Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Күлтегін жазуының кілті

Күлтегін жазуының кілті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Биылғы айтулы оқиғаның бірі – 1896 жылы Хельсинки қаласында «Фин-угор» қоғамы редакция алқасының (Suomalais-ugrilaisen seuran toimituksia) шешімімен Финляндия әдеби қоғам баспасынан (Lmprimerie de la societe de literature finnoise) Вильгельм Томсонның «Орхон жазбалары» («Inscriptions de l’Orkhon») атты құнды кітабы жарық көруі. Бұл туындыға биыл 130 жыл толып отыр.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Әңгіме желісін әуелден бас­тасақ, күллі еуразиялық аумақты қамтып жатқан ежел­гі түркі ескерткіш жазбаларының бір пұшпағы Орхон жазба ескерткіштері хақындағы мәлімет ХІХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап, Батыс пен Ресей мамандарының назарын аударды. Жазба туралы тұңғыш  дерек 1825 жылы ресейлік сібіртанушы Григорий Спасскийдің авторлығымен «Сибирский вестник» журналына жарияланыпты. Бұл мағлұмат еуропалық зерттеушілерді елең еткізеді. Нәтижесінде, Фин археологиялық қоғамы Моңғол даласына экспедиция ұйымдастырады.

Дәл осы жылдары Өтүкен даласында орын тепкен түркі жазбаларын зерттеу жолында Ресей Ғылым академиясы мен «Фин-угор» қоғамы арасында бәсекелестік пайда болады. Бірінші болып қозғалған Н.Ядринцев (1842–1894) бастаған орыс ғалымдары 1879 жылы Орхон бойын көктей сүзіп, көне түркі ескерткіштері туралы тың дүниелер табады. Оны Ресей археологтерінің VІІІ конгресінде жария етеді.

Одан кейін 1891 жылы бұл іске атақты түрколог В.Радлов тартылады. Ол бастаған экспедиция Орхон жазба ескерткіштерінің барлық нысанын фотоға түсіріп, екі үлкен атлас жасап шығады.

Жоғарыда ресейліктер жасаған атластармен танысқан Копенгаген университетінің профессоры Вильгельм Томсен (1842–1925) 1883 жылы 25 қараша күні құпия жазудың кілтін тауып, бұл жаңалығын Данияның Корольдық Ғылым академиясы алдында 15 желтоқсан күні баян етеді. Сөйтіп, бұдан 60 жыл бұрын Г.Спасский айтқан «Ерте ме, кеш пе, Сібірдің байырғы мұралары өзінің Шамполионын тудырады» деген сөзі шындыққа айналады.

«Томсеннің басты ерекшелігі – чех, неміс, серб, поляк, венгр, араб, парсы, сыған, жапон, қытай, түрік тілдерін әртүрлі деңгейде меңгерген, талантты ғалым еді», деп жазады, елімізге танымал түрколог-ғалым Мырзатай Жолдасбеков.

Осы орайда даниялық ғалым бұған дейін ешкім оқымаған Күлтегін жазуының кілтін қалай тапты дегенге тоқталсақ, бұл туралы отандық түркологтер М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының еңбектерінде айтылғандай, Томсен мырза ең әуелі белгісіз жазуды оқу үшін оның таңбалану бағытын айқындау қажет деп таниды. Сөйтіп, мәтін оңнан солға қарай жазылғанын (араб жазуы  сияқты) анықтап алады. Одан кейін әріптердің бәдізделген дара белгісіне назар аударып, 38 әріп-таңба барын анықтайды.

Томсен осылай ескерткіш жазбаның сыртқы көрінісі мен жалпы мазмұнын нақтылап алғаннан кейін бір дауыссыз ілгері дыбыстың ықпалымен байланыса ма, жоқ па дегенге мән береді. Ол үшін Томсен ХVХ тәрізді ұқсас таңбалар тобын таңдап алып, Х дауыссыз дыбысты білдірсе, Ү дауысты дауыс дыбыс болуға тиіс, ал керісінше Х дауысты болса, Ү дауыссыз дыбыс болуға тиіс деген қорытынды жасайды. Осы тәсіл арқылы таңбаларды дауысты және дауыссыз деп екі бөлікке жіктеп алды.

«Әлбетте, бұл тәсіл бірден дәлдігін таппады. Өйткені ғалымға тұспал-бол­жам емес, дәл түскен нақты дәлел керек еді. Сондықтан Томсенге әрі қарай ізденуге тура келді», деп жазады түрколог-әдебиетші ғалым Мырзатай Жолдасбеков (Жолдасбеков. М. Ұлы дала әдебиеті. – Астана: «Ғылым» баспасы, 2018. – 39-б.).

Келесі кезекте зерттеуші Күлтегін жазба ескерткішінің екінші бетінде бәдізделген қытай тіліндегі мәтінге назар аударады. Ондағы «тәңір», «Кюэ-те-гин» және «ту-кюэ» сөздерін таңдап алып, зерттеудің тірегі етеді. Бұл атаулар дыбысталған тоғыз таңба-әріпті анықтаған соң, қалған дыбыстық таң­баларды осыларға үйлестіре зерттеп, жазба ескерткіштің әліппесін құрап шығады.

Келесі 1894 жылы орыс ғалымы Радлов әріптесі Томсен анықтаған әріптерді пайдалана отырып, Күлтегін ескерткішінің толық аудармасын жасап, оны 1894 жылы 19 қаңтар күні Петербург Ғылым академиясы төралқасы алдында әйгілейді. Одан кейін мәтін­ге бертінде академик С.Малов жан-жақты аударма жасаса, қазақ ғалым­дары арасынан Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, М.Жолдасбеков, С.Қаржау­байлар Орхон жазбаларының тілдік мұрасын зерттеді.

Ұзақ жыл құпиясын сақтап келген Күлтегін жазба мәтіні осылай оқылған екен. Бірақ жазудың кілтін тапқан В.Томсен екі жыл ауырып қалып, көне түркі жазу таңбаларын зерттеу ісінде аздаған үзіліс туындайды. Денсаулығын түзеп алған Томсен 1896 жылы біз сөз етіп отырған кітапты жазып шығады.

Кітап екі тараудан тұрады. Бірінші бөлімі «Алфавит» (L’Alphabet) деп аталып, автор өзі негіздеген ежелгі түркі әліпбилерін жеке-жеке таңбалап, оларға дыбыстық (фонема) тұрғыдан түсінік берген екен. Екінші бөлімге  «Транскрипция және аударылған мәтіндер» (I және II ескерткіштер) («Transcription et traduction des textes (monuments I et II)») деген атау беріліпті.

Ал үшінші бөлім «Толықтырулар мен түзетулер» («Additions et rectifications») аталып, ішінен «Материалдардың ана­литикалық индексі» («Index analytique des matières») және «Түркі ин­де­сі: атауларға түсінік» («Index turc. a. Lexique») дейтін екі тарауға жіктеліпті.

Бұл кітап күні бүгінге дейін түркітану саласында әлі құнын жоймаған бірден-бір дереккөз ретінде пайдаланылып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

Оқиға • Кеше

Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді

Қоғам • Кеше

FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді

Ата заң • Кеше

Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді

Жануарлар • Кеше

Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды

Оқиға • Кеше

15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды

Футбол • Кеше

2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді

Оқиға • Кеше

Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды

Оқиға • Кеше

ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады

Көрме • Кеше

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты

Қоғам • Кеше

«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды

Елорда • Кеше

Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 09:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары