Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Оқулық мазмұнына кім жауапты?

Оқулық мазмұнына кім жауапты?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жыл сайын оқулық сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қолға алынып келеді. Дегенмен мектеп оқулығының сапасына қатысты айтылып жүрген сын көп. Оның бірқатар себебін сарапшы, шебер педагог Мейрамгүл Нүсіпбек өз тәжірибесі негізінде тарқатып айтып берді. Айтуынша, оқулық жасаудың негізгі қиындығы бірнеше қырынан қарастырып атап өтуді қажет етеді.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Біріншісі, ғылыми-әдістемелік қиын­дық. Оқу бағдарламасына сәйкес автор оқу мақсатына сай, тым ауыр да емес, тым жеңіл де емес мазмұн жасауға тиіс. Еңбек ғылыми дәлдікке сүйсініп онда қате дерек, бұрмаланған факт болмауы қажет. Оқулықтың әдістемелік құрылымы мен тапсырмалары баланың ойлау деңгейін дамытатындай болуы керек. Бірақ көптеген оқулықта жатты­ғулар тек еске түсіру дең­гейінде қалып қояды.

Екіншіден, тілдік және стильдік қиындық. Қазақ тіліндегі бағдарлама, оқулықтың да басым бөлігі шет тілі­нен, орыс тілінен аударылып жаса­латындықтан, сөйлем құрылысы жасан­ды шығады. Мұндай аудармаға тәуел­ділік баланың жас ерекшелігіне де бе­йімделмейді. Ондай мысалдар 5-сынып оқулығында тым күрделі ғылыми стиль қолданылуы түсінікті қиындатады. Тер­минологияның бірізді болмауы салдарынан оқулықта терминдер әртүрлі бері­ліп (мысалы, «қосынды» – «сома», «жинақ» түрінде) келеді.

Үшіншіден, ұйымдастырушылық және жүйелік қиындық. Әр баспаның өзіндік форматы бар, яғни бірізділіктің болмауы оқушы мен мұғалім үшін қиындық тудырады. Оқулық авторларына көбінесе қысқа мерзім беріледі. Сапалы оқулық жазу үшін бірнеше жыл қажет. Редакция мен сараптаманың көп сатылы болғаны себепті, автордың еңбегі түрлі комиссия­дан өтеді, кейде әдістемелік тұтастыққа зиян келетін өзгеріс енгізіледі.

Төртіншіден, психологиялық және педагогикалық қиындық. Оқушының қабылдау ерекшелігін ескеру маңызды. Мәтін, сурет, кесте, тапсырма көлемі баланың назарын ұзақ ұстай алатындай жасалуы керек. Бұл – оңай емес. Бірақ қызығушылық тудыру аса қажет. Оқулық тек білім беріп қоймай, оқушыны ынталандыруға тиіс. Алайда қазіргі оқулықтарда мотивациялық элемент аз.

Бесіншіден, қоғамдық және саяси қиындық. Идеологиялық талаптар – тарих, әдебиет сияқты пәндерде ұлттық мүдде мен ғылыми бейтараптық арасында тепе-теңдікті сақтауды қажет етеді. Ата-ана, мұғалім, ғалымдар тарапынан әрдайым сын айтылады. Оқулық нарығының экономикалық факторы назар аударуды қажет етеді. Оқулық бизнеске айналғандықтан, кейде сапа емес, мерзім мен пайда бірінші орынға шығып кетеді.

Оқулық тек мәтін жазу емес, ғылым мен білімді үйлестіру, әдістеме мен психологияны ескеру, ұлттық мүдде мен әлемдік стандартты ұштастыру, мемлекеттік талап пен шығармашылық еркіндікті тең ұстау. Сондықтан оқулық жазу – ең күрделі шығармашылық және ғылыми-педагогикалық жұмыс.

Сарапшы атап өткендей, мем­лекеттік сараптама, баспаның ішкі топтары, респуб­ликалық комиссиялар оқу әдебиеттерінің стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады. Сонымен қатар сарапшылардың біліктілік деңгейі де сапалы оқулық жазудың басты критерийі болуға тиіс. Сарапшылар құрамында жаңартылған бағдарламаны түсінбейтін мамандар да кездеседі.

«Мектепте жұмыс істемеген, оқушы психологиясын меңгермеген, сабақ бермегендер авторлыққа жарамайды. Кей жағдайда автордың жазғанын түсінбейтін сарапшы жақсы жазылған оқулықты жарамсыз етеді. Көбіне оқулықтарды авторлар тобы дайындайды: ғалым + әдіскер + тәжірибелі мұғалім. Қазақстанда оқулық шығару нарығында негізінен «Мектеп», «Атамұра», «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Келешек», «Жазушы», т.б. ірі баспалар белгілі. Олардың оқулық шығарудағы пайдасы да, зияны да бар. Ірі баспалардың арқасында оқулықтар уақтылы шығады, сапалы басылады, цифрлық нұсқалары да бар екені рас. Алайда еліміздегі оқулық шығару нарығында монополиялық жағдай сапаға емес, пайдаға көп көңіл бөлініп жатқаны қынжылтады. Бұл күнде монополияға ұмтылу басымдығынан бірнеше баспа нарықты бөліп алғаны айқын көрініс беріп отыр. Кейде бас­ты мақсат – оқулықты тез шығару, мемлекеттік тапсырысты алу болады да, сападан бұрын мерзім мен қаржылық тиімділікке көңіл бөлініп кетеді. Оның зияны авторларға тиеді. Шығармашылық еркіндікке ие болмайды, көбіне баспаның дайын үлгісі бойынша жұмыс істейді. Монополияның басымдығы қоғамдық пікірді ескермейді. Мұғалімдер мен ата-аналардың шағымы көп болғанымен, ірі баспалар оны әркез ескере бермейді. Оқулықтағы қателіктердің қайталануы, тіпті, бір баспаның оқулығынан шыққан қателер бірнеше жыл бойы түзелмей жүре беретіні қалыпты жағдайға айналғандай» дейді Мейрамгүл Барқазатқызы.

Сарапшы сондай-ақ оқулық жазатын авторларға жағдай формалды деңгейде жасалып отыр деген пікірде. Осылай деуінің де бірнеше себебі бар. «Автор өндірістен босатылмайды, кей жағдайларда жалақы төленбейді, тек оқулық әбден дайын болғанда ғана аздаған қаламақы беріледі. Еңбегіне қаламақысы сай емес. Негізгі жұмысының талаптарымен жүріп бағдарлама мен баспа талаптарынан асып шығармашылық ізденіске бара бермейді. Нақты шығармашылық, ғылыми еркіндік пен материалдық ынталандыру жетіспейді. Сол себепті көптеген автор өзін «оқулық жазушы» емес, «құрастырушы» ретінде көреді. Неге «құрастырушы» ұғымы басым болып кетті десек, мемлекеттік бағдарламаға тәуелді. Оқулық авторы емес, «құрас­тырушы» жағдайы қалыптасқан. Бір сөзбен айтқанда, баспа көп, алайда маз­мұны бірдей көп оқулық білім сапасын арттырмайды. Авторлар тобы ғалым, әдіскер, мұғалім, жазушы және дизайнер, ақпараттық құзыреттілік мамандарынан құралса игі. Оқулықты бақылау Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы немесе тиісті министрліктің құзырында болып, баспаларға дайын оқулықтың тиражы ұсынылуға тиіс», дейді сарапшы.

Ал оқулық сапасына авторларға шы­ғармашылық еркіндік берілгенде қол жеткізуге болады. Ол үшін оқулық дайы­н болған кезге дейін автордың айлығы сақталып, негізгі жұмысынан босатылғанымен, олар ұжымымен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі керек. Ал бұл ұсыныстарды орындау жауапты ведомствоның құзырында.

 

АЛМАТЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 13:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары