Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Музыка мен қозғалыс тоғысқан тұс: Астанадағы Болеро X балеті көрерменді тәнті етті

Музыка мен қозғалыс тоғысқан тұс: Астанадағы Болеро X балеті көрерменді тәнті етті

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

27-28 наурызда «Астана Балет» театрының сахнасында «Болеро X» заманауи балетінің премьерасы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Болеро X» – израильдік хореограф Шахар Беньяминидің қойылымындағы Морис Равельдің әйгілі партитурасын ой елегінен қайта өткізу.

«Болеро X» – танымал музыканың иллюстрациясы емес, оны терең хореографиялық ой елегінен өткізу. Морис Равельдің – гипноздық ырғағымен және шиеленістің біртіндеп өсуімен танымал партитурасы Беньямини ұсынған нұсқада бишілердің қозғалысы, ұдайы қайталанып отыратын қимылы мен топтық энергия сахналық рәсімге айналып, көркемдік құралдың негізгі кілтіне айналды.

Спектакль діңгегі 50 шақты бишіден тұратын ансамбльге арналған көпшілік хореографияға құралған. Дәстүрлі жеке орынаушының орнына хореограф ұжымды біртұтас ағза ретінде паш етеді. Ұдайы қайталанып отыратын қимылдар және динамикасы құбылып тұратын ұжымдық қозғалыстар арқылы спектакль бірлік, ұжымдық сәйкестік, жеке тұлға мен топтың өзара әрекеттесуі сынды тақырыптарды зерттейді. Бишілердің тәні музыкалық ырғақтың органикалық жалғасы іспетті, ал сахна – шығарманың екпіні үдей түсетін ортақ кеңістікке айналады.

Хореография баяу басталып, визуалды және кинетикалық максимумға жететін күшті шарықтау шегіне дейін «Болеро» музыкалық формасымен параллель дамиды. Қайталанып отыратын қимылдар механикалық емес – мағынасы тереңдеп, шығарманың философиялық әрі эмоционалды аспектісін ашатын би тіліне айналады.

Спектакль атауындағы «X» әрпі көбейту немесе қиылысу нүктесінің символы ретінде түсіндіріледі – өткен шақ пен осы шақ, жеке және ұжымдық, музыка мен қозғалыс түйісетін жер. «Болеро X» классикалық музыка мұрасы мен заманауи бидің диалог кеңістігіне айналды.

Спектакль халықаралық деңгейде кеңінен танылып, әлемдік сенсацияға айналды. «Болеро X» Еуропа, Солтүстік Америка және Азияның ірі сахналарында гастрольдік сапар аясында көрсетіліп, «Ballet BC» сияқты труппалармен және «Tanz Akademie Zürich» сынды білім беру институтымен бірлесіп қойылды. Бұл қойылым көбінесе аралас бағдарламаларға, мысалы, балет және заманауи би маусымдарына қосылып, фонограммамен де, жанды музыканың сүйемелдеуімен де орындалды.

«Астана Балет» әртістері керемет! Олардың техникасы, пластикасы және дене қимылы мүмкіндіктері тәнті етеді. Балет туралы білім олардың дене-бітімінде жатқан секілді және бұл керемет көрініс. Сондай-ақ олардың әлеуеті мен мүмкіндіктері мол, менің ойымша, олар бұл жайлы ойына да алмаған тәрізді. Осындай талантты әрі қабілетті әртістерге тап болғаныма қуаныштымын. Менің мақсатым – оларға тың мүмкіндіктер ашып, жаңа идеялар мен қозғалыс тәсілдерін көрсету. Бұның дене физикасы мен мүмкіндік шекарасының кеңеюіне ғана емес, сонымен қатар олардың санасына да әсер етуге қатысы бар. Олар қимыл-қозғалысқа қадамдар жиынтығы ретінде ғана қарамай, әр басқан адымын елеп-екшеп, тереңнен қозғап, ішкі күйін қосуы керегін түйсінеді», – деген ойымен бөлісті, хореографтың ассистенті Джозеф Кудра.

Шахар Беньямини – заманауи бидің танымал хореографы. Ол эмоционалды тереңдік, физикалық қарқын мен әсерлі визуалды тілді біріктіретін экспрессивті заманауи туындыларымен танымал. Ол үздік би ұжымдары үшін қойылымдар жасап, дүниежүзінің би ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнатқан. «Болеро X» қойылымы хореографтың заманауи би әлеміндегі беделін нығайтуда маңызды рөл атқарған ең танымал туындыларының бірі саналады.

Қойылым бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі «Астана Балет» театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

Сондай-ақ, көрсетілім аясында кеш бағдарламасын толықтырып, Театр репертуарының көркемдік маңызын арттырған «Орфей мен Эвридика» балеті де көрермен назарына ұсынылды.

«Астана Балет» театрындағы «Болеро X» премьерасы елорданың мәдени тынысындағы маңызды оқиғаға айналып, көрермен қауымға әлемдік сахнадағы заманауи балеттің ең жарқын әрі батыл үлгілерінің бірін паш етті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Наурыз 2026 17:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары