Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

ММА федерациясының аккредитациясына қатысты дау: бұған кім жауапты?

ММА федерациясының аккредитациясына қатысты дау: бұған кім жауапты?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанның Біріккен аралас жекпе-жек (ММА) федерациясының аккредитациясы уақытша тоқтатылды. 15 жылдан бері жоғары деңгейде, заңды түрде, еш ескертусіз жұмыс істеп, әлем, Азия чемпиондарын шығарған ұйымның ресми қызметіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Kazsport ММА ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия мен әлемдік рейтингте көш бастап келе жатқан ММА ұйымының төңірегіндегі күрделі жағдай қазір көпшілікті алаңдатып отыр. Соңғы 15 жыл бойы ұлттық ММА мектебін қалыптастырып, елді халықаралық аренада жоғары деңгейге көтерген ұйымның қызметіне кімдер кедергі келтіріп жатыр?  Әлде заңнамалық өзгерістер мен әкімшілік шешімдердің салдарынан әуесқой және бұқаралық спортты дамытудан гөрі, коммерциялық бағытқа және кәсіпқой жекпе-жектерге басымдық беріле бастағаны ма? Өйткені әуесқой федерацияның орнына кәсіби бағытта жұмыс істейтін жаңа ММА ұйымы ашылып, бірден ҚР Туризм және спорт министрлігінің «батасын» алып үлгерген деседі. Осының анық-қанығын білмек болдық.

Осы құқықтық коллизия салдарынан, ҚР Туризм және спорт министрлігінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі №96 бұйрығымен Қазақстанның Біріккен аралас жекпе-жек (ММА) федерациясының аккредитациясы уақытша тоқтатылды. Уақытша құжаттардың берілмеуі ұйымның операциялық және спорттық қызметін толықтай тұқыртып отыр.

ҚР Біріккен аралас жекпе-жек (ММА) федерациясының бірінші вице-президенті Асылбек Дүйсеновтің айтуынша, заңды қызмет еткен он жылдан аса уақытта федерацияның қызметіне қатысты ешқандай ескерту болмаған.

«Бұл тосыннан келген жаңалық емес. Бұған дейін Ұлттық олимпиадалық комитеттің (ҰОК) тануы болмағандықтан, қызметті тоқтата тұру туралы хабар келді. Осы орайда, аралас жекпе-жек түрлерінің (ММА) Олимпиада бағдарламасына енбейтінін ескеру керек. Олимпиадалық хартия ережелеріне сәйкес, тиісті халықаралық федерацияны Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресми түрде танымайынша, ҰОК олимпиадалық емес спорт түрлерін тануға құқылы емес.

Біздің федерация — Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (IMMAF) толыққанды мүшесі. Қазіргі уақытта IMMAF өтініші ресми тану алу үшін ХОК қарауында жатыр, бұл туралы Спорт істері комитетіне өз уақытында хабарланған болатын. Комитет тарапынан хабарлама жіберілгенге дейін ММА-ді өзге федерация құрамындағы спорт түрлерінің бірі ретінде біріктіру жайлы ұсыныс айтылды. Бірақ мұндай нұсқа IMMAF мүшелігінің талаптарына қайшы келеді», — дейді Дүйсенов.

Федерация өкілінің айтуынша, ұйымды аккредитациядан айыру үлкен тәуекелдерге алып келеді.

«Қазақстан әуесқой ММА бойынша Азияда көшбасшы деп айттым. Одан бөлек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан IMMAF әлемдік рейтингінде бірінші орынға шықты. Осынша жетістіктен соң орын алған бұл жағдай ең алдымен еліміз бен федерацияның беделіне нұқсан келтіреді, сондай-ақ халықаралық аренадағы бәсекелестерімізге басымдық береді. Шыны керек, біз қарсыластарға өз қолымызбен жол ашып беріп отырмыз. Иә, бүгінгі таңда Федерация тікелей қаржылық шығынға ұшыраған жоқ. Бірақ беделдің айтарлықтай төмендеуі Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позициясының әлсіреуіне, әлемдік спорт қауымдастығындағы ұстанымымыздың әлсіреуіне және қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысу келешегіне кері әсер етуі мүмкін», – дейді Дүйсенов.

Ұлттық құраманың бас бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Баян Жанғалов бұл шешімді қабылдаудың қаншалықты қиын екенін сөзбен жеткізе алмайды.

«Бұл жағдай бізді күйзеліске салып отыр. Халықаралық деңгейде Қазақстанның абыройын асқақтатып, әлемдегі ең үздік нәтижелердің бірін көрсетіп жүрген ұйым қалайша бір күннің ішінде мемлекеттік аккредиттеуден айырылды? Осы спортқа бүкіл ғұмырын арнаған адамдардың болашағы қалай болмақ», – деп аһ ұрды бас бапкер.

Иә, бұл мәселеде бүкіл жүк спортшыларға түсіп отыр. Күні кеше ел намысын қорғап жүрген талантты спортшылар жан-жаққа тентіреп кетудің алдында тұр. Ұлттық құрама сапында балалар мен жасөспірімдерден бастап, ересектер арасындағы әлем және Азияның қазіргі чемпионы саналатын жүзге жуық спортшы бар. Олардың көпшілігі үшін аккредиттеу мәселесіне қатысты хабар күтпеген соққы болды. Себебі, спортшылар өздеріне тәуелсіз бюрократиялық шешімдердің салдарынан халықаралық жарыстарда ел намысын қорғау мүмкіндігінен айырылып қаламыз ба деп алаңдайды.

Айта кетейік, біріккен аралас жекпе-жек (ММА) федерациясы – Қазақстандағы ММА спортының көкжиегін кеңейткен елдегі алғашқы ұйым. Федерацияның жүйелі жұмысының арқасында отандық спорттағы жарқын жеңістер тіркелді. Федерация 12 жыл бойы Азияда бірінші орынды ұстап келді және 13 жылдан астам уақыт бойы әлемдегі үздік үш құраманың қатарына енді. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте көш бастап, бірінші орынға көтерілген болатын. UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов бастаған танымал файтерлердің үлкен спорттағы қадамы да тап осы ұйымнан басталған еді.

Біріккен аралас жекпе-жек (ММА) федерациясы орнатқан жүйе жемісін берді. Бүгінде ел бойынша 15 мыңнан астам спортшы аралас жекпе-жекпен айналысады. Өңірлердегі аккредиттелген 20 филиалда 48 білікті жаттықтырушы, 150-ден астам жас жаттықтырушы және 30 төреші, оның ішінде 9 халықаралық дәрежедегі төреші еңбек етеді.

Сонымен қатар, Федерация әлеуметтік жобаларды да белсенді түрде жүзеге асырды. Миландағы Паралимпиада ойындарында чемпион атанған Ербол Хамитовке тұрақты қаржылық және психологиялық қолдау көрсетілді. Балалар үйінің тәрбиеленушісі Матильда Бачурина Азия және әлем чемпионы атанды. Бұл спортшыны ұлттық құраманың бас бапкері қанатының астына алған еді. Одан бөлек, жарақат алған спортшыларды оңалтуға қолдау көрсетіліп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Айжан Әбдіқадырдың қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 18:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары