Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Мұнай газ химиясы мен аграрлық сектордың өзара ықпалдастығы азық түлік қауіпсіздігін нығайтады

Мұнай газ химиясы мен аграрлық сектордың өзара ықпалдастығы азық түлік қауіпсіздігін нығайтады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекет басшысы Жолдауында KMG PetroChem («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы) мен CNPC компаниясы арасында Ақтөбе облысында карбамид өндіретін газ-химия кешенін салу туралы, құны бір миллиард АҚШ долларынан асатын келісім ерекше атап өтілді. Осыған орай, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы KMG PetroChem компаниясымен бірлесіп, карбамидті әртүрлі агроклиматтық аймақтарда қолдануға қатысты кешенді өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер жобасын алғаш рет іске қосты. Аталған жоба аясында «Ғылым академиясы және бизнес: инновациялық даму жолы» тақырыбында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі және ғылыми-өндірістік кеңес өткізілді. 

Бұл іс-шара ғылым мен өндірістің өзара ықпалдастығының, сондай-ақ бизнестің ғылыми зерттеулерге инвестиция салуы арқылы олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізудің нақты үлгісі болды. Талқылаулар барысында карбамидті қолдану тәжірибесі қарастырылып, отандық тыңайтқыш өндірісін дамыту перспективалары бағаланды, сондай-ақ мұнай-газ химиясы мен аграрлық сектордың өзара ықпалдастығы арқылы Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың негізгі бағыттары айқындалды. Осындай өзара іс-қимыл тетігі ғылым мен өндірістің тұрақты серіктестік моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл модельде мұнай-газ химиясы мен агроөнеркәсіп кешені азық-түлік тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында біртұтас синергияда әрекет етеді.

Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:

– отандық тыңайтқыш өндірісін дамыту және тұрақты шикізат базасын қалыптастыру;

– тыңайтқышты еліміздің әртүрлі өңірлерінде тиімді қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу;

– импортқа тәуелділікті төмендету және ішкі нарықты отандық карбамидпен қамтамасыз ету;

– карбамидті өндірістік сынақтардың нәтижелері мен олардың ғылыми бағамы;

– ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тәжірибесіне енгізу.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев: «Нарық конъюнктурасының жылдам өзгеріп отырған жағдайында қазақстандық бизнес үшін бағыт-бағдар табу барған сайын қиындай түсуде, әсіресе, климат, шикізаттың әлемдік бағалары мен логистикалық шектеулер сияқты сыртқы факторларға айтарлықтай тәуелді ауыл шаруашылығы саласында. Мұндай жағдайда ішкі түйсікке ғана сүйенген инвестициялар көбіне негізсіз әрі шығынды болып жатады. Сондықтан ғылыми верификацияны басты шарт ретінде айқындайтын жаңа басқарушылық парадигма қажет. Алдымен  стандартталған зерттеулер мен сынақтар, содан кейін индустриялық деңгейге дейін кеңейту. Дәл осылай әлемнің жетекші аграрлық экономикалары жұмыс істейді.

Бұл үдерістегі Ұлттық ғылым академиясының рөлі – жүйелі сипатта. Академия сыртқы кеңесші емес, ғылыми-индустриялық үлгінің сәулетшісі ретінде әрекет етеді. Капиталды көп қажет ететін жобаларды бастамас бұрын бизнес өз шешімдерін жүйелі ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік апробациялардың нәтижелеріне негіздеуі тиіс. Тек тәжірибе жүзінде дәлелденген деректер, экономикалық есептер мен болжау модельдері ғана стратегиялық инвестицияларды негіздеудің сенімді тірегі бола алады. Ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығы технологиялық және нарықтық тәуекелдерді барынша азайтып, тұрақты табыстылықты қамтамасыз етеді және Қазақстан экономикасына ғылым мен бизнестің қосатын үлесін арттыра түседі», – деді.

Ұлттық ғылым академиясы мен «KMG PetroChem» ЖШС арасындағы отандық карбамид өндірісін іске қосу жобасы шеңберіндегі ынтымақтастық – жаңа ғылыми-индустриялық үлгінің қалыптасуының айқын мысалы болып саналады. Академияның бұл үдерістегі рөлі жүйе құраушы сипатқа ие: ол тек кеңесші ретінде емес, ғылым мен бизнестің өзара байланысы мен тиімді іс-қимылының стратегиялық тұрғыдан негізделген моделін құрастыратын сәулетші ретінде әрекет етеді. Бүгінгі таңда академия негізгі аграрлық аймақтарда сынақтарды үйлестіруде. Атап айтқанда, бұл жұмыс А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (Ақмола облысы), Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (Алматы облысы), Қарабалық тәжірибе станциясының (Қостанай облысы) және «Наурыз» шаруашылығының (Ақтөбе облысы) базаларында жүргізілуде. Біртұтас әдістемелік негізде бақылау және тәжірибе нәтижелері, енгізу мөлшері мен мерзімдері, қолдану тәсілдері (негізгі және үстеп қоректендіру) салыстырылады, сондай-ақ топырақтың ылғал қоры мен жай-күйі ескеріледі. Сонымен қатар шаруашылық деңгейінде экономикалық есептеулер жүргізілуде: өнімділіктің өсу құны, өзін-өзі ақтау шегі анықталады. Зерттеулердің қорытындысы ретінде әр аймақ пен дақыл түріне арналған нақты ұсыныстар мен ашық регламенттер әзірленеді. Яғни «не істеу керек, қашан және не үшін?» деген сұрақтарға жауап беретін практикалық нұсқаулықтар қалыптастырылады.

Мұндай ғылыми-өндірістік ынтымақтастық барлық тараптар үшін өзара тиімді нәтижелер береді. Ғылым іргелі зерттеулердің нәтижелерін қолданбалы технологияларға айналдырып, елдің инновациялық және индустриялық дамуына қосатын үлесін арттырады. Бизнес – тәуекелдерді азайтып, тиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін ғылыми негізделген шешімдер мен ауқымдауға арналған «жол карталарын» алады; Мемлекет – қосылған құнның өсуіне, импортқа тәуелділіктің төмендеуіне және азық-түлік қауіпсіздігінің нығаюына қол жеткізеді. Ал аграршылар – өнімділікті арттыратын отандық тыңайтқыштар мен технологияларға қол жеткізеді. Жалпы алғанда, бұл өзара іс-қимыл ғылым мен өндірістің жаңа деңгейдегі интеграциясын қалыптастырып, Қазақстанның инновациялық-индустриялық дамуының берік іргетасын қалайды».

Өз баяндамасында «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасы Д.Диянов: «Қазақстанның аграрлық саласы үшін карбамид – жай ғана тыңайтқыш емес, ол өнімділікті арттырудың, жер ресурстарын тиімді пайдаланудың және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетігі болып саналады. Елде ауыл шаруашылығы әлеуеті зор болғанымен, минералдық тыңайтқыштарды қолдану деңгейі әлі де өте төмен. Қыркүйек айының басында ШЫҰ аясында CNPC компаниясымен карбамид өндіретін зауыт салу жөнінде негіздемелік келісімге қол қойылды. Бұл – жоба жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтайтын маңызды қадам. Жылына 800 мың тоннаға дейін тыңайтқыш өндіру қуатына ие зауытты іске асыру фермерлерді қолжетімді отандық өніммен қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтады және бүкіл агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты өсуіне берік негіз қалайды»

Отырыс жұмысына мұнай-газ және аграрлық бизнес өкілдері, отандық және халықаралық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттары мен жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен «KMG PetroChem» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын институционалдық тұрғыда нығайтудың және интеграциялық жобаларды дамытуға ұзақ мерзімді негіз қалау жолындағы маңызды қадам болып саналады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 18:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары