Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Мирас Мұқаш: Әскер беделін арттыратын туындылар керек

Мирас Мұқаш: Әскер беделін арттыратын туындылар керек

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжат медиа қауымдастық пен мемлекеттік сектор арасындағы орнықты серіктестікті қалыптастыруға, сондай-ақ әскери тақырыпты кәсіби әрі жауапты түрде жариялауды дамытуға бағытталған.

Меморандумға Бас редакторлар клубының президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай және Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Борамбаев қол қойды.

БАҚ саласындағы әріптестеріміз әскери азаматтармен пікір алмасып, түрлі сұрақтарына жауап алған маңызы зор басқосуда ақпараттық жұмысты күшейту тетіктері де талқыланды. Өйткені қазақ армиясының беделін биіктету, оң имиджін қалыптастыру – әрбір азаматтың парызы. Қазір қоғамға әскеріміздің әлеуетін паш ететін ақпараттық іс-шаралар да кең ауқымда атқарылып жатыр екен. Жиі ұйымдастырылатын баспасөз турлары, гарнизондардың жай-күйімен таныстыру, жауынгерлердің тұрмыстық жағдайы мен асханасындағы мәзірге дейін ел назарына ұсынылып жүр. Бұл әрине дұрыс.

Республикалық арналардан балаларға арналған анимациялық фильмдер, ересектеріміз көретін сериалдар мен әскери бағдарламаларға басымдық берілмек. Жаңалықтардан бір-бірінен аумайтын сюжеттер де, газет беттерінен баспасөз турлары жайындағы жазбаларды да жиі көзіміз шалады.

Қазір оқулық шығарумен, балаларға арналған көркем әдебиет басумен айналысатын «АRMAN-PV» баспасында жұмыс істеп жүргендіктен әскери саланы кішкентай балалар санасына сіңіру бағыты да қолға алынса жақсы болар еді. Отан қорғап жүрген жауынгерлер туралы шағын кітаптар, кішкентай оқырмандарымызға түсінікті комикстер, танымдық әдебиет басылса деген тілек бар. Мәселен оқушы күнімде Тоқтар Әубәкіровтың бала кезі, ұшқыш болуға талпынған жасөспірім кезеңін баяндайтын шағын кітапты оқып шыққанда керемет әсер етіп еді. Сол кітапша менің ғана емес көптеген замандасымның өскенде кім боламын деген бағытын айқындап бергені анық. Ғарышкер, ұшқыш, әскери азамат болсам деген мақсат қойған балалар саны артқаны ақиқат. Қазір сериал, бағдарлама түсіруге қаржы бөлуге бел буып отырған Қорғаныс министрлігі осындай бағыттағы кітаптар шығарса тамаша болмақ. Кітап оқитын Ұлтқа айналуды мақсат етіп отырған кезеңде телевизиялық жобаларға ғана емес кітапқа да көңіл бөлінсе деген ұсыныс білдіргім келеді. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары бала күнінен өзіміздің әскерімізге деген оң көзқарасы қалыптасып өсуі өте маңызды.

Сондай-ақ, бізде бүгінгі заманның армиясы жайлы көркем әдебиет мүлдем жоқ десек болады. Өздеріңізге мәлім «Заң-Медиа» ЖШС детектив жанрын жандандыру мақсатында Кемел Тоқаев атындағы әдеби байқауды биыл сегізінші рет ұйымдастырды. Осылайша детектив бағытында бірқатар кітап жарыққа шығып, шым-шытырық оқиғалар туралы жазатын қаламгерлер шоғыры қалыптасты. Ал бізде әскери тақырыптағы көркем шығарма неліктен дамымайды? Осы олқылықтың да орны толса деген ұсыныс бар.

«Айқын» газетінің бас редакторы Амангелді Құрметтің әңгімесін тыңдасаңыз, әскери тақырыпқа қызығушылық артады. Ол кісінің білмейтіні жоқ. Қорғаныс саласын сауатты, жан-жақты жаза білетін мамандардың материалы көп болса ұтылмас едік. Неге десеңіз газет оқығанда әскери тақырыптағы жалаң ақпарат қана алдымыздан шығады. Сол себепті әскери сарапшылар пулын құрып, танымдық, сараптамалық бағыттағы мақалалардың саны артса жақсы болар еді. Өйткені қазір жауынгерлеріміздің гарнизондары жылы, тамақтары тоқ екеніне жаңалықтар арқылы әбден көзіміз жетті.

Бұл ұсыныстарымызға еліміздің Қорғаныс министрі Дәурен Жұматайұлы, министрдің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Серік Жақсығалиұлы оң көзқарас танытады деген үміт бар.

Ең бастысы – өзара меморандумның берері көп, Қазақстан әскерінің абыройы асқақ болсын деп тілейміз.

Мирас МҰҚАШ,

«АRMAN-PV» баспасы

бас директорының кеңесшісі,

Бас редакторлар

клубының мүшесі   

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мас жүргізушілер 1 жылда 763 рет құқық бұзған

Қоғам • Бүгін, 17:20

Қазақстанда сирек металдарды барлаудың жаңа стандарты енгізіледі

Үкімет • Бүгін, 17:13

Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беріледі

Қоғам • Бүгін, 17:00

Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады

Елорда • Бүгін, 16:51

ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 16:40

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

Экономика • Бүгін, 16:32

2025 жылы ел экономикасы қалай өзгерді?

Экономика • Бүгін, 16:22

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 16:15

Пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған

Экономика • Бүгін, 16:01

Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті

Президент • Бүгін, 15:52

18–20 желтоқсан аралығында елімізде қар жауып, боран соғады

Ауа райы • Бүгін, 15:45

Мирас Мұқаш: Әскер беделін арттыратын туындылар керек

Қоғам • Бүгін, 15:28

«Отанды сүю – жүректен» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Мәдениет • Бүгін, 15:01

Қазақстанда самокатпен жүру ережелері қатаңдады

Қоғам • Бүгін, 14:56

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумын жасады

Әскер • Бүгін, 14:43

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:324
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 17:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары