Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Олжас Бектенов Семей орманында ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді

Олжас Бектенов Семей орманында ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Абай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ормандарды қорғау және сақтау ісінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Осы мақсатта ол «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болып, өртті ерте анықтауға арналған жүйелердің дайындығына ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: primeminister.kz

Цифрлық шешімдер – орман қауіпсіздігінің негізі

Резерват аумағында орман және дала өрттерін ЖИ негізінде ерте анықтау жүйесінің пилоттық енгізілуі таныстырылды. Бұл технология өрт ошақтарын алыс қашықтықтан және кез келген ауа райында анықтауға мүмкіндік береді.

Осы жерде Премьер-министрдің, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің және Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қатысуымен орман өртін қолдан ұйымдастырған оқу-жаттығу өткізілді. Мамандар цифрлық жүйелердің өрт сөндіру қызметімен өзара әрекеттесуін көрсетті.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаевтың айтуынша, заманауи тепловизиялық және оптикалық камералармен жабдықталған бейнемониторинг жүйесі өрт белгілерін бастапқы кезеңде-ақ автоматты түрде анықтайды. Түтін немесе жалын тіркелген жағдайда, жүйе дереу Жедел басқару орталығына сигнал жібереді. Бұл өртті жылдам оқшаулап, жоюға мүмкіндік береді.

Жедел басқару орталығы бейне қабырғамен және стационарлық радиостансамен жабдықталған. Мұндай орталықтар Абай облысындағы 7 ауданда орналасқан «Семей орманының» барлық 10 филиалында жұмыс істейді. Жүйе 100-ден астам сынақтан өткен.

Қазіргі уақытта жүйені жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда, ол алты метеокешенмен және найзағай бағытын анықтау стансасымен интеграцияланбақ, бұл құрғақ найзағайдан туындайтын өрттерді де ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Президент тапсырмасына сәйкес, өртті ерте анықтау технологиясы бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен кеңейтіліп жатыр. Бұл жөнінде «Қазақтелеком» АҚ цифрлық бизнес дивизионының бас директоры Бақтияр Қожахметов баяндады. Оның айтуынша, Ақмола облысында, Астана маңында және бірқатар ұлттық парктерде жүйе кезең-кезеңімен енгізілуде. Ал биыл шілдеге дейін еліміздегі 24 табиғи парк пен қорық толық қамтылып, қыркүйекте жүйе өнеркәсіптік пайдалануға беріледі.

«Семей орманы» резерватында сирек кездесетін сілеусін көзге түсті

Материалдық-техникалық база нығайып келеді

Олжас Бектенов орманды қорғауда жаңа стандарттар енгізіліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес біз орман қорын қорғаудың түбегейлі жаңа стандарттарын енгізіп жатырмыз. Орманды қалпына келтіріп қана қоймай, төтенше жағдайлардың алдын алуға да бағытталған жүйелі шаралар қабылданып отыр. Президент айқындаған негізгі бағыттардың бірі – цифрландыруды енгізу. Өткен жылы резерватта 510 мың гектар аумақты қамтитын, 37 заманауи камерамен жабдықталған өртті ерте анықтау жүйесі енгізілді. Технологияларды тікелей патрульдеу шараларымен нығайту қажет. Бұл өте маңызды. Сондықтан өрт қаупі жоғары кезеңде орман күзетінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ол барлық қауіпті аймақтарды қамтуға тиіс. Жүргізіліп жатқан жұмыс «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының мақсат-міндеттеріне толық сәйкес келеді, оның шеңберінде біз табиғи ресурстарды сақтап қана қоймай, азаматтардың экологиялық мәдениетін де арттырамыз», деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр жұмысты жеделдетіп, цифрлық технологияларды сапалы енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Краснокордон орманшылығында Олжас Бектенов орман шаруашылықтарының техникалық жаңғыртылуымен танысты. «Семей орманы» МОТР бас директоры Қазбек Әметовтің айтуынша, соңғы екі жылда резерваттың техникалық паркі 100% жаңартылған.

Бұрын тозу деңгейі 85% болса, бүгінде бұл мәселе толық шешілген. Тек 2023 жылдың өзінде лизинг арқылы 39 өрт сөндіру машинасы, 26 шағын кешен және 10 трактор алынған.

Кәсіпорынның иелігінде:

30 орман өрт стансасы; «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның 3 тікұшағы; 82 өрт сөндіру автомобилі; 49 патрульдік кешен; 187 трактор және өзге де техника бар. Ел бойынша ауқымды жаңғырту

Үкіметтің өртке қарсы техниканы жаңарту бағдарламасы шеңберінде 2024-2025 жылдары 21,5 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде орман шаруашылықтарының техникамен қамтылуы 87%-ға жетті.

Осы кезеңде:

92 өрт сөндіру машинасы; 118 патрульдік кешен; 244 трактор; 240 патрульдік көлік; 3 мыңнан астам басқа техника сатып алынды.

Сонымен қатар лизинг арқылы 1057 өртке қарсы техниканы алу үшін 35 млрд теңге бағытталған. Бұл жұмыстарды биыл мамыр айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Премьер-министр Олжас Бектенов атап өткендей, цифрландыру, материалдық базаны нығайту және жүйелі басқару – орман қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетігі. Мемлекет қолға алған шаралар табиғи ресурстарды сақтаумен қатар, экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

«Семей орманы» қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген

Соңғы жаңалықтар

Сақтандыру ұйымдары несие өтелген соң 5 жұмыс күні ішінде ақшаны қайтаруға міндеттелді

Қоғам • Бүгін, 13:05

Тапшылық жоқ – сәйкесінше баға да өспейді: Энергетика вице-министрі жанармай құнының өзгеруі туралы

Экономика • Бүгін, 12:49

Психикалық саулық – тұрмыстық қызмет емес: Аймағамбетов саланың реттелмегенін сынға алды

Қоғам • Бүгін, 12:35

Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Қоғам • Бүгін, 12:16

Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі: Жаңа сүзгі қалай жұмыс істейді?

Экономика • Бүгін, 12:05

Бразилияда әлем чемпионаты кезінде стадион өртенді: Спортшылар аман ба?

Спорт • Бүгін, 11:49

Қорғалжында дамбы жарылды: Астана – Қорғалжын жолын су шайып кетуі мүмкін бе?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Жұмыс істеп жүрген ұстаздар біліктілік тестін тапсырудан босатылды

Білім • Бүгін, 11:22

Қазақстанда бала құқығын қорғау комиссияларының қызметі қайта жүйеленді

Қоғам • Бүгін, 11:08

Шетелдіктерді заңсыз тіркеген: Ақтөбеде жалған құжат жасаумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 10:57

Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады

Білім • Бүгін, 10:44

Ормұз бұғазы қайта жабылды

Әлем • Бүгін, 10:37

3 млрд теңгеден астам залал: Қостанайда субсидияны заңсыз иемденген қылмыстық топ сотталды

Шаруашылық • Бүгін, 10:22

Сәтбаевта көпқабатты үйден өрт шықты: 4 бала құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 10:12

Жетісудағы туристік инфрақұрылым: Алакөл жағалауындағы негізгі нысандардың жай-күйі тексерілді

Үкімет • Бүгін, 10:03

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 13:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see141

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see139

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see126

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see111

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see111

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары