Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Мөлдір бұлақ экологиялық акция: Су ресурстары және ирригация министрлігі Болашақтың қайнары бастамасын көтерді

Мөлдір бұлақ экологиялық акция: Су ресурстары және ирригация министрлігі Болашақтың қайнары бастамасын көтерді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 28 бұлақта өткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ашып, қалпына келтірді. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылды, қоқыс жиналып, көшеттер отырғызылды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы Жалғызтал бұлағын тазалау жұмыстарына қатысты. Бұлақ Айша бибі ауылынан 16 шақырым жерде орналасқан.

Сондай-ақ «Мөлдір бұлақ» акциясы аясындағы іс-шаралар Жамбыл облысының Меркі, Сарысу, Шу, Талас, Рысқұлов, Байзақ және Қордай аудандарындағы жеті бұлақта өтті. Бұлақтарды тазалау жұмыстарына Су ресурстары және ирригация министрлігі мамандары, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының, Шу-Талас бассейндік инспекциясының және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер мен студенттер қатысты.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен Жамбыл облысында су саласындағы алғашқы еріктілер қозғалысы – «Болашақтың қайнары» құрылды. Оның қатарына Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттері қосылды. Осындай еріктілер топтарын еліміздің басқа өңірлерінде де құру жоспарланып отыр.

«Болашақтың қайнары» қозғалысы тек экологиялық акцияларға қатысумен шектелмейді. Белсенді жастар су үнемдеуді насихаттау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарға атсалысады.

«Бүгінгі іс-шараға еріктілер мен студенттердің қатысып отырғаны ерекше қуантады. Мемлекет басшысы еріктілер қозғалысына әрдайым ерекше көңіл бөліп, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалап келеді. Біздің министрліктің бастамасымен елімізде алғаш рет «Болашақтың қайнары» атауымен су саласының еріктілер тобы құрылды. Бұл жұмыстың Жамбыл облысынан басталуы Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің қайта ашылуымен тікелей байланысы. Алдағы уақытта бұл бастама Қазақстанның барлық өңірін қамтиды», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ведомствоға қарайтын ұйымдардың мамандары еліміз бойынша бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазалау жұмыстарын жүргізген болатын. Іс-шараға 4 мыңнан астам адам қатысып, 300 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Қазіргі уақытта «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 711 әлеуетті бұлақ анықталды. Қор және мұрағат материалдары негізінде 2772 бұлақты қамтитын карта жасақталды. Бұлақтар су ресурстары тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Наурыз 2026 15:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары