Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Мемлекет басшысының тағы бір ауқымды жобасы басталғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Бүгін шын мәнісінде үлкен тарихи оқиғаға куә болдық. Ақордада ұйымдастырылған телекөпір аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың рұқсатымен бірнеше стратегиялық маңызы бар жобаның құрылысы басталды. Атап айтқанда, Қызылордадан Сексеуілге дейінгі және Сексеуілден Ұлғайсынға дейінгі жолдар кеңейтіледі. Құрылысына старт берілген жобалардың ішіндегі ең маңыздысы Сексеуілден Бейнеуге дейін салынатын мүлде жаңа жол болмақ.

Шынында да, «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысын бастаудың мәні зор. Аталған жолдың қажеттілігі жөнінде Мемлекет басшысы 2021 жылы өңірдің дамуына байланысты Ақтауда өткен жиында айтқан болатын. Содан бері тиісті есептеулер, зерттеулер, қаржы көздерін нақтылау секілді маңызды мәселелер пысықталды. Ал, міне, бүгін негізгі құрылыс жұмыстары басталды, – деді ол.

Ерлан Қарин «Бейнеу – Сексеуіл» жол құрылысының бірнеше ерекшелігі мен маңыздылығын тілге тиек етті.

– Біріншіден, жоғарыда айтқанымдай, бұл – мүлде жаңа жол. Осыған дейінгі жобалар негізінен бұрын салынған жолдарды жаңартумен, кеңейтумен шектелетін. Ал «Бейнеу – Сексеуіл» – мүлдем жол түспеген бағыт. Осылайша, Қазақстан картасында жаңа жол пайда болады.

Оның үстіне, аталған жолдың жалпы ұзындығы да айтарлықтай ұзақ. Салынатын айналма жолдарды, жол бойындағы іргелес ауылдарды байланыстыратын жолдардың бәрін есептегенде жалпы ұзақтығы 800 шақырымға тең. Сондықтан, бұл біздің құрылысшылар мен жол мамандары үшін үлкен тәжірибе әрі маңызды сынақ болмақ. Бір жағынан Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау өңірлерін жалғайтын Арал мен Каспий арасындағы кеңістік – жол бойында елді мекендер өте сирек орналасқан әрі табиғаты да ерекше аймақ. Сол себепті, қай жағынан болса да, құрылысшыларды үлкен сынақ күтіп тұр.

Екіншіден, Қазақстандағы негізгі күретамыр жолдардың бәрі кезінде оңтүстіктен солтүстікке қарай салынған. Темір жолдардың да, автомобиль жолдарының да негізгі бағыты солай құрылған. Ал Мемлекет басшысы еліміздің транспорттық жүйесін түбегейлі өзгертуде. Яғни, республика өңірлерін көлденеңнен байланыстыруға назар аударуда.

Президент бұған дейін Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне шығатын жол құрылысын жүргізудің маңызды екенін айтқан еді. Енді, міне, Сексеуілден Бейнеуге дейінгі жолдың еліміз үшін қаншалықты үлкен мәнге ие екенін көріп отырмыз.

Үшіншіден, бұл – түбекте орналасқан Маңғыстау өңірі үшін ерекше маңызы бар жоба. Осыған дейін Ақтауға жету үшін Ақтөбе, Орал, Атырау өңірлерін басып өту керек еді. Қазір Ақтөбеден Байғанин арқылы Атырауға, одан әрі Ақтауға шығатын жол бар. Бірақ, бұл соның өзінде де Ақтауға апаратын айналма жол болып есептеледі.

Әрине, осының бәрі тауарлардың, азық-түліктің бағасына әсер етеді. Халықтың барыс-келісін де шектейді. Ішкі туризмнің дамуына да кедергі келтіреді. Қай жағынан болсын, жол мәселесі қиындық тудырады. Ал төте жол салынғаннан кейін оңтүстік және орталық өңірлердің шалғайдағы Маңғыстаумен байланысы айтарлықтай жеңілдейді. Тауарлардың, азық-түліктің жеткізілуіне қатысты мәселелер оң шешімін табады. Ең бастысы адамдардың бір өңірден екінші өңірге қатынауы жақсарады. Яғни, «Бейнеу – Сексеуіл» жолының экономикалық қана емес, әлеуметтік маңызы да орасан.

Айтпақшы, бүгін Президент салынатын жаңа жолдың облысаралық емес, аймақтық және құрылықтық (континенталдық) маңызын ескере отырып, оны «Арал-Каспий магистралі» деп атауды ұсынды.

Осылайша, алғаш рет 2021 жылы Ақтауда өткен жиында бастама ретінде көтерілген, былтырғы Жолдауда айрықша маңыз берілген және Ұлттық құрылтайдың Қызылордадағы биылғы отырысында шегелеп тапсырылған Президент бастамасы нақты орындалу кезеңіне шықты. Сөйтіп, Мемлекет басшысы осы бастамаға үнемі дем беріп отырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи маңызы зор бұл бастамасы елдің әлеуетін еселеп арттыратын және игілігін миллиондаған адам көретін жоба болмақ. Қазақстанның прайм эрасы басталғанын осындай өлшемдер де дәлелдеп отыр. Мемлекет басшысы Парламент палаталарының 30 маусымдағы бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде атап өткендей, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналып келеді, – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:223
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 15:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары