Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Энергияны арттыратын ауқымды жоба

Энергияны арттыратын ауқымды жоба

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кейінгі жылдары облыс орталығында жаңадан салынған өнеркәсіптік, әлеуметтік нысандар қатары арта түсті. Бұл ең алдымен жаңадан қосымша энергия көздерін іске қосу қажеттігін көрсетті. Осы міндеттер аясында аймақта жаңа жылу электр орталығы бой көтеріп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған 215 млрд теңгелік жобаның инвесторы – түріктің «AKSA Energy» компаниясы. Бүгінде инвестор орталық құрылысына 147 млрд теңгеден астам қаржы құйды.

Негізгі қондырғылары шетелден алынған орталықта қуаттылығы 180 мегаваттық 2 газ турбиналық қондырғы, 95 мегаваттық бу турбинасы, 2 бу, 4 жылу қазандығы болады. Қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді. Қазір негізгі қондырғылар жеткізіліп, орнатылып жатыр. Жұмыстың 80%-ға жуығы атқарылды. Бұдан бөлек, бюджет есебінен 15 млрд  теңгеге орталыққа дейін 45 шақырым газ құбыры тартылып, автомат­тандырылған газ тарату стансасы салынды.

Бүгінге дейін Қызылорда қаласын жылумен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп келген жалғыз кәсіпорын – Қызылорда ЖЭО-ның салынғанына 60 жылдан асып барады. Негізгі қондырғыларының тозығы жеткен ЖЭО ел көлеміндегі 19 апаттық стансалардың тізіміне де енгізілген. Жыл сайын кем-кетігін тиянақтап отырғандықтан ғана кідіріссіз жұмыс істеп тұр. Әйтпесе, мамандардың дәл қазіргі есебінше орталықтың тозуы 75%-ға жеткен.  Жылу желілері жөнінде бұл көрсеткіш 45% болып тұр.

«Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорны қалалықтарды 3 жылу-энергия көзі арқылы қамтамасыз етеді. Дегенмен жыл сайын ауқымы кеңейіп, тұрғындарының қатары артып келе жатқан шаһарға жалғыз кәсіпорынның аздық ететіні анық байқалып отыр. Облыс тұрғындарының электр энергия­­сын тұтыну көлемі 200 мегаватт, жылу энергиясын пайдалану мөлшері 352 гигакалорийге жеткен. Cтанса тек 67 мегаватт электр энергия­­­­сын өндіріп, аймақтағы электр энергиясын тұтыну көрсеткішінің тек 30%-ын ғана қамтып отыр. Дәл қазіргі жағдайында орталықтың Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау бағытындағы тапсырмасы үдесінен шыға алмайды. Сондықтан да аймақ басшылығы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нысан құрылысына баса маңыз берді. Cоның арқасында бірқатар мемлекетте осындай құрылыс салып, мазут, табиғи газ, жел генераторлары мен су электр стансаларында электр энергиясын өндіруден тәжірибе жинаған Түркияның «AKSA Energy» компаниясының ТМД елдерінде теңдесі жоқ заманауи жылу-электр орталығы жобасына таңдау түсті.  

«Жоба аясында қуаттылығы 180 МВт-тық 2 газ турбиналық қондырғылары (General Electric, АҚШ), 95 МВт-тық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы сағатына 120 тонна болатын 2 бу қазандығы (AC Boilers, Италия) мен 150 Гкал/сағ құрайтын 4 жылу қазандығы (Mimsan, Түркия) салынады. Құрылыс алаңында қазіргі кезде жұмыс істеп жатқандардың дені жергілікті тұрғындар. Станса облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.  Жаңа нысан құрылысы тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді», деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин.

Энергетикалық қауіпсіздікті сақтауға айрықша мүмкіндік беретін жаңа жоба «AKSA Energy» компаниясының елімізге жасаған алғашқы қадамы. Қызылорда ЖЭО электр, жылу энергиясын өндірудің заманауи біріктірілген технологиясына негізделіп отыр. Технологиялық жабдықтар АҚШ, Чехия, Италия секілді жетекші әлемдік өндіруші мемлекеттерден жеткізілген.

Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңдерінен бастап, халықаралық AKSA инженерлер командасы жергілікті мамандармен бірлесе жұмыс істеп келеді. Мұндай синергетика құрылысты тиімді жүзеге асыруға ғана емес, бірлескен жұмыс барысында тәжірибе алмасуға, жергілікті инженер-техник мамандарды оқытуға мүмкіндік берді.

«Жақын арада жабдықты пайдалану, тех­никалық қызмет көрсетуге қатысты мамандандырылған оқыту бағдарламалары іске қосылады. Оларға жабдық өндірушілерінің өкілдері де, компанияның тәжірибелі мамандары да қатысады. Бұл стансаның одан әрі қалыпты жұмыс істеуіне қажет тұрақты кәсіби базаны құруға мүмкіндік береді. Жаңа станса толық жүктеме кезінде 240 МВт электр энергиясын өндіріп, бір мезгілде орталықтандырылған жылытуға 277 Гкал/сағатқа дейін жылу энергиясын береді. Бұл оңтүстік өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтып, қысқы кезеңде жылу тапшылығын азайтады», дейді компания өкілдері.

Станса энергия жүйесіндегі жүктеменің өзгеруіне бейімді. Жоба «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығымен» 15 жыл мерзімге келісімшарт аясында жүзеге асырылады.

Құрылыс алаңында 1 200-ден астам жұ­мыс­­шы, 130 арнайы техника бар. Алдағы уақытта станса жұмысын бастап, бірінші кезекте 1 газтурбиналық қондырғы, 2 жылу қазан­дығы іске қосылады. Келесі жылы қалған қондырғылары толық іске қосылатын жаңа станса облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.

ҚЫЗЫЛОРДА 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:223
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары