Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр

Жиырма бір мың жас сапқа тұрды

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Таразда жер сілкінді

Сержанттар корпусы: Биік белес

Домбыра барда, мол мұра бар

Әскери дронды меңгеру заман талабы

​Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді

Ұландықтар ел тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

Футболдан ӘЧ 2026: Мысыр Австралияны жеңіп, алғаш рет 1/8 финалға өтті

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

Масаң күйде шомылған ер адам суға батып кете жаздады

Қазақстанның қарулы күштері әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

️Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында ойнайтын командалар

Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?

Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романына қатысты мына бір пікірді жиі естиміз. Эпопеяны әртүрлі жаста оқыған адам оны әрқалай түсінеді. Мәтін өзгерген жоқ, оқырман да баяғы. Бірақ мұнда таным өзгерді, қабылдау күрделенді. Енді оқырман әлдеқашан көзінің нұры, қолының табы қалған қалған сарғыш парақтардан түйсігіне түнемеген жаңа бір әлемді көреді. Немесе керісінше. Біреуге өте керемет әсер еткен шығарма біреуге түк те әсер етпейді. Неге бұлай? Асылында бұл сұрақтың жауабы көркем қабылдаудың өте күрделі табиғатында жатыр.

Ғылымда өнер мен адам арасындағы байланысты «рецепция» деп атайды. Осы байланысқа қатысатын оқырманды, көрерменді және тыңдарманды бір ауыз сөзбен «рецепиент» дейді. Рецепция бір сәттік әсермен шектелмейді. Оның бірнеше қабаты бар. Алдымен ол адамды көңіл-күй «әткеншегіне» отырғызады, оның хәлін өзгертеді. Одан кейін рецепиент автор ойының қалай өрбігінен түсіне бастайды. Осы арада оның өмірлік тәжірибесі, мәдени жады, көрген-білген ақпараты іске қосылады. Өнерді түсіну мен бағалау дәл осы ассоциациялар арқылы қалыптасады.

Көркем қабылдаудың ең қызық тұсы да осында. Оқырманды шығармадағы кейіпкерді өз өмірімен салыстырады, кейде тіпті өзін сол кейіпкердің орнына қояды. Бірақ бұл толық рецепция емес. Танымдық тұрғыда кемеліне жетпеген үдеріс. Оқырман бұл кезде кейіпкер рухына жақындап тұрғанымен, бір мезетте ол одан әжептәуір алыс. Кейіпкерді өзіне ұқсатқанымен, оның бөтен адам екенін жадында ұстап тұрады. Осы екі әрекет қатар жүріп отырады.

Оқи отырыңыз: Өнерсіз өмір мүмкін бе?

Дәл осы арақатынастың арқасында көркем шығарма адамға ерекше мүмкіндік береді. Оқырман өз өмірінде атқарып көрмеген, тағдыр жазбаған рөлді қиял кеңістігінде «ойнап шығады». Сөйтіп ол бастан кешпеген жағдайды сезім арқылы өткереді, рухани тәжірибе жинайды. Мұндай тәжірибе нақты өмірде болмағанымен, адамның ішкі дүниесінде шынайы әсер қалдырады. Әдебиеттің адамға беретін ең үлкен пайдасы да – осы. Семиотика саласының білгірі Юрий Лотманның айтуынша, өнер адамға таңдау еркін сыйлайды. Сәйкесінше жауапкершілік те жүктеледі. Ол енді басқа тақырып. Қазір бастапқы тақырыбымызды шиырлай берейік.

Өнерді қабылдау, яки рецепция кезінде кәдімгі ойынға ұқсас бір нәрсе бар. Бұл кездейсоқ емес. Өнердің өзі әу баста еліктеуден туған. Адам құсқа ұқсап ән сала бастады, хайуандардың әрекетін бейнелеп билей бастады. Аристотель мұны «мимесис» деп атады. Көркем туындыны қабылдау кезінде де осы бастапқы қасиеттер қайта тіріледі. Оқырман не тыңдаушы өнермен бетпе-бет келгенде, оны сырттай бақылап қана қоймай, белгілі бір рөлге кіргендей күй кешеді.

Осы «ойын» барысында адам автор ұсынған бейнелер арқылы өзіне жаңа тәжірибе жинайды. Бұл – шынайы өмірде болмаған, бірақ сана мен сезімде өткерілген тәжірибе. Көркем әсердің осындай қасиеті қабылдаушының дүниені тануына, ойлауына ықпал етеді. Дегенмен көркем қабылдаудың бар сырын тек осы ойын сипатымен түсіндіру жеткіліксіз. Оның үстіне көркем қабылдау тек қиялмен шектелмейді: бұл кезде адамның көруі, естуі, елестетуі сияқты түрлі сезім мүшелері бір мезетте қатар жұмыс істейді.

Мұндай құбылыстарды музыкадан анық аңғаруға болады. Музыка – қабылдауы өте күрделі өнердің бірі. Тыңдалған әуен адам қиялында түрлі көріністерді тудырады. Дыбыстың түсі, бояуы бар деп поэзияда жиі айтылатыны да осыдан. Бұл тәсіл символистер шығармашылығында айқын көрінді. Кейбір композиторлар мен суретшілердің музыканы реңк арқылы «көруі» де осы ерекшелікке байланысты.

Оқи отырыңыз: Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?

Музыка мен түсті байланыстыруға деген ұмтылыс өнер тарихында үнемі болып тұрды. Мәселен, орыс композиторы Александр Скрябин музыканы тек тыңдалатын құбылыс деп қабылдамай, оны көзбен көрінетін құбылысқа айналдырмақ болды. Ол әр дыбысқа, әр тонға белгілі бір түс сәйкес келеді деп есептеп, шығармаларын орындау кезінде дыбысқа қоса жарық та қатар өзгеріп отыруы тиіс деген ойды ортаға салды. Оның «Прометей» атты туындысында музыкамен бірге жарық «ойналып», тыңдаушы әуенді естіп қана қоймай, түстер арқылы сезінеді.

Ал кескіндеме саласында Микалоюс Чюрлёнис керісінше жолмен жүрді. Ол суретті музыка заңдылығымен жасады. Чюрлёнистің картиналары «Соната», «Фуга», «Симфония» деп аталады, өйткені ол бояуларды әуендей өрбітіп, композицияны музыкалық ырғақ пен даму логикасына бағындырды. Оның картиналары бір сәттік көрініс емес, уақыт ішінде «тыңдалып», біртіндеп ашылатын құрылым ретінде қабылданды. Осылайша Чюрлёнис музыканы бейнеге айналдырды.

Алайда музыканы қабылдау тек дыбысты түспен «көрумен» шектелмейді. Бұл – көркем рецепцияның бір ғана қыры. Музыка тыңдау барысында адам санасында әдеби сипаттағы оқиғалар, көзге елестейтін бейнелер, тіпті тұтас сюжеттік желілер де оянады. Мұндай ассоциациялар көбіне опера немесе ән сияқты сөзге сүйенетін жанрларда айқын көрінгенімен, олар симфониялық, яғни таза аспаптық музыканы тыңдағанда да қатар жүреді. Тыңдаушы әуенді жай ғана естіп қоймай, оның ырғағына, даму логикасына ілесе отырып, ішкі кеңістігінде көріністер жасап, кейде белгісіз кейіпкерлері бар тұтас бір оқиғаны іштей «көріп» отырады.

Музыкалық рецепцияда осындай ассоциациялар қажет пе деген сұраққа ғалымдар әртүрлі жауап береді. Бірі музыка адам қиялында міндетті түрде бейнелер мен көріністер туғызуы керек дейді, әйтпесе әсер толық болмайды деп санайды. Екінші біреулер, керісінше, музыканың өз тілі жеткілікті, оны бейнеге айналдыру дыбыстың табиғатына қиянат деп есептейді. Ал шын мәнінде, музыканы қабылдау – бір ғана жолмен жүрмейтін, көп қабатты, әр адамда әрқалай өрбитін күрделі үдеріс.

Музыканы тыңдау – жай ғана дыбысты есту емес. Ол әлдеқайда күрделі, көп қабатты құбылыс. Әуен адам санасында тек есту сезімін ғана емес, көру, елестету, ассоциация жасау сияқты басқа да түйсіктерді қатар қозғалысқа түсіреді. Сондықтан музыка кейде түс болып көрінеді, кейде оқиғаға, кейде қимылға айналады.

Неміс ақыны Генрих Гейне мұны «музыкалық түйсік» деп атаған. Ол «Флоренция түндері» повесінде ұлы скрипкашы Паганинидің концертінен алған әсерін ерекше бейнелейді: «ысқыштың әрбір сермелгені сайын оның көз алдына тірі көріністер, тұтас сахналар келгендей болды. Музыка оған жай ғана әуен емес, тірі бейнелер сияқты әсер етті».

Бұл жерде музыканы қабылдаудың қандай да бір ережесі бұзылып тұрған жоқ. Керісінше, бұл – көркем қабылдаудың табиғи әрі заңды көрінісі. Музыка тыңдағанда туындайтын ассоциациялар әр адамда әрқалай жүреді. Ол адамның қабілетіне, өмірлік тәжірибесіне, бұрын көрген-білгеніне, жадында сақталған әсерлеріне байланысты. Француз психологы Теодюль Рибо музыка әсіресе сурет салумен, кескіндемемен айналысатын адамдарда бейнелік көріністерді жиі оятатынын айтқан. Яғни, әуен олардың қиялында суретке айналып кетеді.

Жалпы, көркем қабылдау ассоциацияға бай келеді. Музыка адамды белгілі бір мәдени естеліктермен, жеке өмірлік сәттермен, тіпті өнерден тыс әсерлермен де байланыстыра алады. Осындай байланыстар тыңдау әсерін тереңдетіп, кеңейтеді. Тыңдаушы өз өмірінде жинаған тәжірибесін музыка арқылы қайтадан бастан өткергендей болады. Әуеннің ырғағы қимылға, ишараға, биге ұласып кетуі де сондықтан. Музыканы денемен, қозғалыспен «оқи» немесе «тани» білу оның мәнін тереңірек ашуға көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Зиялы адам қалай қалыптасады?

Музыканы қабылдау тек сол сәтте естіліп тұрған дыбыспен шектелмейді. Ол уақытпен тығыз байланыста өрбиді. Тыңдаушы бір мезетте бірнеше ішкі әрекетті қатар атқарады: дәл қазір естіліп жатқан әуенді қабылдайды, оны бұрын тыңдаған музыкамен іштей салыстырады және әуеннің ары қарай қалай жалғасатынын сезіммен болжауға тырысады. Әдебиетте бұл үдеріс ұйқас арқылы, ал бейнелеу өнерінде суретке дейінгі немесе одан кейінгі оқиғаны елестету арқылы іске асады. Музыкада да дәл осы қағида жұмыс істейді: тыңдаушы әуеннің даму логикасына сүйеніп, оның бағытын алдын ала аңғаруға ұмтылады.

Өнерді қабылдаудың тағы бір маңызды қыры – оның орындаушылық сипаты. Кітап оқығанда, музыка тыңдағанда немесе суретке қарағанда адам тек сырттай қабылдаушы болып қалмайды, ол іштей орындаушы рөлін де атқарады. Әр оқырман немесе тыңдаушы шығарманы өзінше «орындайды»: біреу баяу, байыппен қабылдайды, біреу эмоцияға беріліп кетеді, енді бірі ой елегінен өткізіп, мәнін саралайды. Сондықтан бір ғана шығарма әр адамда әртүрлі әсер қалдырып, әрқилы мағынаға ие болады. Біреу үшін өнер – рухани ләззат, жағымды әсер болса,, екіншісі үшін ол жай ғана мәтін, дыбыс немесе бейне болып қала береді. Асылында, айырмашылық өнердің өзінде емес, оны қабылдайтын адамның ішкі дайындығы мен қабылдау қабілетінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар

«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды

Футбол • Бүгін, 14:35

Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады

Аймақтар • Бүгін, 14:29

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Аймақтар • Бүгін, 14:18

Орал қаласында жаңа мешіт ашылды

Аймақтар • Бүгін, 14:07

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?

Қоғам • Бүгін, 13:38

Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

Президент • Бүгін, 13:13

Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді

Референдум • Бүгін, 13:03

2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады

Үкімет • Бүгін, 13:01

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 12:59

Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды

Аймақтар • Бүгін, 12:47

Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?

Қысқы спорт • Бүгін, 12:34

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17

ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды

Университет • Бүгін, 12:09

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06

АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді

Саясат • Бүгін, 11:56

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Ақпан 2026 15:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

05 Шілде 2026 20:03see113

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

04 Шілде 2026 17:53see111

Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр

04 Шілде 2026 15:38see111

Жиырма бір мың жас сапқа тұрды

04 Шілде 2026 08:45see111

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

05 Шілде 2026 17:28see110

Таразда жер сілкінді

04 Шілде 2026 10:12see110

Сержанттар корпусы: Биік белес

04 Шілде 2026 08:45see109

Домбыра барда, мол мұра бар

04 Шілде 2026 09:39see109

Әскери дронды меңгеру заман талабы

04 Шілде 2026 09:08see107

​Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді

04 Шілде 2026 06:54see106

Ұландықтар ел тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

04 Шілде 2026 18:56see105

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

04 Шілде 2026 15:15see102

Футболдан ӘЧ 2026: Мысыр Австралияны жеңіп, алғаш рет 1/8 финалға өтті

04 Шілде 2026 10:28see102

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

05 Шілде 2026 11:41see102

Масаң күйде шомылған ер адам суға батып кете жаздады

04 Шілде 2026 19:26see101

Қазақстанның қарулы күштері әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді

04 Шілде 2026 06:54see101

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

05 Шілде 2026 10:52see99

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

05 Шілде 2026 21:01see98

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

06 Шілде 2026 01:02see97

️Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында ойнайтын командалар

04 Шілде 2026 12:57see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары