Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

​ Мүмкін болса көшіңіздер : эколог Лаура Мәлікова Атырау тұрғындарына үндеу жасады

​ Мүмкін болса көшіңіздер : эколог Лаура Мәлікова Атырау тұрғындарына үндеу жасады

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

фото: instagram/laura.malikova_ecolog

Атыраудағы бірнеше күн бойы ауадағы өткір иіс пен ластануға қатысты шағымдардан кейін эколог Лаура Мәлікова денсаулыққа келетін зиянды қалай тіркеу керегін, биліктен нені талап етуге болатынын және неге кішкентай балалары бар отбасыларға көшу мүмкіндігін қарастыруды ұсынатынын айтты.

10 қыркүйек күні тәжірибеші экологтар қауымдастығының төрайымы, эколог, заңгер Лаура Мәлікова Атырау халқына арналған үндеу жасады. Ол Атыраудағы ауаның күрт ластануы мен күкіртсутектің таралуына байланысты өзіне атыраулықтардан да көптеген хат келіп жатқанын алға тартып, заң аясында құқық қорғаудың нақты қадамдарын түсіндірді.

Алдымен ол денсаулыққа келген нұқсанды тіркеп, сот арқылы компенсация талап ету қажет екенін атап өтті.

Маманның айтуынша, улы ауадан зардап шеккен кезде эмоцияға берілмей, заңды рәсімдеуге көшкен абзал.

«Енді бірінші кезекте мынандай жағдайда, әрине, міндетті түрде жедел жәрдем шақыру керек. Ол жаңағы денсаулыққа келген нұқсанды ресми түрде растау керек, одан кейін сотқа жүгіну керек және сот арқылы экологиялық кодекстің 132-бабына сүйеніп, осы жаңағы денсаулыққа келген зақымға компенсациясын талап ету керек», - дейді заңгер-эколог.

Экология кодексінің 132-бабында өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу қарастырылған. Алайда өтемақы талап ету үшін тек зиянның бар екенін ғана емес, оның ластаушы заттардың әсерімен себептік байланысын да дәлелдеу қажет.

Мәлікова өңірдің экологиялық міндеттемелерін қоғамдық бақылауға алуды ұсынды:

«Екіншіден, айтатын нәрсе, бұл мынау облыс деңгейінде экологиялық кодекстің 37-бабына сәйкес қоршаған ортаның сапасын күшейткіштері деген құжат болу керек. Атырау облысында ондай құжат бар. Ол құжатта осы жаңағы күкіртсутектің концентрациясы азаюы керек деп бес жылға жоспар қойылған. [облыс әкімі Болат-ред.] Ақшолақовтан сол жоспардың орындалуын талап етулеріңіз керек. Одан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытында орналасқан, соның балансына тиесілі мониторинг станциясында күкіртсутектің датчигінің болуын талап ету керек. Міне, осындай талаптарды қою керек», - дейді эколог.

АМӨЗ санитарлық-қорғау аймағы периметрінде қазірдің өзінде төрт автоматты ауа сапасын бақылау станциясы жұмыс істеп тұр. Олар газ анализаторлармен жабдықталған, оның ішінде күкіртсутекті анықтайтын құралдар да бар. Мониторинг нәтижелері «Қазгидрометке» жіберіліп отырады.

Болашаққа қатысты пікір білдірген Лаура Мәлікова қордаланып қалған экологиялық мәселелер тез арада шешілмейтінін ескертті.

«Жүкті әйелдер, баласы 3 жасқа дейінгі, тіпті 5 жасқа дейінгілер де, сіздерге айтарым, енді бұл 1 жылда, 1 мезетте шешіле салатын мәселе емес».

Ол нәрестелер мен аналардың өміріне араша түсу үшін өңірден уақытша көшуді ұсынды:

«Қостанай облысына көшсеңіздер болады немесе Шығыс Қазақстан облысының аудандарына көшсеңіз болады. Қостанай облысы негізі экологиясы таза болып есептеледі. Ол жақта газ қолданылады қысқа уақытта, сосын су бар өзеннің бойымен келетін, табиғаты жақсы. Сондықтан сіздерге кеңесім, Қостанай облысына көшу керек, қоныс аудару керек сіздерге».

Эколог ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға бақылау ерекше маңызды екенін бөлек атап өтті. АМӨЗ заңды тұрғыда ЖШС мәртебесіне ие болғанымен, оның 99,53% үлесі мемлекет бақылауындағы ұлттық компания «ҚазМұнайГазға» тиесілі. 

«Бүл мемлекеттік баланстағы мекеме болғаннан кейін, бізде мемлекеттік баланстағы мекемелерді қатты тексере қоймайды. Бізде айналып келіп ана жаңағы шетелдік компаниялардың үлесі бар ұйымдарды тексере береді, соларға айыппұл сала береді де, ал өзіміздің жаңағы мемлекеттік баланстағы мекемелерді дұрыс тексермейді. Ал экология деген ол бәріне ортақ нәрсе ғой»,- деп мәселені төтесінен қойды эколог.

Жаңа Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровқа да сын айтылды. Мәлікова 7 қыркүйектегі оқиғалар: сол түні Атырау тұрғындары ауа сапасының күрт нашарлауынан кейін жаппай өткір иіске шағымданданғанын, ал өлшеу құралдары бірнеше мәрте артық көрсеткіштерді тіркегенін айтты. Дәл сол күні қалада экологиялық және санитарлық қызмет өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

«7 қыркүйек бұл халықаралық таза ауа күні. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде атап өтіледі. Соған қарамастан, ешқандай ақпарат берген жоқ. Яғни, бұл масқара жағдай», — деді Мәлікова.

Кейін Мәлікова Атырау мен Өскемен тұрғындарына сөз арнады. Ол апаттық шығарындылар кезінде және денсаулық нашарлаған жағдайда міндетті түрде жедел жәрдемге жүгінуге шақырды. Осылайша азаматтардың жағдайы ресми түрде тіркеліп, кейін қажет болғанда дәлел ретінде пайдалануға мүмкіндік болады.

Мәлікова қоршаған ортаның сапасына қатысты мақсатты көрсеткіштер мен экологиялық түсімдердің жұмсалуын бақылау қажеттігіне бөлек тоқталды.

«Облыс деңгейінде „Қоршаған ортаның сапасының нысаналы көрсеткіштері“ деп аталатын құжатты талап етіңіздер. Бұл Экологиялық кодекстің 37-бабында қарастырылған. Сондай-ақ қоршаған ортаны ластағаны үшін жиналатын салық түсімдері тек экологиялық шараларға жұмсалуы тиіс», — деді Мәлікова.

Мәлікова атап өткендей, барлық өңірлер табиғатты қорғау жоспарларын бірдей орындап отырған жоқ. 

«Кейбір облыстар мүлде жоспар қабылдамаған, ал кейбірі бұл қаражатты бордюрлерге және басқа да мақсаттарға жұмсайды. Бұл мақсатсыз пайдалану. Сондықтан әкімдіктерден талап етіңіздер», — деді ол.

Сонымен қатар, эколог экологиялық айыппұлдардың қайда түсетініне тоқталды. 

Оның айтуынша, «унитарлы мемлекетте айыппұлдар республикалық бюджетке түсуі тиіс».

Заңнама бұл тұрғыда күрделірек: қолданыстағы Бюджет кодексіне сәйкес қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлемдер мен бірқатар экологиялық айыппұлдар ластаушы нысан орналасқан жер бойынша облыстық бюджетке түседі.

Мәлікова жаңа Экология министрінің жұмысына да қатаң пікір білдірді. Оның айтуынша, Тәжірибеші экологтар қауымдастығы министрмен кездесу туралы өтініш жолдап, жазылуды растағанымен, дәл сол күні кездесу кейінге қалдырылған.

«Мен қаттын таңғалдым, экология министрлері белгіленген кездесулерді кейінге қалдыратынын бірінші рет көріп отырмын. Маған ол тым менмен көрінеді, сондықтан президент мұндай адамдарды қайдан табатынына таң қаламын. Профильдік білімі жоқ, тәжірибесі де жоқ, соған қоса менмен сөйлейді. Сарапшылар қауымдастығына мүлде құрмет көрсетпейді», — деді ол.

Шынында да, Әлібек Қуантыровтың экологиялық сала бойынша арнайы білімі жоқ: оның оқу бағыты қаржы, экономика және лингвистикамен байланысты. Алайда министрлікке тағайындалғанға дейін ол мемлекеттік және басқарушылық қызметтер атқарған, соның ішінде Ұлттық экономика министрлігін басқарған.

Сөзін қорытындылай келе, Мәлікова тағы да тұрғындарға ауа сапасын бақылап, денсаулық нашарлаған жағдайда оны міндетті түрде тіркеуді ескертті.

«Өздеріңізді қорғаңыздар, AirKZ қосымшасын жүктеп алыңыздар, хал-жағдайыңызды тіркеңіздер және мүмкін болса, экологиялық тұрғыдан таза өңірлерге көшуді қарастырыңыздар», — деді ол.

Атыраулық отбасылардың көпшілігі үшін «жай көшіп кетуге» кеңес сырт көзге қарағанда әлдеқайда күрделі. Себебі қоныс аудару тек қаржылық шығындармен шектелмейді: жаңа үй табу, жұмыс іздеу, балаларға мектеп немесе балабақша қарастыру қажет. Бұған қоса, мәселе тек ақшада емес. Атырау мыңдаған адам үшін туған жері, әке-шешелері өмір сүрген, балалары өсіп жатқан шаңырақ.

Таза ауаға қол жеткізу тек жеке отбасының мүмкіндігіне тірелмеуі тиіс, бүл әр адамның құқығы, ол отбасының қаржысына немесе басқа өңірге көшуге шамасы бар-жоғына байланысты болмауы керек. Экологиялық дағдарыс әр отбасының жеке проблемасына айналмауы тиіс. Бұл — биліктің жауапкершілігі: адамдар ұрпағының қауіпсіздігі үшін туған қаласын тастап кетуге мәжбүр болмауы қажет.

Айнұр САПАРОВА

11 қыркүйек, 14:23

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:56
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 02:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары