Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

NEXT ERA : AMANAT Әйелдер қанаты ауылдағы кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетеді

NEXT ERA : AMANAT Әйелдер қанаты ауылдағы кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елімізде «Әйел және Бизнес. NEXT ERA» атты әйелдер кәсіпкерлігінің өңірлік конгресі бастау алды. Оның алғашқы жиыны Ақтау қаласында өтті. 250-ден астам қатысушы бас қосқан маңызды іс-шараны «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты мен «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды.

Ауқымды іс-шара Маңғыстау өңірінің барлық аудан-қаласынан келген кәсіпкер әйелдерді, қоғам белсенділерін, сарапшылар мен түрлі сала өкілдерін бір алаңға жинады. Конгресс аясында әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, цифрлық трансформация, жасанды интеллект дәуіріндегі бизнес, отбасылық құндылықтар және қоғамдағы әйел көшбасшылығы мәселелері кеңінен талқыланды.

Конгресс «STEPPE BAZAAR» көрме-жәрмеңкесінен басталды. Онда өңірдегі 45-тен астам жергілікті кәсіпкер өз өнімін таныстырды. Ұлттық тағамдар, қолөнер бұйымдары, фермерлік өнімдер, отандық брендтердің киімдері мен тұрмыстық тауарлары көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме жергілікті бизнестің әлеуетін ғана емес, ұлттық нақыш пен өңірлік кәсіпкерліктің жаңа тынысын көрсетті.

Пленарлық сессия барысында «AMANAT» партиясының Хатшысы, Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова бүгінде әйелдердің құқығын қорғау мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналғанын атап өтті.

«Әйелдердің әл-ауқаты – ұлттың жарқын болашағының кепілі. Сондықтан біз әйелдердің білім алуына, кәсіп бастауына, жаңа технологияларды меңгеруіне және шешім қабылдау процесіне қатысуына барынша жағдай жасауымыз керек. Әсіресе ауылдағы кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету – стратегиялық міндет. Партия алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмысын жалғастырады», – деді ол.

Шолпан Каринова өз сөзінде «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін дамытуға, қаржылық сауаттылығын арттыруға және цифрлық мүмкіндіктерге қолжетімділігін кеңейтуге басымдық беріп отырғанын айтты.

Бүгінде партияның Әйелдер қанаты республика бойынша мыңдаған белсенді әйелді біріктіретін ауқымды қоғамдық күшке айналды. Әйелдер қанаты тек әлеуметтік мәселелермен шектелмей, кәсіпкерлік, инклюзия, цифрлық теңдік, ғылымдағы әйелдердің рөлі және саяси көшбасшылық бағыттарында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 

Конгресте сөз сөйлеген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған бастамалар бен қолдау ерекше құрметке лайық екенін атап өтті.

«Бүгін республика көлемінде ұйымдастырылып отырған өңірлік конгрес әйелдер кәсіпкерлігі, цифрлық экономика, жасанды интеллект, отбасылық құндылықтар және өңірлік бизнесті дамыту бағыттарындағы жаңа сын-қатерлерді, мүмкіндіктер мен заманауи трендтерді талқылайтын ашық әрі маңызды алаңға айналып отыр. Кәсіпкер әйелдердің басын қосып, тәжірибе алмасуға, өзара байланыс орнатуға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастыру – үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Осындай маңызды алаң көптеген кәсіпкер әйелдерге шабыт сыйлады деген сенімдемін», – деді Аббат Өрісбаев.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова өңірлік конгрес жергілікті жерлердегі әйелдерді қолдаудың нақты әрі тиімді құралына айналуға тиіс екенін атап өтті.

«Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігі тек шағын бизнеспен шектелмейді, ол өңірлердің экономикалық дамуына серпін беретін маңызды күшке айналып отыр. Осындай конгрестер арқылы біз әйелдерге нақты тәжірибе мен практикалық құралдар ұсынып, жаңа орта қалыптастыруға мүмкіндік береміз әрі олардың бастамалары экономика, отбасы және қоғам үшін маңызды екенін сезіндіруді көздейміз. Бұл ретте біз үшін тек бизнес пен мансап мәселесін талқылау жеткіліксіз. Отбасы құндылығы, ішкі үйлесім, бала тәрбиесі және әйелдің өз болмысын жоғалтпай, түрлі рөлді қатар алып жүруі де аса маңызды», – деді Ләззат Рамазанова.

Іс-шара барысында «Жаңа дәуірдің күн тәртібі» және «Мұра мен құндылықтар – болашаққа қуат» атты панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Сарапшылар еңбек нарығындағы өзгерістер, өңірлік бизнесті дамыту, маркетплейстердегі сауда және киберқауіпсіздік, жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы нақты кейстер мен тәжірибелерін ортаға салды. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі Пәния Сармурзина, белгілі журналист, тележүргізуші әрі актриса Айгүл Мүкей, мәдениеттанушы, этнограф Зира Наурызбай, кәсіпкер, инфлюенсер әрі көпбалалы ана Жансая Сабанбай, қоғам қайраткері Айнұр Бектұрған, «ADAMANT» ресурстық орталығының негізін қалаушы Шолпан Түсіпбекова, ақпараттық қауіпсіздік саласының сарапшысы Лаура Тлепина,  «ӨРКЕН» жоғары жетістіктер мектебінің Project manager-і Қайрат Хасанов, «Business Advancement School» ЖШС тең құрылтайшысы Айжан Хамитова, салық кеңесшісі Жасұлан Серік, IT кәсіпкер Өмірбек Құрбанбаев, NEO дүкендер желісінің негізін қалаушы Асан Тұмыш, QazComPass жобалық кеңсесінің жетекшісі Оксана Васильева сөз сөйледі.

Жиын соңында қатысушылар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, тәжірибе алмасу және өңірлік іскерлік байланысты нығайту бағытындағы мұндай алаңдардың маңызы зор екенін атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Мамыр 2026 01:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары