Министр бағаны 90 процентке дейін төмендетуге болатынын мәлімдеді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кейбір медициналық бұйымдардың бағасын 25%-дан 90%-ға дейін төмендету жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет отырысында министр дәрі-дәрмек бағасын реттеу шараларының нәтижесіне тоқталды. Цифрлық мониторинг деректеріне сәйкес, айналымдағы дәрілік заттардың 50%-дан астамының бағасы тұрақты сақталған, ал 799 дәрінің бағасы төмендеген.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нарықтағы дәрілік заттардың түр-түрін көбейту мақсатында рецептсіз босатылатын барлық дәріге, сондай-ақ бағасы бір айлық есептік көрсеткіштен төмен рецептпен берілетін дәрілерге мемлекеттік бағаны реттеу шаралары алынып тасталды. Алғашқы нәтижелер бойынша дәрілердің 90%-ының бағасы төмендеген. Бұл – оң нәтиже", – деді Әлназарова.
Сонымен қатар медициналық бұйымдарды сатып алудың жаңа моделі бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.
"Алдын ала есептеулер бойынша, кейбір медициналық бұйымдардың бағасын 25%-дан 90%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұл модельді биыл желтоқсан айында іске қосу көзделген", – деп атап өтті министр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 11:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















