Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Нобель, Букер және біз

Нобель, Букер және біз

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазір үндістандық жазушы Аравинд Адиганың «Ақ жолбарыс» атты романын оқып жүрмін. Атақты «New York Times» бұл кітапты ең өтімді кітап деп әлемге таныстырыпты. Сөйтетін де жөні бар. Шығарма өзіне қызықтырады. Ара-тұра езу тартатын тұстары да жоқ емес. Тіпті автор өз көзімен көргендерін философияға айналдырып жібергендей. Оқыңызшы, бүй дейді: «Мұсылмандардың бір құдайы бар, християндардың үш құдайы бар. Ал үнділердің 36 миллион құдайы бар», дейді бірде. Осы сөйлемді оқып, терең ойланасыз. Әр түрі дін, ағым мен көзқарас, тіршіліктің тауқыметі қоғамды ала-құла ойлауға, шөпті де шөңгені де өлең деуге мәжбүр етеді екен. Автор меніңше, соны айтып тұр.

Бұл шығармада кейіпкер Балрам Халвайи өз оқи­ғасын Қытай премьері Вэнь Цзябаоға жазған, бір­ақ ешқашан жібермеген хаттары арқылы баяндайды. Вэнь Цзябао Үндістанға кәсіпкерлерді қалайша табысты даярлай алатынын білу үшін сапармен келмек болады. Соны естіген Балрам қазіргі Үндістанда билік пен ықпалға қалай қол жеткізуге болатынын оған түсіндіріп беруді жөн көреді. Алайда Балрамның әңгімесі – парақорлық, жемқорлық, айла-шарғы, жол кептелістері, ұрлық пен кісі өлтіруге толы хикая. Қалай болғанда да, Балрам өз оқыр­манына сары нәсілділер мен қо­ңыр нәсілділер ақ нәсілділерден әлемдік үстемдікті тартып алады деп сендіреді. Бұл роман осыдан он бес жыл бұрын халықаралық Букер сыйлығын алыпты. Шығарма үшін бұл үлкен жетістік.

Сөйтіп, «Ақ жолбарыстың» кезекті он бес бетін оқып, сәл тыныстап отыр едім. Әлдебір әлеуметтік желіден «жазушы Төлен Әбдіктің шығармалары мен Қанат Әбілқайырдың «Ағы­раптағы аты жоқ адам» атты романы х­алықаралық Букер сыйлығына ұсынылады екен» деген ақпаратты көзім шалды. Міне, ғажап! Сондағы менің басыма келгені мынау: «Қашанғы шетел жазушыларының кітаптарына тамсанып жүре бермекпіз, біздің қаламгерлердің де шығармаларын әлем оқысын», деген мағыналы ой.

Қош, бұл да бір жақсы бас­тама емес пе? Ғасырлар бойы өз қазанымызда бұрқ-сарқ етіп қайнағанымыз да жетер. Ендігі бекет – әлем оқырманы. Бірақ қазақ әдебиеті үшін қуанатын, сүйіншілейтін сәт туса деп армандап жүргендер жалғыз болмауы тиіс. «Ағыраптағы аты жоқ адам» – күрделі роман. Шаңырағы шайқалған отбасының қанқұйлы тағдырын туындысына арқау ету арқылы қаламгер үйсіздіктің азабын тартқан бүгінгі тұтас қоғамды суреттеуге тырысқан. Автордың айтуынша, көпшілікті қызықтырған – кітап атауы. «Ағырап – жұмақ пен тозақ арасындағы мекен. Қиямет таразысында жақсылығы мен жамандығы тең тартқан құлдар жұмаққа бара алмайды. Тозаққа да түспей, сол ағырапта қалады. Бұл туралы қасиетті Құран Кәрімнің «Ағырап» сүресінде де айтылған. Осы жауапты естіген оқырманымның бірі «Ағырап мекенінің астарында сіз бен біздің де қазіргі кеңістігіміз бар секілді» депті. Мен ол оқырманның ойымен мүлде келіспеймін. Біздің Отан жер бетіндегі жұмақ мекенге айналуы керек. Солай боларына сенейік»,  дейді кітап авторы.

Ал ендеше, жұмақ пен тозақ арасындағы мекенді алыс-жуықтағы оқырманға бір кейіпкердің көзімен баяндап беру үшін, әрине Мұхтар Әуезов секілді тереңдік, Хемингуэй стиліндегі жазушылық шеберлік, Маркес сынды әңгімешілдік керек шығар. Ол да біздің қаламгерлерден табылары сөзсіз. Аталған жаңалықты жұртқа жария еткен Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов «біз бұл шығармаларды әлемдік аудиторияға, сосын әлемдік сыйлыққа ұсынуға дайындалып жатырмыз» деген екен. Осындай жақсы жаңалықты жұртпен бө­лісудің өзі де бір ғанибет емес пе?

Ал енді Нобель туралы ай­тайық. Бұл сыйлыққа да қазір қазақтың құлағы ептеп үйрене бастады. Өткенде аталған алпауыт сыйлыққа Олжас Сүлейменовті ұсыну мәселесі талқыланды. Бұның бәрін сәйкестік дейміз бе, жоқ па, оны оқырман өзі саралай жатар. Олжас сынды айтулы тұлғаның әлемдік сыйлыққа ұсынылуы да біз үшін қуанатын дүние. Қалай десек те, бір жылда үш бірдей қазақ қаламгерінің әлемдік сый­лыққа ұсынылуы қазіргі қазақ әдебиетінің деңгейі мен биіктігін көрсетеді. Осындайда Румидің «жолға шық, жол өзі апарады» деген сөзі еске түседі. Біз тамсана оқып жүрген тамаша шығар­малардың бәрі де Букер мен Нобель сапарын тәй-тәй қадамнан бастаған. Ал сол үрдіс енді біздің қаламгерлердің шығармашылық әлемінде жалғасып жатса, несі айып? Әдебиетіміз үшін биылғы жыл осындай қадаммен есімізде қалса игі еді.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»

Тағзым • Бүгін, 08:25

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Аламанда алған жүлде – қомақты

Спорт • Бүгін, 08:00

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тарихи тамырмен табысқан сәт

Қоғам • Бүгін, 07:50

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары