Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Продюсерінен зорлық көрген жігіт оқиғасы: Полиция тексерісті бастады

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Қазақстандағы проблемалық кредиттерді жеке компанияларға беру ұсынылды

35 градустық аптап ыстық Қазақстанға қайтып оралады

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Су сарқылмайтын ресурс емес

Су сарқылмайтын ресурс емес

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Климаттың өзгеруі жағдайды одан әрі ушықтыруда. Температураның көтерілуі, мұздықтардың еруі және жауын-шашын режимінің өзгеруі өзендердің су деңгейіне әсер етуде. Әсіресе, оңтүстік аймақтарда егін суару мәселесі күрделеніп, ауыл шаруашылығы өндірісі су үнемдеуге мүдделі болып отыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл оңтүстікте су тапшылығы сезілуі мүмкін екенін болжап отыр. Министр Нұржан Нұр­жігітовтің айтуынша, 2025 жылы жауын-шашынның аз түсуі, әсіресе таулы ай­мақ­тарда ылғал қоры нормадан төмен бо­луының салдарынан Сырдария мен Талас бассейндерінде су деңгейі көпжылдық нормадан төмен. Іле мен Шу өзендерінде су жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, ағын біркелкі емес.

– Тоқтоғұл су қоймасының көлемі былтырғыдан 1,5 км³ кеміген, бұл Түркістан облысындағы Мақтаарал мен Жетісай аудандарына «Достық» каналы арқылы су жеткізуді қиындатуы мүмкін. Жамбыл облысы үшін маңызды Киров су қоймасы да тәуекелде: қазіргі көлемі 314 млн м³, бұл былтырғыдан 1,5 есе аз, – деді министр.

Бассейндік жоспарлар жасалды

Мамандар оңтүстік өңірлерде суару режимін тиімді жоспарлау, резервтік қорларды пайдалану және су тапшылығына дайындықты күшейту қажеттігін ескертеді. Дегенмен Су ресурстары және ирригация министрлігі бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылы қабылданған жаңа Су кодексі күшіне енді. Онда алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізіліп, ресурстарды қатаң есепке алу мен экологиялық теңгерімді сақтау заң жүзінде міндеттелді. Сонымен қатар «2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, оның аясында 42 жаңа су қоймасын салу және мыңдаған шақырым каналдарды қайта жөндеу арқылы елдің су ин­фрақұрылымын түбегейлі жаңғырту көзделген.

– Ендігі кезекте әр өңірдің ерекшелігін, су көлемі мен инфрақұрылым жағдайын көрсететін Бассейндік жоспарлар жасалады. Кейін бұл мәліметтің барлығы климаттық және экономикалық факторларды ескеретін 15 жылдық ұзақмерзімді ұлттық Бас жоспарға біріктіріледі. Ал ұзақмерзімді жобалармен қатар ағымдағы мәселелерді жедел шешу мақсатында 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар іске қосылды. Бұл құжат саланы уақытша кідіріссіз цифрландыруды және суару жүйелерін заманауи талаптарға сай бейімдеуге бағытталған, – деді ми­нистр­ліктің баспасөз қызметі.

Министрлік саланы цифрландыру бойынша, Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесі әзірленіп жатқанын және қазір оның он модулінің сегізі пилоттық режимде іске қосылғанын хабарлады.

– Жүйеде су объектілерінің интерактивті картасы жұмыс істейді, еліміздің сегіз су шаруашылығы бассейні бойынша есеп жүргізіледі, сондай-ақ 1000-нан астам гидротехникалық құрылыс пен 82 су қоймасының мониторингі қамтамасыз етілген. Сонымен қатар су ағындарын болжауға арналған гидрологиялық модельдер, су тұтынуды талдау және болжау үшін жасанды интеллектке негізделген жүйелер енгізілуде, сондай-ақ суару арналарының автоматтандырылуы мен цифрландырылуы бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Саладағы негізгі цифрлық шешімдерді толық енгізу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Былтыр Астанада өткен БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Қазақстан арасындағы су ресурстарын тұрақты басқару саласын талқылауға арналған дөңгелек үстелде БҰҰ өкілі Виорел Гуту еліміздің су қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірген болатын. Ол дөңгелек үстел барысында БҰҰ-ның дерегі бойынша 2022 жылы Қазақстанның су ресурстарына жүктеме 34,6%-ға жеткені туралы және негізгі мәселе – суды тиімсіз пайдалану, суару жүйесіндегі ысырап және трансшекаралық өзендерге тәуелділік екенін айтқан.

«Қазақстандағы жерасты суларын пайдалану – дәл қазір назар аударуға болатын дамудың перспективалы нұсқасы. Дегенмен жерасты суларының ресурстары біркелкі таралмаған және олардың сапасы біркелкі емес», – деді БҰҰ өкілі Виорел Гуту.

Трансшекаралық келісімдер: тиімді дипломатия

Сарапшылардың сөзінше, елімізде су ресурстары біркелкі таралмаған. Сондықтан географиялық ерекшеліктерді, яғни елдегі су таралуының нақты жағдайын да ескеру қажет. Халықаралық сарапшы Болат Есекинннің айтуынша, су, жер және орманды бөлек емес, біртұтас қарастыратын интеграцияланған басқару реформасы қажет.

– Су тапшылығының басты қаупі – антропогендік жүктеменің артуы және орман, су, жер экожүйелерінің тозуы салдарынан жаһандық әрі жергілікті су айналымының бұзылуымен байланысты. Негізгі қателердің бірі – су тапшылығы мәселесін тек технология арқылы шешуге болады деген түсінік. Тамшылатып немесе жаңбырлатып суару, сондай-ақ тарифтік тетіктер суды үнемдеуге бағытталғанымен, олар су қорын қайта толықтыру мәселесін шешпейді. Ал өзендер арқылы күн сайын ағып, қайта айналымға түсетін мил­лиардтаған текше шақырым судың орнын технология көмегімен алмастыру мүмкін емес. Біз оларды ешқашан алмастыра алмаймыз, өйткені адамзаттың қуаты табиғаттың қуатынан 10-20 дәрежеге әлсіз – бұл физиканың заңдылығы. Сондықтан су, жер және орманды бөлек емес, біртұтас қарастыратын интеграцияланған басқару реформасы қажет. Сондай-ақ Президент Тоқаев айтқандай, су мәселесі бойынша халықаралық ұйым құру бастамасы аясында жаһандық үйлестіру де керек, – дейді ол. 

Қазақстандағы су проблемасының тағы бір түйткілі су ресурстарының шамамен 44,3%-ы трансшекаралық өзендерге тәуелді болуымен байланысты. Бұл еліміздің су қауіпсіздігін сыртқы факторларға байлап отыр. Қазақстан су қорын жинау үшін  Қытай Халық Республикасымен (Ертіс, Іле, Емел өзендері), Ресеймен (Жайық, Тобыл, Есіл, Ертіс), Қырғызстанмен (Шу, Талас) және Өзбекстанмен (Сырдария) мәміле жасайды. Мамандардың зерттеуінше, әсіресе Қытай тарапынан біздің елімізге ағып келетін ірілі-ұсақты өзендердің жалпы саны мыңға жетеді. Бүгінгі күні еліміз Қытаймен келіссөздер нәтижесінде тек Қорғас өзенін бірігіп пайдаланудың тәртібін келісуге қол жеткізген. Ендігі кезекте Қазақстан дипломатиясының алдында Ертіс және Іле өзендері бойынша уағдаласу мәселесі тұр. Бұл тұрғыда сарапшы Марат Иманалиев Қытай Халық Республикасымен трансшекаралық өзендер бойынша, соның ішінде ең бастысы – Ертіс, Іле өзені жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр дейді. Оның сөзінше, Қазақстан Қытаймен мұндай келіссөздер жүргізіп жатқан жалғыз ел және келіссөздердің 50%-ы жүргізіліп қойған.

Сондай-ақ мамандар елдегі 90% су ауыл шаруашылығы мен суармалы егіншілікке жұмсалатынын және ол су кері қайтарылмайтынын айтады. Сондықтан кейінгі жылдары республиканың оңтүстік өңірлерінде су ресурстарының қол­жетімділігін ескере отырып, су көп қажет ететін дақылдар, оның ішінде күріш пен мақта егіс алқаптарын оңтайландыру жұмыстары қолға алынып жатыр. Мәселен, биылдан бастап суды аз тұтынатын өнімді дақылдар көптеп егілмек. Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің дерегінше, оңтүстік өңірлерде су лимитіне байланысты күріш алқабы 20,2 мың гектарға қыс­қартылды. Мақта алқабы 162,4 мың гек­тарды құрайды. Оның ішінде 79,8 мың гектарды тамшылатып суару, 82,6 мың гектарды дәстүрлі суару жоспарланған. Нәтижесінде, тамшылатып суару алаңы 29,8 мың гектарға ұлғайып, дәстүрлі әдіс 12 мың гектарға қысқарады деп күтілуде.

142 елді мекен сапалы ауызсумен қамтылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы халыққа Жолдауында: «Жалпы, ондаған жыл бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ауызсу мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Сондықтан Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет», – деген еді. 2023 жылғы деректерге сәйкес, елімізде 1,3 миллион адам орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылмаған. Ауылдардың 10%-дан астамы әлі күнге дейін құдықтан, өзен-көлден немесе тасымалды су көздерінен су ішеді. Тиісті министрліктер мен ведомстволар 2030 жылдың соңына дейін су сапасын жақсарту мақсатында су құбырларын жаңалау және экономика салаларындағы суды қайта пайдалану үлесін 17%-дан 28%-ға дейін ұлғайту бағытында бірқатар жұмысты жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыруда.

Министрлік еліміздің 9 өңірінде топтық су құбырларын реконструкциялау және жаңғырту бойынша 30 жобаны іске қосты.

– 2025 жылы жоспарланған 9 жобаның орнына 15 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды (60%-ға артық орындалды). Жобалардың жалпы ұзындығы 1,5 мың шақырымды құрайды. Нәтижесінде, 514 мың адам тұратын 277 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жақсартылып, қамтамасыз етілді. Оның ішінде 73 елді мекеннің (115,5 мың адам) тұрғындары алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізді.

2026 жылы 12 жобаны аяқтау жоспар­ланып отыр. Бұл 540 мыңнан астам халқы бар 142 елді мекенде сумен жабдықтау са­па­сын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді Ерболат Ибрайханов.

Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, жер шарының 74 пайызын су алып жатыр. Алайда соған қарамастан әлемде су жетіспейді, әсіресе ауызсу тапшылығы күннен-күнге анық байқалуда. Су – сарқылмайтын ресурс емес. Алайда ұзақмерзімді, жүйелі және ғылымға негізделген саясат аясында оны қорғау, сақтау, үнемдеу арқылы мәселенің түйінін тарқатуға болады деп ойлаймыз.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 06:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

13 Мамыр 2026 12:17see120

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:18see116

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

13 Мамыр 2026 15:05see116

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:14see114

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

13 Мамыр 2026 14:25see114

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

13 Мамыр 2026 11:55see113

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:21see112

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

13 Мамыр 2026 22:27see111

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see110

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see109

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

15 Мамыр 2026 00:41see109

Продюсерінен зорлық көрген жігіт оқиғасы: Полиция тексерісті бастады

13 Мамыр 2026 17:33see109

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

14 Мамыр 2026 17:47see109

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see109

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see108

Қазақстандағы проблемалық кредиттерді жеке компанияларға беру ұсынылды

13 Мамыр 2026 15:09see108

35 градустық аптап ыстық Қазақстанға қайтып оралады

13 Мамыр 2026 11:15see107

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

14 Мамыр 2026 12:48see107

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

13 Мамыр 2026 22:27see107

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары