Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Құм басқан жер, мұң шаққан жұрт

Құм басқан жер, мұң шаққан жұрт

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Аспантау аясындағы ауыл тұрғындарының дені малды кәсіп қылып, жерден нәпақасын теріп, жан бағады. Шабындық жерлерден мал азығын дайындайды, дәнді дақылдар мен көпжылдық шөп, картоп егеді. Жер болса, жекенің меншігінде. Қырық құрақ қып «қиып» алған ұлтарақтай жерін күтіп-баптап, одан мол әрі сапалы өнім алу оңайға соқпайтыны белгілі. Себебі қыс ұзақ, көктем кеш келетін таулы өңірдегі суармалы жерлердің жанға батар түйінді мәселесі жылдар бойы шаруалардың жанайқайына айналғанын айтып, Райымбек ­ауданында туып-өскен, осы өңірдің өркендеуі жолында табан тоздырып, маңдай терін сіңірген зейнеткер, «Жаса» шаруа қожалығының жетекшісі Есен Қонаев ақсақал редакциямызға хат жолдады.

Суретте: байырғы Байынқол өзені мен тозығы жеткен каналдар, міне, осындай.

Автордың айтуынша, Райым­бек ауданында суармалы 40 мың га жер бар. Соның 50 па­йызға жуығына, тарқатсақ, Текес ауылдық әкімдігіне 6000 га, Жам­был ауылдық әкімдігіне 5000 га, Нарынқол ауылдық әкім­дігіне 4500 га, Тегістік ауылдық әкім­дігіне 2000 га, барлығы 17500 га алқапқа су Байынқол өзені­нен беріледі екен. Оған «Қаз­СуШаруашылығына» қарасты аудан­дық су шаруашылығы меке­месі жауапты.

«Хан-Тәңірі шыңынан бастау алатын өзен суымен күн қызып, мұз­дықтар еритін маусым-шілде айларында құм ағады. Жердің құнарын кетіретін, еш­теңеге жарамайтын ­құм. Ол топы­рақпен араласып, цемент тәрізді қата­ды. Содан топырақ қопсу қасиетін жоғал­тып, өнімділігі азаяды»,  деген хат иесі өзіне тиесілі 10 га жерді құмнан тазартуда аз тер төкпегенін тілге тиек етті.

«Меншігімдегі Нарынқол ауыл­дық әкімдігіне қарасты Қызылұш учас­кесіндегі 15 га жердің 10 гектарына су Байынқол өзенінен беріледі. Суару кезінде танаптағы су жүретін арықтар құмға толып, оны күнде қолмен тазалау – азаптың азабы. Арық тазалайтын трактор су жүрген жермен жүре алмай, батып қалады. Сондықтан оны қолмен тазартудан басқа амал жоқ. Құмды қол арба, ат арбамен шығарып әлек боламыз. Бұл азаптан жылда қиналғаннан кейін 2019 жылы судың егін танабына кіретін жерден экскаватор жалдап, тереңдігі 2 метр, ұзын­дығы 5 метр, ені 3 метр апан қазды­рып, суды сол жерге құлатып, тұн­дыру арқылы суардым. Содан екі жыл бойы су жүретін арықтарды тазалау азабынан да құтылдым. Үшінші жылы жаңағы тоспа құмға толып кеткен соң, экскаватор, 20–30 тон­налық самосвал жалдап, ақы­сын төлеп, тазалаттым», дейді Е.Қонаев.

Тоспадан 4 «КамАЗ» құм шығар­ғанын, оның әрбірі орта есеппен 20–25 тоннадан болғанда 100  тоннаға жуық құм екі жылда ғана шөгіп қалғандығын айт­қан ақсақал мұның ауыл шаруа­шылығына ғана емес, экологияға орасан зор қаупі барын айтып, дабыл қағып отыр.

«Байынқол өзенінен су алып жат­қан мыңдаған шаруа қожа­лығының барлығы тоспа жасап, оны құмнан тазалай ала ма? Ол құмды қайда апарады? Негізінен судың таза болуына су шаруашылығы мекемесі жауапты ғой. Онсыз да жыл сайын судың бағасы еселеп өсіп отыр. Шаруалардың суға төлеген ақысы құмға сіңіп, далаға кетіп жатыр», деп күйінген Е.Қонаев бұл өзекті мәселеге Су ресурстары және ирригация  министр­лігі баса назар аударса деген тіле­гін жеткізді. Бұл – бүгіннің ғана емес, келешектің қамы екенін, сондықтан мәселенің түйінін тарқатуға Ауыл шаруашылығы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі де атсалысуы керек дейді ол. Өйткені аудандағы 100 жылдық тарихы бар суармалы жерлерден алынатын өнім таулы өңірдің 20 мың халқын асырап қана қоймай, сонымен қатар Алматыға жеткізілетін брендтік «Нарын­қол картобының» 90 пайызы ­осы өңірде өсірілетінін алға тарт­қан ақсақал, осылай құм баса берсе, қара жер құнарын жоғал­тып, келешекте өнімсіз қалады деген жанайқайын жеткізді. Көзге көріне бермейтін қауіптің салдарынан жыл сайын өнім сапасы  мен өнімділік көрсеткіші де төмендеп отырғанын тілге тиек етті. Экологиялық апаттың алдын алып, жер құнарын сақтаудың жалғыз жолы тоспа жасау деген ой түйеді.

«Болашақта Үкіметтің көме­гімен үлкен тоспа салынса деген ұсынысым бар. Оған ыңғайлы табиғи орын да табылып тұр. Жамбыл ауылдық әкімдігінің Қаратоған елді мекенінде «Тас­төбе» атты қыстақтың тұсында Байынқол өзені қысылып өтеді. Тап осы жерден бөгет салы­нып, су сүзгіден өтсе, барлық суармалы жерге таза су баратын еді. Дақылдарды суару қыркүйек айы­ның ортасында аяқтала­ды. Күн суытып, мұз қатқанша тоспадағы құмды өзінің арнасымен ағызып жіберіп, келесі жазға бөгетті даярлап қоюға болады. Бөгеттің екі тиімді тұсы бар. Оның алғашқысы – тос­па­да жиналған сумен сәуір-ма­мыр айларында көпжылдық шөп пен дәнді дақылдар жеткілікті мөлшерде суарылса, мамырдың соңына қарай картоптың алғаш­қы суаруына құмнан тазарған су беріліп, суару жұмыстары реттелер еді. Бұл өз кезегінде өнім сапасының жақ­сарып, өнімділіктің артуына ықпал етеді»,  дейді зейнеткер.

Өйткені көктемнің осы екі айын­да Байынқол өзенінде су деңгейі тө­мен­деп, егістіктерге жетпей қалатын кө­­рінеді. Су ша­руашылығы бұл айлар­да су бе­руді тоқтатып, кейінге қал­­ды­ру салдарынан суару мерзімі ке­шіктіріледі. Күн жылынып, қар ери бас­тайтын маусым айында ғана өзен суы көбейетіндік­тен, көктемнің алғашқы екі айында су ішетін дақыл­дар маусым айына қабат келіп, су беру режімі бұзылып, дәнді дақылдарға су кеш берілетіндіктен, шөптің түсімі екі есе азайып, арпа-бидай өнімі 11–12 центнерге төмен­деп кетке­нін нақ­ты ­мысалдармен әңгі­меге арқау етті. Ал күн қызып, шың­дағы мұздықтар ерігенде Байынқол өзені қойтастар­ды ағызар­лық екпін алып, салдары­нан етектегі шаруалардың жеріне құм ағызған су келіп, жер зардап шегіп жатқанын тәптіштей түсіндірді. Өзі­нің туған өлкесінде агроном маман­дығы бо­йын­ша талай жыл тер төккен ­еңбек ар­дагері Есен Қонаев ақсақал жасы ­80-нен асса да, ауылдың тыныс-тіршілігі­нен қол үзбей, оның бүгіні мен ертеңіне алаңдайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың әр Жолдауында айтылатын ше­каралы аймақтарды нығайту, ауыл­шаруашылық сала­сын жандандыру, суармалы жер­лерді тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларының орындалуына, экономиканы өркендетуге өзіндік үлесін қосып, сергектік танытып отырған қарияның бұл ұсыныс-тілегіне құзырлы органдар құлақ түріп, өзекті проблеманың аяқсыз қалмай, шешім табуына атсалысар деген үміттеміз.

Редакцияға хат жазған Есен Қонаев ақсақал көтеріп отыр­ған мәселе­нің мәнісін «Алматы­обл­сушар» шаруа­шылық кәсіп­орнының аудандық су шаруа­шы­лығы бөлімшесі мен ауыл әкімінен  сұрап білдік.

«Нарынқол аумағында суару жұ­мыс­­тарының қиын­дығы бар. Хатта айтылған мәселені түбегейлі шешу үшін қандай да бір тәсілді (құмды тосатын тоспа салу) қарас­тырып жатырмыз. Осы жұмысты іске асыру мақсатында, жобалық сметалық құжаттарды дайындау үшін облыстық су ресурстары және ирригация басқармасына өтініш хат жолданады. Бұл мәселе бізді де мазалап жүргені рас. Шекаралық аймақтарды нығайту үшін халықтың әл-ауқатын жақ­сартуды Президентіміз де атап айтқан еді. Сон­дықтан аталған мәселені шешуге нақ­ты іс-шара­лар қолданылатынын хабар­лаймыз», дейді «Нарынқол» өндірістік бөлімшесінің басшысы Саят Алпысбаев.

Жамбыл ауылдық округінің әкімі Роман Қойлыбаев та ауылға тос­па салу туралы бастаманы қол­дап, әкім­дік тарапынан бірнеше рет ұсыныс біл­дірілгенін айтты.

«Байынқол өзені тасыған кезде құм айдайды. Соның салдарынан егістік алқаптың бәрін құм басып жатыр. Оның үстіне су шаруашылығы суды ерте көктемде бермей, су тасығанда береді. Оның да зардабы тиіп отыр. Суды ерте беру керегін айтып шырылдағанмен, нәтиже жоқ. Былтыр да, биыл да су кеш берілді. Округте 250 шаруа қожалығы болса, оның әрбірінде кемінде 5-6 гектардан жер бар. Ал бұл мәселенің бас­талғанына он шақты жылдан асты. Бұл жөнінде аудан, облыс әкімдеріне, өңірге келген мәслихат, Парламент депутаттарына да құлағдар етіп, мәселені көрсетіп, тоспа салу керектігі жөнінде ұсыныстарымызды жолдап келеміз. Бірақ еш нәтиже жоқ. Егіс алқаптарына су жіберетін каналдардың ұзындығы әр түрлі қашықтықты құрайды. Олардың да тозығы әбден жеткен, құрылғылары істен шыққан. «Водхоз» жеке мекеме болғалы бері биыл ғана алғаш рет тазалады. Әйтпесе, бұл уақытқа де­йін тазаланбаған. Су шаруашылығы меке­месінің мамандары егістікті суара­тын мезгілде өзен суын канал­дарға бұрып жібереді. Сол үшін шаруа қожалықтары 1 текше метрге 140 теңгеден ақша тө­лейді. Округте кар­топ, астық, көп­жылдық шөп өсірі­леді. Байынқол – өте үлкен өзен. Оған тос­па жа­сауға ауылдық әкімдіктің ша­масы келмейді», дейді ауыл әкімі.

Сайып келгенде, табиғаты көркем Тәңіртаудың етегін алып жатқан ел-жұрттың бұл өзекті мәселесіне тиісті министрліктер мен Алматы облы­сы­ның әкімдігі назар аударып, түйткілдің түйінін тарқатар мезгіл әл­деқашан жетті. Бұл өз кезегінде шекаралы аймақтағы  халық­тың әл-ауқа­тына, тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететінін ұмытпаған абзал. Өйткені жер тағдыры – ел тағдыры. Биыл науқан­дық жұмысты әупірім­деп аяқтаған шаруагерлер келер жылы ­да алақан­дай жерлерін суаруда тағы да «азап шеге­міз бе?» деп қамығып отыр.

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары