Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Мыңдаған қонақтан кейінгі Наурыз: Көкшетаулықтар Тазару күні экоакциясына шықты

Мыңдаған қонақтан кейінгі Наурыз: Көкшетаулықтар Тазару күні экоакциясына шықты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Таңертең ерте қаладағы «Жаңа жағалау» аумағына эковолонтерлер, жастар белсенділері және қоғам өкілдері жиналып, мерекелік іс-шаралардан кейінгі аумақты тазартуға кірісті.

Биыл дәл осы жағалауда Көкшетаудағы Наурыз мейрамының негізгі думаны өткен болатын. Мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтар отбасыларымен келіп, концерттік бағдарламаларды тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, дәстүрлі тағамдардан дәм татты. Бір күнге бұл аумақ халықтық мерекенің үлкен ашық алаңына айналды.

Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Алайда Наурызнама дәстүрі мерекені нақты істермен жалғастыруды көздейді. Онкүндіктің соңғы күні — Тазару күні — тазалық пен жаңарудың белгісі. Бұл күні адамдар өз үйлерін, аулаларын, көшелері мен қоғамдық орындарды ретке келтіреді. Сондықтан халықтық мерекеден кейінгі күні жастар мен еріктілер жағалауға қайта жиналып, оның тазалығы мен көркін қалпына келтіруге белсене атсалысты.

Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Шамамен екі жүзге жуық адам серуендеу аймағы бойына бөлініп, қоқыс жинап, көгалдар мен жағалау сызығын тазалады. Жұмыс ұйымдасқан түрде, жүйелі жүргізілді. Қатысушылар аумақтың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылжып отырып, жағалауды толық ретке келтірді. Көпшілік үшін бұл игі іс Наурызды мағыналы түрде аяқтаудың, жақсылықпен қорытындылаудың бір көрінісіне айналды.

Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

— Тазару күні — Наурызнама онкүндігінің маңызды бөлігі. Ол жаңару мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті білдіреді. Кеше жағалауда ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті, ал бүгін қала жастары мен тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізуге шықты. Бұл — мерекені нақты істермен жалғастырудың жарқын үлгісі, — деп атап өтті Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Аянбек Халийханұлы.

Экологиялық бастамаға әсіресе жастар белсенді қатысты.

Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

— Кеше бұл жерде адам өте көп болды, үлкен мерекелік шаралар өтті. Бүгін біз келіп, аумақты тазалауға көмектесуді жөн көрдік. Бұл — біздің қаламыз. Өзіміз осы жерде демаламыз, серуендейміз. Сондықтан мұндай орындардың таза болуы маңызды. Достарымызбен бірге осындай іске қатысу — пайдалы іс жасап жатқанымызды сезіндіреді, — деді UNICEF еріктісі Даниял Жагупаров.

Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Осылайша, Наурызнама онкүндігін қорытындылаған Көкшетау тұрғындары жаңару мен тазалық әрбір адамның қарапайым, бірақ маңызды әрекеттерінен басталатынын іс жүзінде көрсетті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:242
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Наурыз 2026 11:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see179

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see161

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see159

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see157

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see156

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see155

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see155

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see155

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see154

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see154

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see153

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see153

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see152

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see152

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see151

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see151

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see150

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see150

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see150

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see149
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары