Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

Мұз бетіндегі мұң

Мұз бетіндегі мұң

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Күні кеше соңғы үмітіміз болған шорт-трекшілеріміз бен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жарыс жолын аяқтады. Бұған дейінгі талай жарыста жүйрік атанған шорт-трекшілеріміз биыл жүлдесіз қалды. Ал Софья қызымыз өз нәтижесін жаңартып, үздік ондыққа  табан тіреді.

Шорт-тректе шегініс бар ма?

Олимпиаданың алғашқы күн­дері­нен бастап шорт-трекшілеріміз жаппай құлады. 1000 метр қашық­тықта Денис Никиша бастаған топ мәре сызықтарына бірінші болып келе алмады. Оның бір себебі отан­дас­тырымызға бұл қашықтықтың оң жамбасына келмеуі. Иә, спортта икемге келетін бағдарламалар бар. Бір спортшылар барлық бағдар­ламада үздік болса, енді бірі тек өзі­не сай, дайындығы тек осы бағдарламаға құрылған болады.

Ал келесі 500 метр қашықтықта ел намысын Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев қорғаған еді. Ширек финалда Денис Никиша өз жарысында үшінші болып мәреге жетсе де, келесі айналымға жол­дама алды. Ережеге сәйкес, жарты­лай финалға өз тобында алғашқы екі орын алған спортшылар, сон­дай-ақ үшінші орын иеленгендер арасынан уақыт көрсеткіші ең үздік екі шорт-трекші өтеді. Уақыт нәтижесінің арқасында Никиша келесі кезеңге жолдама алды.

Жартылай финалда Никиша екінші топта сынға түсті. Алайда бұл кезеңде төртінші нәтиже көр­сетіп, А финалына өте алмады. Ереже бойынша А финалына шығу үшін спортшы өз жартылай финалында алғашқы екі орынның бірін алуы немесе үшінші орын ие­гер­лері арасында үздік уақыт көрсетуге тиіс болатын. Осылайша, қазақстандық спортшы В фина­лында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

В финалында 6-10-орындар сарапқа салынды. Шешуші жарыс­та Никиша екінші нәтиже көрсе­тіп, жалпы есепте жетінші орынға тұрақтады.

Бұл қашықтықта алтын жүлде­ні канадалық Стивен Дюбуа жеңіп алса, нидерландтық Мелле ван’т Ваут пен Йенс ван’т Ваут жүлделі орындардан көрінді.

Ал Абзал Әжіғалиев ширек финалда бесінші болып, жарыс жолын аяқтады. Осылайша, Қа­зақ­стан құрамасының көшбас­шысы Денис Никиша Олимпиада­ны жетінші орынмен аяқтаса, Абзал Әжіғалиев 500 метрлік бағ­дар­ламада ширек финалға дейін жетті.

Спорт журналисі Руслан Ме­дел­бектің айтуынша, спортшы­лары­мызға қойылған мақсат орын­далмады.

– Қазақстан шорт-трекшілері­нің соңғы Олимпиададағы нәти­жесі 2014, 2018 және 2022 жылдар­мен салыстырғанда төмен екені анық байқалады. Біріншіден, Қазақ­стан құрамасы 2014 жылдан бері Олимпиада ойындарында 5000 метрлік эстафетаға жолдама ала алмай келеді. Бұл бәсекеге әлемнің ең үздік сегіз құрамасы ғана қаты­сады. Салыстырып қарасақ, 2014 жылғы Олимпиадада Қазақстан 5000 метрлік эстафетада А фина­лына дейін жеткен еді. Ал 2018 жыл­ғы Олимпиадаға 500, 1000, 1500 және 5000 метр қашықтықтарының барлығына спортшылар апарылды. Екіншіден, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында 1500 метр қашықтық­та финалға дейін жеткен Әділ Ғалиахметов бұл жолы Олимпиада­ға мүлде қатыса алмады. Яғни, көш­басшылардың бірі қатардан тыс қалды. Бұл команда алдындағы стратегиялық мақсаттардың толық орындалмағанын білдіреді, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қазір құрама­да жас спортшылардың дәурені келе жатыр.

– Қазір ұлттық құрамада буын ал­масу процесі жүріп жатыр. Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша үшін бұл соңғы Олимпиада болды. Енді Әділ, Мерсаид, Дінмұхамед, Зей­неп, Алина, Богдан сынды жас спортшыларға үміт артылады. Ізбасар жоқ емес, бар. Шорт-трек­тен мықты спарринг қарсылассыз, ішкі бәсекесіз нәтиже күту қиын. Мәселен, Нидерланд, Канада, Корея, Қытай, Италияда бірнеше құрам жұмыс істейді. Ішкі бәсеке өте жоғары. Спортшылар бір-біріне тұрақты спарринг болып, деңгейін үнемі көтеріп отырады. Қазақстанға дәл осы ішкі бәсеке жетіспейді. Құрама ішінде тартыс болмаса, халықаралық аренада медаль үшін күресу де қиындайды. Олимпиада жүлдесі – тек жеке шеберліктің емес, жүйелі дайындық пен ішкі бәсекенің жемісі. Ал бұл бағытта әлі де атқарылар жұмыс көп, – дейді Руслан Меделбек.

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Олимпиададағы жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезілгенін тілге тиек етті.

– Басты мақсатым осы қашық­тықта финалға дейін жетіп, жүлде алу еді. Мен әр Олимпиадаға ме­даль үшін барамын. Бұл жолы оңай болған жоқ. Соған қарамастан, бар­лық іріктеу кезеңдерінен өтіп, ел намысын абыроймен қорғадым деп ойлаймын. Бұл – менің төртін­ші Олимпиадам. Әр додада қазақ­стандық жанкүйерлерді қуантуға тырыстым. Өкінішке қарай, бұл жолы ол мақсатқа жете алмадым.

Сондай-ақ жанкүйерлердің қол­дауы ерекше сезілді. Қазақ­стандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алтын алғаннан кейін, шорт-тректен де көпшілік медаль күтті. Дегенмен қолым­нан келгеннің бәрін жаса­дым. Осы спорттың елі­мізде дамуына өз үлесімді қостым деп санаймын. Еңбек еттім, ха­лықара­лық жарыс­тар­да жеңіс­ке жеттім. Қазақ­станда да мықты шорт-трек­шілер бар екенін дәлел­дедім деп ойлаймын, – деді Абзал Әжі­ғалиев.

Софьяның жаңа белесі

Төртжылдықтың бас­ты додасында Миха­ил Шайдоров бөркімізді ас­панға лақтыртып еді. Енді Миша­ның ізін жалғап Софья Само­делкина да өз өнерімен көпті тәнті етті. Қайсар қызымыз өз нәтижесін жаңартып, Олимпиада алдында қойған мақса­тын орындады.  Отандасымыз осы жарыста бар күшін салғанын ай­тып, жанкүйер­лерге ыстық лебізін жеткізді.

– Қазіргі деңгейіме сай өнер көрсеттім. Дайындаған бағдарлама­мды толық орындадым. Сон­дықтан өте бақыттымын.

Жанкүйерлердің қолдауы өте керемет. Әр жарыста соған қайта-қайта таңғаламын. Әлеуметтік желілерде Қазақстаннан арнайы ұшып келіп, қолына ту ұстап, мені қолдаған адамдардың бейнежазба­ларын көріп жүрмін. Тіпті тәтем мен немере ағам мені қолдау үшін Германиядан арнайы келді.

Әрине, мұндай қолдау үлкен күш береді. Саған қол соғып, сол энергияны сезінгенде, өзіңді еркін ұстайсың. Сондықтан баршаңызға алғысымды білдіріп, көп рақмет айтқым келеді.

Олимпиадада өнер көрсетуді бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын. Әсіресе, еркін бағдарламадан кейін көңілің толқып, жүрегің алып-ұшып тұрады. Осында жүр­геннің өзі – зор бақыт, ал бәрі ойда­ғыдай болғанда қуанышың тіпті еселене түседі. Менің арманым орын­далды деп айта аламын. Бар­ша адамға армандап, сол арманына сенуді тілеймін. Сол кезде ол мін­детті түрде орындалады, – дейді Софья Самоделкина.

Ол жарыс барысында қысқа бағдарламадан кейін 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шеші­мімен 138.99 ұпай жинады. Қос бағ­дарлама қорытындысы бойын­ша 207.46 ұпай еншілеп, жеке рекордын жаңартты. Нәтижесінде, қазақстандық спортшымыз үздік ондықты қорытындылады.

Ал қарсыластарымыз Алиса Лью (АҚШ) 226.79 ұпаймен алтын медаль жеңіп алса, екінші орынды Каори Сакамото (Жапония) ие­ленді. Ами Накаи (Жапония) 219.16 ұпаймен қола медальға ие болды.

Спорт журналисі Руслан Ме­дел­бек Софьяның өнеріне өз баға­сын берді.

– Софья Самоделкина бұл жа­рыста өз мүмкіндігінен де жоғары деңгейде өнер көрсетті деуге толық негіз бар. Бұған дейін Гран-при кезеңдерінің бірінде күміс жүлде иеленгенде қос бағдарлама қоры­тындысы бойынша 200 балл жина­ған еді. Ал бұл жолы нәтижесін 207 ұпайға дейін жақсартты. Бұл – спортшының техникалық та, ком­поненттік те өсімін көрсететін өте жақсы көрсеткіш. 

Соған қарамастан, жүлдеге таласу қиынға соқты. Себебі басты қарсыластарының мұздағы техни­ка­лық элементтері де, бағдарлама­ның көркемдік компоненттері де жоғары бағаланды.  Жалпы алғанда, Олимпиада ойындарында үздік ондыққа ену – аса жоғары нәтиже. Әлемнің мықтылары жиналған додада топ-10 қатарына кірудің өзі үлкен жетістік екені сөзсіз, – дейді спорт журналисі Руслан Меделбек.

Қорыта айтқанда, өтіп жатқан Олимпиада біздің қысқы спорты­мыздың ахуалын айқын көрсетіп отырғандай. Шорт-тректе бұрынғы жылдардағыдай ауқымды нәтижеге қол жеткізе алмасақ та, басқа да мүмкіндіктерге жол ашылып жатыр. Оның бір дәлелі Софьяның жеке рекордын жаңартып, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетуі. Шорт-тректе жас буын қалыптасып келеді. Яғни, нәтиже көңіл көншітпеген тұстар болғаны­мен, толық тоқырау туралы айтуға негіз жоқ.

Әсет ҚАЛИ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 09:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

05 Шілде 2026 20:03see118

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

05 Шілде 2026 17:28see112

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

06 Шілде 2026 21:06see108

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

05 Шілде 2026 11:41see105

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

05 Шілде 2026 10:52see102

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

06 Шілде 2026 20:04see102

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

06 Шілде 2026 17:07see101

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

06 Шілде 2026 01:02see101

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

05 Шілде 2026 21:01see100

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

05 Шілде 2026 21:38see99

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

05 Шілде 2026 09:33see98

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

05 Шілде 2026 19:12see97

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

06 Шілде 2026 11:45see97

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

06 Шілде 2026 18:10see97

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

05 Шілде 2026 09:26see96

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

06 Шілде 2026 18:43see96

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

05 Шілде 2026 15:56see95

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

06 Шілде 2026 22:35see95

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

05 Шілде 2026 13:55see94

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

05 Шілде 2026 13:27see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары