Несие жүктемесі артқандарға жаңа жеңілдіктер енгізілуі мүмкін
7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың несие шарттарын өзгерту туралы өтініштерін қарау ережелерін бекітетін бұйрық жобасын әзірледі.
Құжат 13 ақпанға дейін «Ашық НПА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жоба банктер, микроқаржы ұйымдары және өзге де кредиторлар үшін несие шарттарын қайта қараудың бірыңғай тәртібін енгізуді көздейді. Өтініш қаралып жатқан кезеңде қарызды өндіріп алу мен қосымша төлемдер талап етуге тыйым салу қарастырылған.
Құжатқа сәйкес, әлеуметтік әлсіз топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға негізгі қарыз бен пайыздарды кемінде 3 айға комиссиясыз кейінге қалдыру міндеттеледі.
Ал бірнеше несиесі бар борышкерлерге қаржылық омбудсман арқылы қарызды 1 жылдан 5 жылға дейін қайта құрылымдау мүмкіндігі ұсынылады. Бұл бірнеше қарызды бір несиеге біріктіріп, төлем шарттарын жеңілдетуге жол ашады.
Сондай-ақ, мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар үшін қызмет ету кезеңінде және одан кейінгі 60 күн ішінде пайыздар есептелмейді, төлемдер тоқтатылады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:30
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 16:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















