Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

Нұржан Нұржігітов: Судың әр тамшысы стратегиялық ресурс

Нұржан Нұржігітов: Судың әр тамшысы стратегиялық ресурс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

– Нұржан Молдиярұлы, елі­мізде Су ресурстары және ир­ри­гация министрлігі құрыл­ған­нан бері үшінші жыл қатарынан Су шаруа­шылығы қызметкерлері күні жоғары деңгейде аталып өтіп келеді. Кейінгі жылдары сала мамандарының мәртебесі қан­ша­лықты жақсарды?

– Ең алдымен, жыл сайын сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру бойынша нақты шаралар қабылданып жат­қанын айта кеткеніміз жөн. Мәсе­лен, өткен жылы Мемлекет бас­шысы қол қойған «Табиғи моно­полиялар туралы» заңға ен­гізілген түзетулер «Қазсушар» рес­­публикалық мемлекеттік кә­сіпорны мамандарының жала­қы­сын едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Егер 2024 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өссе, өткен жылы бұл көрсеткіш 50%-ға дейін көбейді. Ал биыл тағы 15%-ға артты­рылды. Осы­лайша, кейінгі екі жарым жыл­дың ішінде жалақыны орта есеппен екі есеге көбейттік.

Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шаралары да жүзеге асырылып келеді. Мәселен, 2024 жылы су шаруа­шылығы мамандықтары алғаш рет «Дипломмен – ауылға!» мем­лекеттік бағдарламасына енгізілді. Ал өткен жылы саладағы алты маман «Наурыз жұмыскер» ипо­те­калық бағдарламасының қатысу­шысы атанды.

– Қабылданып жатқан шаралар су шаруашылығы саласына жаңа кадрлардың келуіне әсер етті ме?

– Әрине, әлеуметтік қолдау шара­лары су шаруашылығы сала­сының тартымдылығын арт­тыруға ықпал ете бастады. Сонымен қатар заман талабына сай білім мен дағдыларға ие жаңа буын мамандарын даярлау бағытында кешенді жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Салада алғаш рет магистратура мен индус­триялық докторантураның бейінді білім беру бағдарламалары іске қосылып, су шаруашылығы саласының өзіндік жоғары ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қаланды. Бүгінде еліміздің 13 жоғары оқу орны мен 10 колледжі су шаруашылығы саласына түрлі маман даярлайды. Қазіргі уақытта бейіндік мамандықтар бойынша 2 700 студент білім алып жатыр. Былтыр су мамандықтарына мыңнан астам талапкер оқуға түсті.

Ал 2026–2027 оқу жылына 751 білім гранты бөлінді. Сондай-ақ «Қазсушар» РМК филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны 2024 жылы небәрі 82 адам болса, былтыр 339-ға, ал осы жылы 750-ге жетті. Сондай-ақ қазіргі таңда министр­ліктің 20 қызметкері «Бола­шақ» бағдарламасы және шетел­дік жоғары оқу орындарымен бірлескен қос дипломды бағдар­ла­ма­лар аясында білім алып жатыр.

– Еліміздің су шаруашылығы саласын жаңғырту бағытында қандай негізгі заңнамалық өзгерістер жүзеге асырылды?

– Отандық су шаруашылығы саласын тиімді трансформациялау мақсатында берік нормативтік-құқықтық негіз қалыптастырылып, саланың алдағы даму бағытын айқын­­дайтын стратегиялық құжат­тар әзірленді. Бір жыл бұрын жаңа Су кодексі күшіне енді. Ол су ресурс­­тары саласындағы мемлекеттік сая­­сатты іске асырудың іргелі құ­қық­тық құралына айналды.

Құжатта су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың түбегейлі жаңа қағидаттары бекітіліп, алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Бұдан бөлек, су нысандарының сар­қылуына жол бермеу мақса­тын­да «экологиялық ағын» ұғымы енгізілді. Бұл – өзендер, көлдер мен теңіздердің экожүйесін сақтау мақсатында қажетті ең төменгі рұқсат етілетін су деңгейі. Шағын өзендер мен көлдерді қорғауға қойылатын талаптар кеңейтілді. Сонымен қатар сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтарды қорғаудың ерекше режімі енгізілді.

Жаңа Су кодексінің тағы бір маңызды ерекшелігі – гидротех­ни­калық нысандар қауіпсіздігі мәсе­лесінің жеке тарауға шыға­рылуы. Сонымен қатар судың «қара нарығымен» тиімді күресу мақ­сатында бассейндік инспек­ция­лардың бақылау мен қадағалау өкілет­тіктері кеңейтілді. Енді олар жедел ден қою шараларын қабыл­дай алады.

– 2024 жылы су шаруашылығы саласын дамытудың кешенді жос­пары қабылданғанын білеміз. Осы стратегиялық құжат қалай жүзеге асырылып жатыр?

– Кешенді жоспарға сәйкес 42 жаңа суқоймасын салу, қолда­ныстағы 37 суқоймасын рекон­струк­­циялау, 14,5 мың ша­қы­рым арнаны жаңғырту көз­дел­ген. Қазіргі таңда үш жаңа суқоймасының құрылысы бас­талды. Түркістан облысында екі суқоймасының құрылысы аяқ­та­луға жақын. Сонымен қатар министрлік тағы екі суқоймасының құры­лы­сы­на арналған жобалау-смета­лық құжатты әзірлеу жұмы­сын аяқтады. Тағы 13 суқоймасының құ­рылысына қатысты жобалық құ­жат­тар әзірленіп жатыр. Ал жер­гі­лікті атқарушы органдар 22 суқоймасының құрылысына арнал­ған жобалау-сметалық құжатты дайын­дауға кірісті.

Министрлік бес суқоймасын реконструкциялау жұмысын аяқтады. Тағы сегіз суқоймасын реконструкциялауға арналған жобалау-сметалық құжат әзір­ленді. Қазіргі уақытта 18 нысан бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар бір суқоймасын реконструк­ция­лап, тағы жеті нысанда жұмыс­ты жалғастырып жатыр. 2021 жылдан 2025 жыл аралығында 6 мың ша­қырымнан астам арна жаңғыр­тыл­ды. Биыл шамамен тағы 1 мың шақырым арнаны жаңғырту жос-парланып отыр.

2026 жылдың басында Еуропа­лық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылған 46 жоба толық аяқталды. Қазіргі уақытта тағы 21 жоба іске асырылып жатыр. Жалпы, жоспарланған 717 шақырым арнаның 502 шақырымы реконструкцияланды. Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан тоғыз жоба аясында жоспарланған 635 шақырым арнаның шамамен 600 шақырымы реконструкцияланды.

– Министр мырза, мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы, техника және білікті мамандар қажет.  Минис­тр­лік бұл бастамалардың сапалы орындалуын қалай қам­та­масыз етпек?

– Бүгінде «Қазсушар» РМК теңгерімінде 2100-ден астам арнайы техника бар. Былтыр Өнеркәсіпті дамыту қорының қаражатына 576 техника сатып алынды. Сонымен қатар тарифтік қаражат есебінен тағы 135 техника алдық. Осының нәтижесінде кәсіпорынның техника паркі 27%-ға жаңартылды. Бұл арнайы техниканы жалға алу шығындарын 85%-ға қысқартуға, оны жөндеуге кететін шығындарды екі есеге азайтуға мүмкіндік берді. Жаңа техниканың арқасында былтыр 375 гидротехникалық құрылыста жөндеу жұмысы жүргізілді. Бұдан бөлек, суару арналарын механикалық әдіспен тазалау қарқыны үш есеге артты. Жыл басынан бері 1430 шақырымнан астам арна механикаландырылған тәсілмен тазартылды. Келесі жылға дейін тағы 800 шақырым арнаны тазарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кәсіпорынды кешенді жаңғырту жұмысы жүр­гізіліп жатыр. Бизнес-про­цес­терге реинжиниринг жасалып, олар автоматтандырылды. Қабылданған шаралардың нәти­жесі де көп күттірген жоқ. 2025 жылы «Қазсушар» РМК ұзақ уа­қыт­тан бері алғаш рет пайдамен жұ­мыс істеді.

Министрлік су шаруашылығы саласына жеке инвестицияларды тарту бағытында да белсенді жұмыс жүр­гізіп келеді. Былтыр саланың негізгі капиталына шамамен 400 млрд теңге көлемінде инвестиция тар­тылды. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 22%-ға жоғары.

– Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласын цифр­лан­дырудың маңызын бірнеше рет атап өтті. Бұл бағытта қан­дай жұмыс атқарылуда?

– Министрлік су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың басқа да элементтері туралы деректерді біріктіретін Су ресурс­тарының ұлттық ақпараттық жү­йесін әзірледі. Қазіргі уақытта атал­ған жүйе өнеркәсіптік пайда­ла­нуға енгізудің соңғы кезеңінде тұр.

«Қазсушар» РМК аясында шаруа­лармен жұмыс істеудің бар­­лық негізгі үдерістері цифр­­ландырылды. Соның нәтижесінде есеп айырысудың және су берудің ашықтығы артып келеді. Жыл басынан бері жаңа биллинг жүйесі арқылы шаруалармен арна арқылы су беру жөнінде 26,8 мыңнан астам келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар су тұтынуды ерте болжау жүйесі енгізіліп жатыр. Ірі су тұтынушылармен, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіп­орын­дармен, коммуналдық ұйым­дармен және өзге де су пайда­ла­нушылармен келісімшарт жасасу үде­рістерін цифрландыру бас­талды.

Министрлік БҰҰ Даму бағдар­ла­масымен бірлесіп Германияның TALSIM-NG бағдарламалық кеше­нін еліміздің табиғи-кли­мат­тық жағ­дайына бейімдеу жұмыстарын жүр­гізіп жатыр. Бұл жүйе қардың жиналуы мен еруін, өзен ағынының қалыптасуын, суқой маларына келетін су көлемін, сондай-ақ су тасқыны мен су тапшылығының ­ық­тимал сценарийлерін модельдеу­ге мүмкіндік береді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Жасұлан СЕЙІЛХАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 08:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

07 Шілде 2026 16:09see117

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

07 Шілде 2026 12:41see117

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

07 Шілде 2026 10:12see116

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see115

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

07 Шілде 2026 16:00see115

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07 Шілде 2026 20:02see115

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

08 Шілде 2026 11:49see115

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07 Шілде 2026 14:41see114

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

07 Шілде 2026 09:55see114

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

07 Шілде 2026 16:02see114

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

08 Шілде 2026 12:23see114

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

07 Шілде 2026 12:56see114

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

07 Шілде 2026 14:45see113

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

07 Шілде 2026 15:05see113

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

07 Шілде 2026 12:49see113

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

08 Шілде 2026 07:50see113

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

07 Шілде 2026 14:24see112

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see112

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

08 Шілде 2026 15:30see111

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

08 Шілде 2026 14:37see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары