Мүлік салығын 1 қазанға дейін төлемегендерге қатысты жағымсыз ақпарат тарады
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанда 2025 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Салықты 2026 жылғы 1 қазанға дейін төлеу қажет болды.
Мүлік салығын пәтер, тұрғын үй, саяжай, гараж, автотұрақ орны және басқа да салық салынатын жылжымайтын мүлік иелері төлейді.
Төлем мерзімі өткеннен кейін өтелмеген сома салық берешегі болып есептеледі. Оған белгіленген тәртіппен өсімпұл есептелуі мүмкін.
Мүлік салығының сомасын e-Salyq Azamat қосымшасындағы «Алдағы төлемдер» бөлімінен, коммуналдық төлем түбіртектерінен немесе банктердің мобильді қосымшаларынан тексеруге болады.
Заңнамада бірқатар санатқа мүлік салығы бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Олардың қатарында ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар және бөлек тұратын зейнеткерлер бар. Ал жетім балалар мен 18 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мүлік салығынан толық босатылады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 15:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















