Мемлкет басшысы: Кітап оқу жастарды үстірт ойлаудан сақтап қалатын рухани қалқан
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Президент өткен аптада Астанада жасанды интеллект тақырыбына арналған ауқымды іс-шаралар өткеніне тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– AI & Digital Bridge – 2026 форумы, сондай-ақ белгілі мамандар мен сарапшылардың қатысуымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы болды. Осы отырыста Қазақстанның аса маңызды салада мол табысқа жеткені аталып өтті. Бірақ бұл жайбарақат отыруға болады деген сөз емес. Себебі жасанды интеллект пен жаңа технологиялар өте жоғары қарқынмен дамып жатыр. Бұл – уақыт талабы. Бұдан бөлек, елордамызда тұңғыш рет Astana AI Film фестивалі өтті. Шын мәнінде, бұл – нағыз озық инновациялық іс-шара деп айтуға болады. Өйткені дәл осы өте өзекті және маңызды шара аясында Астана қаласында әлемде алғаш рет жасанды интеллектінің кино өнеріндегі көрінісі пайда болды. Басқаша айтсақ, аталған фестиваль бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі кино өндірісінің өзектілігі азая бастағанын көрсетті. Енді фильм түсірумен айналысатын мамандар шенеуніктердің, демеушілердің және продюсерлердің қолдауына тәуелді болмай, өз бетімен толыққанды кино туындысын шығара алады. Сондықтан Астанада өткен бұл нағыз жаһандық ауқымдағы фильм фестиваліне әлем жұртшылығы айрықша назар аударды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Алайда Президент озық технология дәуірінде кітап оқудың да мән-маңызын арттыруымыз қажет санайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа осы құндылықты сіңіруге тұтас қоғам атсалысуы қажет екенін айтты.
– Халқымыздың асыл перзенті Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген тамаша сөзі бар. Кітап білімпаздыққа, жанашырлыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулиды. Кітап оқу – азаматтарды, әсіресе, жастарды үстірт ойлаудан және ақпарат тасқынына жұтылып кетуден сақтап қалатын рухани қалқан. Сондықтан мен биыл мамыр айында «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Үкімет жыл соңына дейін тиісті тұжырымдама қабылдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Сеніп қалатын отбасылар көп : депутат рухани алаяқтарға шүйлікті
15 Қазан 2025 15:38
Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамытатын Жарлыққа қол қойды
16 Мамыр 2026 21:14
Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
23 Сәуір 2026 09:02
Кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды
09 Маусым 2026 10:42
Қостанай облысында 4 365 педагог кітап оқу марафонында 15 кітап оқыды
18 Наурыз 2026 17:36
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 15:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















