Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

AMANAT партиясы кәсіпкерлердің жаңа Салық кодексіне бейімделуіне қолдау көрсетеді

AMANAT партиясы кәсіпкерлердің жаңа Салық кодексіне бейімделуіне қолдау көрсетеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығы (ҚСКҚ) «AMANAT» партиясының қатысуымен Астана қаласында «Салық кодексі – 2026: бизнеске арналған бағдарлар» атты конференция өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шара офлайн форматта өтіп, оған 250-ден астам азамат қатысты. Сондай-ақ өңірлердегі өкілдер бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.

Жиынға мемлекеттік органдардың, кәсіптік және академиялық қоғамдастықтың өкілдері, кәсіпкерлер, салалық қауымдастықтар, салық кеңесшілері, бухгалтерлер мен заңгерлер қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы – жаңа Салық кодексінде қарастырылған салықтық реттеу мен әкімшілендірудегі өзгерістер, сондай-ақ бизнестің жаңа ережелер жағдайында жұмыс істеуіне қатысты практикалық мәселелер.

Конференция барысында кейбір нормалар мен ережелердің іс жүзінде қолданылуы жөнінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет екені мәлімделді. Қатысушылар бұл нормаларды қолдану барысында даулы мәселелер мен түрлі қателіктер жиі туындайтынын атап өтті. Осыған байланысты бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу және оларды сүйемелдеу шаралары барлық өңірде жүйелі түрде жалғасуы қажет екені айтылды.

Іс-шараның ашылу салтанатында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек сөз сөйледі. Ол жаңа нормалардың тиімді жүзеге асуы үшін кәсіпкерлермен тұрақты диалог орнатудың және оларға қабылданған өзгерістерді барынша түсінікті әрі ашық түрде жеткізудің маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында жаңа Салық кодексі туралы айта отырып, бұл реформаның – қатардағы «фискалдық науқан» емес, салық жүйесін қайта құру екенін атап өткен еді. Сондықтан реформаны іске асырудың бастапқы кезеңінде ықтимал шығындарды есептеп, оны барынша азайту жолдарын қарастыру маңызды. Бұл процесті бақылай отырып, кәсіпкерлердің жаңа салық жүйесіне бейімделуіне қолдау білдіру қажет. Бұл ретте кәсіптік қоғамдастықтың рөлі ерекше. Бизнес өкілдерінің жаңа салық жағдайына бейімделуі қоғамдастықтың жұмысына тікелей байланысты. Жақын арада партия жанынан жасанды интеллект негізіндегі арнайы цифрлық платформаны іске қосу жоспарланып отыр. Ол кәсіпкерлерге жаңа жағдайда туындайтын практикалық сұрақтарға жедел жауап алуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс офлайн форматта да ұйымдастырылады. Өңірлерде бухгалтерлер мен салық кеңесшілеріне арналған консультациялық сессиялар өткізіледі. Оларға заңгерлер және салалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады», – деді Дәулет Кәрібек.

Конференция бағдарламасы төрт тақырыптық сессияны қамтыды. Онда арнайы салық режиміндегі өзгерістер, негізгі салықтар бойынша жаңашылдықтар, салықтық әкімшілендірудің трансформациясы және салық даулары бойынша сот практикасы талқыланды. Сонымен қатар бухгалтерлердің, заңгерлердің және кәсіпкерлердің қолданбалы мәселелеріне қатысты практикалық секциялар мен сараптамалық пікірталастар ұйымдастырылды.

«Салық заңнамасындағы өзгерістер бизнеске ауыртпалық тудыратын фактор емес, керісінше түсінікті әрі болжамды процесс болуы керек. Кәсіпкерлердің жаңа нормаларды зерделеуге, соған сәйкес өз бизнес-процестерін бейімдеп, қажет болса уақытылы түзетулер енгізуге мүмкіндік алуы маңызды. Сондықтан мемлекет, кәсіптік орта және бизнес арасында ашық әрі өзара түсіністікке негізделген диалог орнату, жаңа талаптарды кәсіпкерлердің нақты жағдайын ескере отырып, қысымсыз енгізу – ортақ міндетіміз», – деді Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығы басқармасының төрағасы Сәкен Карин.

«AMANAT» партиясы Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығымен бірлесіп, отандық бизнестің жаңа жағдайға барынша жеңіл бейімделуіне ықпал етуді көздейді. Алдағы уақытта өңірлерде осындай іс-шараларды өткізу, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу үшін азаматтармен кері байланыс орнату жоспарлануда. Негізгі мақсат – шағын бизнестің жаңа Салық кодексі нормаларына ауысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ компаниялардың тұрақтылығы мен тиімділігін сақтай отырып, олардың қызметін жаңартылған құқықтық негізде ұйымдастыруға қолдау көрсету.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 16:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары