Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

Ең бастысы жұрт амандығы

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

Мұхиттың ар жағындағы маңызды мәжіліс Орталық Азия болашағына қалай әсер етеді

Мұхиттың ар жағындағы маңызды мәжіліс Орталық Азия болашағына қалай әсер етеді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Орталық Азия дипломатиясының жаңа формуласы

Кейінгі жылдары Орталық Азиядағы бес мемлекеттің алпауыт елдермен арақатынасы біршама жақсарды. Мұндай ілгері қадамға бірлесе әрекет ету моделі – «С5+1» форматындағы жиындардың үлесі зор. Әр мемлекет жеке-дара келіссөздерден гөрі тұтас аймақ ретіндегі ортақ ұстанымын білдіру әлдеқайда ұтымды екенін түсініп, тиімді жобаларға қол жеткізіп келеді. Бұған дейін «C5+1» форматында АҚШ, Ресей, Қытай, ЕО көшбасшыларымен мардымды мәміле жасалды, Орталық Азияның бизнес-форумдары тұрақты өтеді.

«C5+1» форматының нобайы бұрыннан болғанымен, биыл нақты платформа ретінде қалыптасқанына тұп-тура 10 жыл. 2015 жылы Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында АҚШ пен Орталық Азия елдері осы форматтың іргетасын қалады.

Алғашқы кездесу Барак Обаманың президенттігі тұсында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткізілді. Оған сол кездегі АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джим Керри қатысқан болатын.

Ал мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесу 2023 жылы бастау алды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден «С5+1» форматында Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшыларымен бірлескен келіссөз жүргізгенін ұмытпадық.

Фото: Ақорда

Осылайша, АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттерінің қарым-қатынасын жақсартуға және өңірлік интеграцияны нығайтуға бағытталған көпжақты диалог алаңы пайда болған еді. Жаңа платформада экономика, энергетика, экология және қауіпсіздік сияқты негізгі мәселелер тұрақты талқыланып отырды.

Есте болса, өткен жылы Алматыда «B5+1» халықаралық форумы өтті. Бұл – «С5+1» форматының бизнестегі көрінісі. Форумға Орталық Азия мен АҚШ-тан 200-ден астам маман жиналып, аймақтағы сауда, транзиттік және инвестициялық тетіктері қаралды.

Енді аталған өзгеріс екіжақты саудаға қалай әсер еткенін бағамдап көрейік. Экономикалық зерттеулер институтының дерегінше, «C5+1» форматы пайда болған 2015 жылдан бері Қазақстан - АҚШ тауар айналымында өсім тұрақты. Көрсеткіш 2015 жылы 1,9 млрд АҚШ доллары көлемінде болса, өткен жылы екі есеге өсіп, 4,2 млрд АҚШ долларына жеткен.

Инфографика: Kazinform

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Әлішер Тастеновтің айтуынша, АҚШ-тың Орталық Азиямен байланысы маңызға ие.

– АҚШ «С5+1» форматына өңірдегі мемлекеттермен байланыстың негізгі құралы ретінде қарайды. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Орталық Азия климаттың өзгеруіне қарсы күрес, энергетикалық және азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету, көлік-логистикалық даму тұрғысында ерекше аймақ саналады. Сол үшін осы тұғырнама шеңберінде қарым-қатынасты жандандыруға ниетті.

Тұтастай алсақ, АҚШ-тың өңірдегі саяси бастамаға үлес қосуы Қазақстанға инвестиция мен озық технологияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және ЕҚҚДБ секілді халықаралық қаржы институттарындағы америкалық саяси капиталды пайдалануға керемет жол, – дейді сарапшы.

Фото: Әлішер Тастеновтің жеке мұрағатынан

Қазақстан - АҚШ қатынасы

Биыл Ақ үй тізгінін Дональд Трамп ұстады. Әлемді саяси-экономикалық шешімдерімен дүр сілкіндірген саясаткер Орталық Азияның қалыптасқан сыртқы қағидаттарына қалай қарайды? Орталық Азия үшін «С5+1» форматы бұрынғыдай тиімді кеңес алаңы болып қала ма?

Жақында ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келіссөз жүргізгенін білеміз. Мәлім болғандай, америкалық тарап Қазақстанмен қауіпсіздік, технологиялық сектор мен аса маңызды пайдалы қазбалар саласында бірлескен коммерциялық жобаларды ілгерілетуге дайын.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің жетекші сарапшысы Али Мұхамбеттің пікірінше, Ақ үйдің жаңа басшысы Орталық Азиямен қарым-қатынаста осы салаларды негізге алатын секілді.

Фото: Али Мұхамбеттің жеке мұрағатынан

– Трамптың екінші президенттігі тұсында АҚШ Орталық Азиядағы басымдығын жоғалтты деген ой жиі айтылады. Алайда соңғы оқиғалар бұл пайымды жоққа шығарып отыр. АҚШ-тың Орталық Азия өңіріне деген қызығушылығы артуы Қазақстан мен өңір елдерінің әлі де стратегиялық маңызы барын көрсетті. 

Трамп әкімшілігінің сыртқы саяси тәсілі АҚШ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық форматына өзгеріс алып келеді. АҚШ-тың халықаралық қатынастарды трансформациялауы экономикалық алыс-берісті тереңдетуге итермелейтіндей, – деді Али Мұхамбет.

Еліміз «С5+1» форматын экономиканы әртараптандыру үшін пайдалана алады. Әсіресе инвестиция тартуға қолайлы орта болмақ. Али Мұхамбеттің сөзінше, АҚШ-та өтетін саммитте ауыл шаруашылығы, логистикалық инфрақұрылым, жоғары технология мен минералдық ресурстарды өңдеу салаларына инвестор табылуы ықтимал. Бұл өз кезегінде экономиканы өрістетуге серпін беріп, мемлекеттік бюджеттің көмірсутек секторына тәуелділігін төмендетеді.

АҚШ инвестициясы экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік бере ме?

Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, 1993 жылдан бері АҚШ-тың Қазақстанға салған тікелей инвестициясының жалпы көлемі 61 млрд доллардан асты. Қаржының басым дені мұнай-газ саласына бағытталған. Сарапшылар қос мемлекеттің сауда айналымындағы мұнай-газ өнімдерінің үлесі әзір азаймайды деген ойда.

– Сөзсіз, мұнай-газ саласы қос тараптың басты экономикалық мүддесіне сай келеді әрі маңызды сауда өнімі қатарынан түсуі қиын. Алайда әлемдік экономиканың трансформациясы мен технологиялардың дамуы қазақстандық-америкалық тауар айналымына өзгеріс енгізері анық. Ең алдымен, аса маңызды минералдар мен логистикалық инфрақұрылым саласында жобалар болатын сынды.

Стратегиялық рөлі жағынан жаһандық деңгейге шыққан Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (Орта дәлізді) одан әрі дамыту ерекше бақылауға ие болады. Неге десеңіз, Қазақстан өңірде жетекші орынға ие, Орталық Азияға тартылған инвестицияның 60%-дан астамы бізге тиесілі. Ал АҚШ-тың Қазақстанға одан әрі инвестиция көлемін көбейтуі Орталық Азиядағы көлік-транзит және басқа да секторларға қосымша қаржы тартуға итермелейді, – деп атап өтті Али Мұхамбет.

Кейінгі 20 жылда АҚШ-тың Қазақстанға салған тікелей инвестициясы 51,8 млрд доллар болды, соның 96,4 пайызы тау-кен өнеркәсібіне және кен орындарын қазуға жұмсалған.

Инфографика: Kazinform

Екіжақты саудада шикізаттың салмағы зор. Бұл – бұрыннан сақталған үрдіс. 1993 жылы АҚШ-тың «Chevron» мұнай компаниясы «Tengiz Chevroil» бірлескен кәсіпорнын құрып, алғашқы ірі инвестор болды. Кейін Exxon Mobil келді. Қазір екі америкалық компанияның отандық мұнай өндірісіндегі үлесі - 47 пайыз.

Елден шыққан мұнай халықаралық нарыққа екі негізгі экспорттық құбыр арқылы жетеді: Каспий құбыр консорциумы (КҚК) және Атырау-Самара бағыты. Украина-Ресей қақтығысына байланысты алғашқы бағыт (КҚК) біршама кедергіге ұшырап келгенін көріп жүрміз. Мұнай тасымалының кідіруі АҚШ компанияларына да, Қазақстанға да айтарлықтай бас ауруға айналды. Сондықтан сарапшылар алдағы саммитте балама сауда жолы талқылануы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы Әлішер Әбдрешевтің сөзінше, АҚШ үшін жоғары технология және қорғаныс саласына қажетті стратегиялық маңызды ресурстардың тапшылығын болдырмау керек. Сол себепті, Астана мен Вашингтон көлік-логистикалық дәліздерді, цифрландыру жобаларын ілгерілетуге мүдделі.

Фото: ҚСЗИ

– Еуропа мен Азияны жалғайтын жер райы Қазақстанды маңызды транзиттік хабқа айналдырып отыр. Теңізге тікелей шығу мүмкіндігіміз болмағанымен, Орталық Азиядағы басты логистикалық хаб мәртебесін нығайтуға мүмкіндігіміз бар. Қазірдің өзінде кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Мысалы, Ақтау және Құрық порттарын жетілдіріп жатырмыз. 2030 жылға қарай олардың өткізу қабілеті 130 млн тоннаға дейін артады. Бұдан басқа, 2030 жылға қарай Орта дәліздің өткізу қуаты 10 млн тоннаға дейін көбеймек. Қытай (Сиань) – Қазақстан (Достық, Алтынкөл) – Ресей (Селятино) транзиттік бағытын цифрландыруға күш салып келеміз, – деді Әлішер Әбдрешев.

Қазіргі таңда Қазақстанда АҚШ капиталының қатысуымен 700-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ірі америкалық компаниялар – Chevron, ExxonMobil, Pfizer, General Electric, Wabtec – мұнай-газ, фармацевтика, энергетика және машина жасау салаларына үлес қосып жатыр.

Коллаж: Kazinform / Wikipedia / Canva

– Экономиканы әртараптандыруда АҚШ-тың технологиялық инфрақұрылым, стартап-экожүйе мен ауыл шаруашылығын цифрландыру тәжірибесін игерген жөн. Ақ үй қаржы капиталын ғана емес, цифрлық ортаны қалыптастыру мен оны оңтайландыру жолын ұсынуға қабілетті. Бұл Қазақстан үшін инновациялық салаларды (AI, қаржы технологиялары) дамытуға жәрдемдесер еді. ІТ мамандарды даярлау және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен бағдарламаларды іске асыру да маңызды бағыт болып отыр, – деп толықтырды Али Мұхамбет.

2025 жылдың І тоқсанында елдегі тікелей шетелдік инвестиция көлемі шамамен 6,6 млрд долларға жеткен болатын – өткен жылғы көрсеткіштен 6,2 пайызға жоғары. Осы санатта АҚШ негізгі шетелдік инвесторлардың біріне айналып, энергетика мен өндіріс секторындағы позициясын сақтап келеді.

Талқы тақырыбы

Сонымен, «С5+1» саммитінде экономикалық талқы қызатын түрі бар. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Әлішер Тастеновтің сөзінше, Вашингтонда экономикалық серіктестік, энергетикалық ынтымақтастық, цифрлық даму мен көлік-логистика жайы қаузалмақ.

– Қазақстан үшін саммитке қатысу АҚШ-пен ұзақ мерзімді стратегиялық диалог қалыптастыруға септеседі. Оған қоса жасыл энергетика, аса маңызды пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу ісі сөз болатыны анық. Орталық Азиядағы инфрақұрылым мен инновацияға инвестицияларды тартуға да ерекше назар аударылады, – деп болжады сарапшы. 

Коллаж: Kazinform / Canva / Pixabay

Ал сарапшы Али Мұхамбет цифрлық индустрия және ЖИ технологиялары саласындағы келісімдер орнайтынына сенімді. Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығының Apple, Google секілді алпауыттармен бірлескен жобаларының саны артуы мүмкін. Мұның сыртында Astana Hub цифрлық экожүйесіне жаңа мүмкіндіктер есігі ашылатын секілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

18 Маусым 2026 23:29see141

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

18 Маусым 2026 22:08see126

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

18 Маусым 2026 22:19see123

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

18 Маусым 2026 22:20see121

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

19 Маусым 2026 14:57see120

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

18 Маусым 2026 22:19see120

Ең бастысы жұрт амандығы

19 Маусым 2026 10:39see120

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

19 Маусым 2026 11:18see119

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

19 Маусым 2026 18:35see119

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

19 Маусым 2026 14:01see119

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

19 Маусым 2026 10:37see118

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

18 Маусым 2026 23:29see117

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

19 Маусым 2026 10:45see117

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

18 Маусым 2026 23:28see117

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

19 Маусым 2026 12:54see117

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

18 Маусым 2026 23:31see116

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

19 Маусым 2026 10:27see116

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

18 Маусым 2026 23:31see115

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

19 Маусым 2026 15:15see114

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

18 Маусым 2026 22:56see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары