Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Димаш Лондон жұртын тәнті етті

Димаш Лондон жұртын тәнті етті

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Лондон жеті жыл күткен ұмытылмас күн. Ұлыбритания астанасында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті.  Stranger, яғни «Бейтаныс жан» атты ән кеші мыңдаған көрермен жинап, тағы бір рекорд орнатты.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

Концерттік залдың алдында көрермен көп. Көңіл-күйлері көтеріңкі. Лондон Димашты қарсы алуға дайын. Ән кеші өтетін алаң шамамен он екі жарым мың адамды сыйдыра алады.

Соңғы рет Димаш Лондонда 2018 жылы өнер көрсеткен. Оны асыға күткен Британ халқы өнер мерекесі басталмай жатып, ғимарат сыртында қазақша ән шырқады. Жан тебірентер көрініс. Қазақ баласының өнер арқылы елімізді танытып, әлемді аузына қаратқаны көзіңе еріксіз жас ұялатады. Шынымен де ұмытылмас күн! 

Кристина Брейн, жанкүйер:

- Димаш, Лондонға қош келдіңіз. Бізге сыйлайтын қуаныш үшін рақмет айтамыз. Біз сізді жақсы көреміз. 

Концерт Қазақстан мен Ұлыбританияның әнұранымен басталып, патриоттық рухты тағы оятты. Отандастарымыз ғана емес, шетелдіктер де Шәмшінің әнін шырқады. 

Димаш сахнаға шыққанда барлығы тұрып қарсы алды. 50-ден астам елден келген диарстар әншімен бірге қуанды, күрсінді, жылады. Әр ән аяқталған сайын орындарынан тұрып, қошемет көрсетті. Дауыс ауқымы алты октаваны құрайтын, 16 тілде ән шырқайтын қазақ баласына қосылып ән айтты. Тыңдармандар дарын иесімен бірге «тағдырдан махаббат» сұрады, «ақ боз ат»-қа мініп, шапты. 

Димаш Құдайберген, Қазақстанның Халық әртісі:

- Сіздердің алдарыңызға шығып, осы концертті беру - мен үшін үлкен мәртебе. 2017 жылы мен арман қуған 22 жастағы жігіт едім. Қазақстанды әлемге таныта бастаған сәтім еді. Сол кездегі әнді бірге орындасақ.

Шығармашылық және техникалық топ кештің әсерлі өтуі үшін бар жандарын салды. Сахна жарығы, техникалық жабдықтар, бәрі-бәрі жоғары деңгейде болды.

Қанат Айтбаев, продюсер:

- Гастрольдік сапармен 44 адам жүрміз. Қазақстаннан, Қытайдан, Германиядан, Испаниядан, Кубадан және Ресей мен Украинадан келген командамыздың мүшелері бар. Оның ішінде техникалық құрам, артистік құрам, әкімшілік құрам бар. 

Концерт басы мен аяғы, шарықтау шегі бар тұтас бір қойылым іспетті болды. Әрбір ән сол тұжырымдамаға лайықталып таңдалған. Әлемді бейбітшілікке, мейірім мен махаббатқа шақырған бейне үндеулердің өзі бір төбе. Кейбір сахналық нөмірлер шағын бейнебаян көріп отырғандай әсер қалдырды. Бағдарламада би де, қазақтың тарихын айқындайтын күй өнері де болды. 

Биатрис Родригес, жанкүйер:

- Димаш, мен сенің еліңді, халқыңды, отбасыңды және өзіңді жақсы көремін. Жылы жүрегіңді, қайрат-жігеріңді қадірлеймін. Өміріме бақ болып кіріп, өзгерткенің үшін алғысым шексіз.

Үш сағат бойы табиғи дауыста ән айту — бәрінің бірдей қолынан келе бермейтін іс. Тәжірибелі әншілердің өздері шығарманы жанды дауыспен орындаған соң шаршап қалып жатады. Алайда Димаш сахнада бірнеше сағат бойы ән шырқаса да үйлеріне қайтпай, қонақ үйі жанында күтіп тұрған жанкүйерлерімен тілдесіп, фотоға түсіп, қолтаңба беріп, жұртты тәнті етті.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:229
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 15:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары