Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Нұрсұлтан Мұсаханұлы: Білім мен еңбек технологиялық тәуелсіздік кілті

Нұрсұлтан Мұсаханұлы: Білім мен еңбек технологиялық тәуелсіздік кілті

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жастардың қазіргі миссиясы – сапалы білім алып, қарым-қабілетін жетілдіру, зияткерлік әлеуетін мемлекет игілігіне бағыттау. Бүгінде шетелде оқып, тәжірибе жинап, осы мақсатта елге оралған жас ғалымдар шоғыры қалыптасып келеді. Солардың бірі – Оксфорд университеті секілді халықаралық беделді ғылыми орталарда шыңдалған зерттеуші Нұрсұлтан Мұсаханұлымен әңгімелескен едік.

– Нұрсұлтан, ғылымға қалай келдіңіз?

– Елімізде «жылуэнергетика» мамандығында оқи жүріп, энергетика саласындағы жаһан­дық мәселелерге назар аудардым. Осы қызығушылығым білімімді шетелде жалғастыруға жетеледі. Сөйтіп, магистратураны «Болашақ» халықаралық стипендиясының игілігімен Ұлыбританиядағы University of Manchester-де «Баламалы энергетика және таза технологиялар» бағытында оқыдым. Кейін PhD дәрежесін Аустралиядағы University of New South Wales-те «Фотоэлектрика және баламалы энергетика инжинирингі» саласында қорғадым.

Аустралияда оқыған жылдары профессор Мартин Гриннің жетекшілігімен ғылымға кәсіби түрде ден қойдым. Мартин Грин – күн сәулесін тиімді пайдалану әдісін жетілдіріп, панельдердің қолжетімділігіне күш салған ға­лым. Қазір әлемде өндірілген күн батареяларының 80 пайызға жуы­ғы осы профессордың еңбегі. Осы қон­дырғыларды экспорттап отыр­ған Қытайда оның шәкірттері жетекшілік қызмет атқарып, жаңа технологияларды өндіріске енгізіп отыр.

– Бұл технологияларды елімізде дамыту мүмкіндігі қандай?

– Бүгінде әлем ғалымдары ерек­ше зейін қойып отырған ба­ғыт­­­тың бірі – перовскит негізін­дегі күн батареялары. Дәстүрлі кремний батареяларына қарағанда олар өте жұқа, тіпті адамның шашынан жүз есе жіңішке келеді. Сол себепті жеңіл әрі икемді. Екін­шіден, бұл материал күн сәу­лесін сіңіру қабілеті бойынша жоғары көрсеткішке ие, яғни жарықты әлдеқайда тиімді пайдаланады. Үшіншіден, оның өндірісі анағұрлым арзан әрі қарапайым. Менің зерттеуім осы – перовскит негізіндегі күн батареялары.

Еліміз – күн және жел энергиясына бай мемлекеттердің қатарында. Егер ғылыми ортаны дамытуға, өндірістік инфра­құрылымды жетілдіруге қажетті инвестиция салынса, мұндай батареяларды елімізде де өндіруді жолға қоюға болады. Өйткені перовскит батареяларын тек шатырға емес, ғимараттардың әйнегіне, киімге, тіпті портативті құрылғыларға да орната аламыз. Бұл, ең алдымен, энергия қорын жинақтауға, еліміздің «жасыл» экономикаға тұрақты көшуіне негіз болады. Сонымен қатар баламалы энергетика саласын игеру экспорттық әлеуетімізді арттырып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға мүм­кіндік береді.

– Шетелдегі ғылыми орта сізге не үйретті?

– Ең бастысы – жүйелілік пен ғылыми адалдықты. Ғылым – тек идея емес, ол нақты нәтиже мен дұрыс ұйымдастырылған жүйе. Соның арқасында беделді ғылы­ми журналдарда мақалаларым жа­рияланып, ғылыми жетекшілерім­нің қолдауы University of Oxford-тың физика факультетінде пост­докторанттық қызметке ірік­те­луіме себепші болды. Одан бөлек, әлемдегі таңдаулы адам­дарға ғана ұсынылатын Ұлы­бри­та­нияның «Ғаламдық талант» визасының иегерімін.

– Жақында елге оралып, Nazarbayev University-інде аға ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеп жатқаныңыздан хабар­дармыз. Неліктен мұндай шешімге келдіңіз?

– Шетелде қалу мақсат емес, құрал болды. Мен өз саламда, яғни күн және «жасыл» энергетика бағытында, әлемнің үздік ғылыми мектептерінен білім алу, тәжірибе жинауды көздедім. Манчестер, Жаңа Оңтүстік Уэльс, Оксфорд секілді орталарда жүру, әлемге танымал ғалым­дармен бірге жұмыс істеу зерттеу мәдениетінің ең жоғары стандартын меңгеруге мүмкіндік сыйлады.

Бірақ қай жерде жүрсем де жинаған білім мен тәжірибені ел игілігіне жұмсау азаматтық борышым екенін ұмытпадым. Қаныш Сәтбаев атамыздың «Ғылым – ел игілігі үшін қызмет етуге тиіс» деген ұстанымы мен үшін айнымас бағыт болды. Ғылымда, бизнесте, технологияда болсын тәжірибені бөлісу, серіктес­тік орнату маңызды. Дамыған мемлекетке барып, елге оралу – интел­лектуалдық капиталды күшейту деген сөз. Әрине, әр адам­ның таңдауы – өз еркінде. Дей тұрғанмен отанмен байланыс үзілмеуі керек.

Қазір елге оралып, Nazarbayev University-інде аға ғылыми қыз­меткер, Astana IT University-інде қауымдастырылған профессор ретінде еңбек етіп жатырмын. Оксфордта жинаған тәжірибемді зерттеу мәдениетін күшейтуге, перовскитті күн элементтері бағытындағы жобаларды дамы­туға басымдық беріп отырмын. Мақсатымыз – тұрақты әрі тиімді фотоэлектрлік технологияларды жетілдіру.

Алдағы уақытта елімізде жаңартылатын энергия көз­деріне арналған зертханалар құруға атсалысқым келеді. Пе­ровскит күн батареялары мен оптоэлектроника бойын­ша оқу бағдарламаларын әзірлеп, жас ғалымдардың халық­ара­лық деңгейде бәсекеге қабі­летті болуына ықпалдасамын. Соны­мен қатар Оксфорд PV және Қытайдағы серіктестермен байланыс орнатып, жаңа технологияларды елге әкелуге, тіпті перовскит батареяларын жергілікті шикізаттан өндіру мүмкіндігін зерттеуге дайынмын.

– Бізде ғылыми экожүйе қалыптасқан ба?

– Кейінгі жылдары ғылымды жүйелі дамытуда әжептәуір бетбұрыс бар. Ғылым және жоға­ры білім министрлігінің халық­аралық академиялық кластер қалыптастыру бастамалары – сапа стандартының өсуіне бағытталған маңызды қадам.

Oxford, Cardiff University се­кілді оқу орындарымен серік­тестік бұл тек атау үшін емес, академиялық мәдениетті, зерттеу менеджментін, талап деңгейін көтеруге қажет. Оның үстіне республикадағы бірқатар жоғары оқу орындары, әсіресе Nazarbayev University әлемдік деңгейдегі ғалымдарды тартып, халықара­лық ғылыми желіге белсенді кірігіп отыр. Инфрақұрылым да жаңа­рып, экожүйе нығайып келеді. Демек, отандық ғылым жаңа сапалық кезеңге аяқ басты деуге негіз бар.

Ғылымда «Standing on the shoulders of giants» деген сөз бар. Яғни алдыңғы буынның жетістігіне сүйену. Біз де қазір әлемдік тәжірибеге иек артып, ғылыми мектебімізді қалыптастырып жатырмыз. Бүгінгі ғылыми инвес-тиция – ертеңгі технологиялық тәуелсіздік.

Осы орайда Мәжіліс депутаттары Асхат Аймағамбетов, Жар­қынбек Амантайұлы және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ағала­рымыздың қолдауын ерекше атап өткім келеді. Оксфордтан ұсыныс алған кезеңде туындаған бюрократиялық мәселелерді шешуде үлкен көмек көрсетілді. Мұндай қолдау жастардың әлем­дік мүмкіндіктерге еркін шығуына және елге сеніммен оралуыма негіз болады.

– Ізіңізді басқан жастарға қандай кеңес бересіз?

– Мен қарапайым отбасында тәрбиелендім. Шетелде оқуға әжептәуір қаржы қажет. Бірақ қазір мүмкіндік көп, мемлекеттік бағдарламалар да, халықаралық гранттар да жеткілікті. Бір өңірдің, не ауылдың шеңберінде қалмай, оқуға, білім алуға талаптану керек. Батыл шешім қабылдап, тәуекел ете білсеңіз, халықаралық деңгейге шығуға болады.

Білім мен еңбекқорлықты бас­ты құндылыққа айналдыру қажет. Сонда ғана Қазақстан технологиялық тәуелсіз елге айнала алады. Бұл – біздің қолы­мызда.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Зейін ЕРҒАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары