Немеремнің даусын ғана естимін... : Жанболат Найзабеков анасы туралы айтып, көзіне жас алды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Танымал актер Жанболат Найзабеков анасына қатысты естелігін айтып, көзіне жас алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Актердің сөзінше, бесінші ұлы дүниеге келген кезде анасы немересін көруге келген. Бірақ көру қабілетінен айырылған анасы сәбидің тек дауысын естіген.
«Немеремді көрмей отырмын. Даусын естимін, бірақ немеремді көрмей отырмын» деді. «Түк көре алмаймын» деп жүрегі ауырды. Мен сыртқа шығып кеттім. Әрекет жасағым келеді, бірақ не істейтінімді білмеймін. Сынақ қой», – деді актер.
Жанболат Найзабеков анасының кезінде Дубайға баруды армандағанын да еске алды.
«Анам: "Балам, байыған кезде Дубайға апаршы", – деді. "Болады, мама", – дедім. (...) "Мен сізді қалаған жаққа апара аламын, бірақ сіз оны көрмейсіз", – дедім», – деді ол.
Актердің әңгімесі жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына да әсер етіп, ол көзіне жас алды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 19:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















