13,4 процентке көтерілген болатын. Содан үкімет қымбатшылыққа жол бермеу үшін коммуналдық тарифтерді өсіру қарқынын тежеуге кірісті. Бензин бағасына шектеу енгізіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін кеңейтті. Алайда жаңа жылда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Қосылған құн салығымен бірге бағалар да өседі деген болжам бар. Соған қарамастан үкімет инфляцияны 11 проценттің деңгейінде ұстауға мүдделі. Sputnik Қазақстан экономистермен сөйлесіп, 2026 жылы елдің жағдайы қалай болатынын сұрады.

Баға өсе ме?

Экономист Арман Байғанов алғашқы алты айда жаңа Салық кодексіне бейімделу кезеңі болады деп санайды. Себебі қосылған құн салығы өседі. Бизнеске өз қызметін жаңа талаптар бойынша ретке келтіруге қажет болады. Баға да көтеріледі.

"Меніңше, жарты жылдан кейін нарық салық жүйесіне бейімделеді. Әрине, бағалар да өседі. Бұның барлығы инфляцияға әсер етеді. Сондықтан 2026 жылы инфляция шамамен қазіргі деңгейде – 10-12 процент болады деп ойлаймын. Сосын бүгінде инфляцияны жоғары базалық ставкамен тежеп отыр. Алайда ерте ме, кеш пе, оны төмендетуге тура келеді. Өйткені қазіргі ставкамен кредиттер қымбатқа түседі. Ол да инфляцияны күшейтіп жатыр", - деді Байғанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Қазіргі базалық ставкамен бизнес те қарызға көп ақша ала алмайды. Онсыз кәсіпті дөңгелетіп отыру қиын. Ал шағын және орта бизнес дамымаса, экономика да, елдің жағдайы да өспейді.

"Салық реформасына бейімделу кезеңі өткеннен кейін жағдайымыз біртіндеп қалпына келеді. Базалық мөлшерлеме де төмендейді. 2026 жылдың екінші жартысында инфляция түсуі мүмкін. Ал 2027 жылы тағы төмендейді деп ойлаймын. Көрші елдердегі әскери іс-қимылдар да аяқталуы қажет. Ол да экономикамызға оң әсерін тигізеді", - деп атап көрсетті Байғанов.

Инфляция ресми көрсеткіштен жоғары

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Әкімжан Аруповтың ойынша, қазіргі инфляцияның деңгейі ресми көрсеткіштен жоғары болуы әбден мүмкін.

"Депозиттердің мөлшерлемесі 20 процентке дейін жетті ғой. Меніңше, инфляция осы көрсеткіштен төмен емес. Бұл дегеніміз, ақшамызды депозитке 20 процентпен салсақ та, ол қаражатымызға сатып алатын тауарлардың көлемін ғана сақтай аламыз. Бірақ үстінен табыс түспейді", - дейді Арупов.

Сарапшының айтуынша, инфляция деңгейі 12 процент болғанда ұлттық банк базалық ставканы 18 процентке, яғни 6 процентке артық көтермейтін еді.

"Ашығын айту керек, үкіметке оңай емес. Халықтың табысын арттыру керек. Бағаларды ұстап қалу қажет. Жаңа жылы Салық кодексі де күшіне енді. Сол кезде бағалар тағы көтеріледі деген болжам бар. Демек, экономикада ақша массасы көбейеді. Біз болсақ, жақын арада сол ақшаға сай тауар мен қызметтерді шығара алмаймыз. Ал ақша көп, бірақ тауар аз болса, инфляция күшейе береді. Бағалар да көтеріледі", - деп атап көрсетті Арупов.

Теңге бағамы қалай өзгереді?

2025 жылы ұлттық валюта бір доллар үшін 550 теңгеге дейін әлсіреген болатын. Бірақ жылдың соңында күшейді. Бір доллар 512 теңгеге сатылды.

"Теңге бағамының 500-ден төмен түсуі екіталай. Себебі бізде инфляция 12 процент деп отырмыз ғой. Ал АҚШ-та – 3-4 процент. Айырмашылығы – 8 процент. Демек, 2026 жылы теңге шамамен 8-10 процентке әлсіруі әбден мүмкін", - деді экономист Арман Байғанов.

Әкімжан Арупов та теңгенің күшеюі уақытша деп отыр.

"Мен білетін теңге ылғи жылдың соңында күшейіп отырады. Меніңше, оның экономикалық сипаты емес, техникалық, психологиялық, бәлкім, салықтық себебі басым сияқты. Теңге бағамы үнемі құбылып тұрады. Мәселен жазда долларға сұраныс көтерілгенде теңге тағы әлсірейді, ал доллар күшейеді", - дейді Арупов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қаңтар 2026 10:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

24 Тамыз 2026 20:33see128

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25 Тамыз 2026 16:42see127

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see122

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

24 Тамыз 2026 19:03see119

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see116

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see115

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

25 Тамыз 2026 11:13see114

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

24 Тамыз 2026 10:24see114

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

25 Тамыз 2026 11:01see113

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25 Тамыз 2026 14:44see113

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

24 Тамыз 2026 14:53see112

Жеңіл несиенің де жүгі бар

25 Тамыз 2026 06:47see112

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

24 Тамыз 2026 18:59see112

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

25 Тамыз 2026 13:21see112

Жазғы саяхаттан кейін автокөліктің несін тексеру керек сарапшы кеңестері

24 Тамыз 2026 08:43see111

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

25 Тамыз 2026 15:22see111

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

25 Тамыз 2026 13:05see111

Сан Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды

24 Тамыз 2026 09:27see110

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

24 Тамыз 2026 13:00see110

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

25 Тамыз 2026 16:41see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары