Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Музей құрылысына мораторий: Ақтөбеде аудандағы жәдігерлер қалай сақталған

Музей құрылысына мораторий: Ақтөбеде аудандағы жәдігерлер қалай сақталған

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Апатты жағдайда тұрғаны жоқ, бірақ өзгенің жанына жайғасқаны бар

Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының хабарлауынша, өңірде 21 музей бар. Оның үшеуі облыстық, алтауы бөлім және 12-і аудандық. Бөлім Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарайды.

Қатарында Алға, Қобда, Хазірет Досжан ишан бөлімдері, Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің Бұлақ бөлімі және Әйтеке би аудандық музейінің Толыбай, Қарабұтақ бөлімдері кіреді.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

— Аудандардағы 18 музейдің үшеуі жалдамалы ғимараттарда тегін орналасқан. Алғадағы музей аудандық мәдениет үйінің ғимаратында, Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі ауылдық әкімдік ғимаратының екінші қабатында және Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі Жастар ресурстық орталығы ғимаратындағы Ардагерлер кеңесімен бір жерде. 2024 жылы Темір ауданында музей мен архивке жаңадан ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Музейде сандық, мультимедиалық технологиялар қолданылып жатыр. 2025 жылы Хромтау ауданында музей мен архив ғимаратының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін экспозиция жасақтауға қаржы сұратылады. Негізінен бірінші кезекте жалдамалы ғимаратта орналасқан музейлерге, содан кейін бейімделген ғимараттарда орналасқан аудандық музейлерге құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Алайда Үкіметінің 2025 жылғы 14 қыркүйектегі № 792 қаулысына сәйкес 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін мәдениет ұйымдарының жаңа объектілері мен құрылысжайларын салуға бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізілді. Осыған сәйкес жергілікті бюджеттен 2029 жылға дейін қаражат бөлу мүмкіндігі жоқ. Ақтөбе облысында апатты жағдайда тұрған музей ғимараты жоқ, — деп хабарлады басқарма.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Аудандық музейдің қабырғасы қақ айырылып тұр

Елімізде мектеп, медициналық мекеме құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Кейінгі жылдары ғана мәдени нысандар жаңғыртылды. Алайда жаңа құрылыс өте сирек кездеседі.

Тек ауылдарда емес, аудан орталықтарында да мәдениет нысанының көбі жөнделеді, күрделі жөндеуден өтеді. Соның ішінде музейлердің жайы мәз емес.

Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласындағы музейдің қазіргі орналасқан жері осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын әкімдік ғимараты болған.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Екі қабатты ғимараттың қабырғасы қақ айырылып тұр, іште баспалдақ та орнынан қозғалған.

Соған қарамастан музей жұмыс істейді, тіпті демеушілер есебінен бірнеше бөлме жаңғыртылды.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

— Бұл ғимарат 1991 жылы салынған. Қандыағаш қаласының әкімдігі жекеден сатып алып, 2014 жылға дейін осында болды. 2014 жылы жаңасына көшкенде ғимарат бос қалып, музейге сұрап алдық. Музей негізі 2000 жылы құрылды. Сол кезде батыр Көтібар Бәсенұлының кесенесі тұрғызылған. 2004 жылы ресми ашылып, мәдениет үйінің бір бөлмесінде отырды. Содан кейін өнеркәсіп колледжінің бір бөлмесінде болды. 2014 жылы қарашада көшіп, ішіне жөндеу жасалды. Ауданы — 510 шаршы метр. Мұнда кәріз жүйесі жоқ. Күрделі жөндеуге келеді, бірақ жаңасын салуға уәде өтті. Жерін де көрсетті, — деді Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Шамшат Әбдірзақов.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Мұнда ірі мұнай компаниясы бір залды жөндеп берді. Демеуші оған 3,4 млн теңге жұмсаған.

Музейдің құнды экспонаты — сүйекпен көмкерілген домбыра мен шай сандық және Құран кітаптары

— Музейде 6 зал бар. Қосымша тағы залдарды жаңғыртудан өткізіп жатырмыз. Табиғат залына Мұғалжардың таулы, жазықты жерінде кездесетін аң-құстың түр-түрінің сұлбасы қойылды. Этнография залында көшпенді қазақтың тұрмысын көруге болады. Киіз үй іші түгел жабдықталып, ұлттық киім-кешек, қару-жарақ, әшекей бұйымдар, ас үй жиһаздары көрмеге қойылды. Музейде жалпы 5 600 жәдігер бар. Сонымен ішіндегі құндысы — 1857 жылы жарыққа шыққан Құран кітаптар. Оны аудан тұрғыны 2000 жылдардың басында бір қапшықпен әкеліп тапсырған. Мария Сейіткамалованың қолындағы кітаптардың нақты кімге тиесілі екені белгісіз. Өзі де біреуден алған, нақтысын білмейді. Қаптың ішінен 15 кітап шықты. Әкелген кезде Ираннан көшіп келген азаматқа оқытып, білдік, — деді Шамшат Әбдірзақов.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Музейдің Даңқ залында соғыс және еңбек ардагерлерінің фотосуреттері мен тұтынған заттары, құжаттары сақтаулы тұр.

— Ауданнан Кеңес Одағының төрт батыры шыққан. Біз бесінші адамды қатар айтамыз. Ол — Жетпісбай Имантаев. Орден, медалі қазір музейде сақтаулы. Қазір цифрландыру жұмыстарына дайындалып, түгелдеу жүріп жатыр. Сонымен бірге К-700 жүргізген Раушан Дәулетова Мұғалжардың тумасы. Еңбек ардагері Кәмшат Дөненбаеваның ізбасары десек те болады. Ауданның геология, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласының да үздіктерінің фотосын іліп қойдық. Бәрі де ел дамуына үлес қосқан азаматтар, — деді Шамшат Әбдірзақов.

Музейде Жаңаберген Әлбетов тапсырған сүйекпен көмкерілген домбыра сақтаулы. Әуесқой композитор, күйші ХІХ ғасырдың аяғында жасалған домбыраны 2000 жылдары тапсырған.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Тіпті бір кездері Алтынбек Қоразбаевтың өзі сұрағанда бермей, музейде сақтауды жөн көрді. Сонымен бірге музейде сүйекпен көмкерілген шай сандығы сақтаулы.

Ол да ХІХ ғасырдың аяғында жасалған. Кімнің тапсырғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

— 1969 жылы Ескендір Хасанғалиев Ноғайты ауылына гастрольдік сапармен барған. Сол кезде баян аспабы сыр беріп, клуб меңгерушісі өз аспабын ұсынған. Музейге келген кезде тұрғын сол оқиғаны айтып, өзім қолқа салып, сұрап алдым. Екі қызметкерді ертіп жіберіп, қорға сақтадық, — деді Шамшат Әбдірзақов.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Оның айтуынша, музейлердің жәдігерлерді сатып алуы қиындай түсті. Тіпті 10 жылдан астам уақыттан бері бұл мақсатқа қаржы аударылмаған.

— Қолымыздан келгенше жәдігер жинаймыз. Ауылдан тапсақ, көрсек береді. Кейбірін лақтырып тастаған жерінен әкелеміз. Қоқыстан киіз таптық, металл қабылдау орнынан теміржол вокзалы қоңырауын алдық. Тұрмыстық заттар мен техникалар да сақтаулы. Мұның бәрі қазір тарих. Себебі оқушылар мұны көрмеген, білмейді, — деді музей директоры.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәдениет және ақпарат министрлігі виртуалды музейлер желісін кеңейту қолға алынғанын айтты.

Қазір біраз музейдегі жәдігерді виртуалды тамашалау мүмкіндігі бар. Алайда келушілер алған билет ақшасының осы мекемелердің есеп-шотына дұрыс түсуін қадағалау маңызды.

Қанша адам кіргенін бақылау үшін Face ID орнатып жатыр.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 20:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see143

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see140

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see133

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see131

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see130

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары