Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Олжасы мол ұлттық спорт

Олжасы мол ұлттық спорт

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгін – ұлттық спорт күні. Әр өңірде кілем төселіп атан жілік, апайтөс балуандар белдеседі. Көлденең жатқан құба жонның топырағын тұяғымен тураған тұлпарлар дүбірі естілер аламан бәйге, бәсі жоғары көкпар ұйымдастырылады. Бойжеткеннің бетінен өбуге құмбыл қунақ жігіттер қыз қууға түседі.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Наурызнама аясында өткізі­летін спорттық іс-шаралар сала­матты өмір салтын насихат­тауға, ұлттық спорт түрлерін дамытып, қоғамдық бірлікті нығай­туға бағытталған. Мерекелік жарыстар дәстүрлі түрде көп қатысушы мен көрерменді жинап, көктемгі жаңару мен бірлік мерекесіне  айналып келеді.

Атаулы күнге орай жер-жерде  спорттық ойындар, түрлі сайыстар ұйымдасты­рылады. Мәселен, Түркістан қаласын­да жаңадан бой көтерген атшабарда көкпардан әлем чемпионаты түңлігін түрді. Соңғы рет 2017 жылы ұйымдас­тырылған әлемдік дода араға тоғыз жыл салып қайта жалауын тіктеді. Биылғы жаһандық сайыста  тоғыз мемлекеттің командалары бақ сынайды. Еліміздің ұлттық құрамасынан сырт Ресей, Өзбекстан, Тәжік­стан, Қырғызстан, Түркия, Ма­жар­стан, Ауған­стан, Моңғо­лия елінің көкпаршы­лары додаға кірді. 17–19 наурыз аралығында іріктеу сайысын өткізген қатысушылар бүгін жартылай финалдық тартысты бастайды.

Бүкіләлемдік көкпар қауым­дастығының президенті Данияр Қобыландиннің айтуынша,  11 елге сауын айтылып шақырту жіберілген. Додаға  қатысушыларға барлық жағдай жасалып, шетелдік команда өкілдеріне жарау арғы­мақтар берілген.

Көкпардан әлем чемпионаты жаңа ережемен өтіп жатыр. Доданың бас төрешісі Жанысбек Саев  екі топқа бөлінген командалар іріктеу кезеңінде тартысқа түсіп, финалдық кезеңге бірінші, екінші орын алған командалар шығатынын атап өтті. Бұған дейін ұйымдастырылған дода кезінде команда іріктеуде бір рет жеңілсе, финалға өтпейтін. Кейінгі ереже жұмсартылып, топтық кезеңде бір рет жеңілген командаға да финал­дық тартысқа мүмкіндік беріліп отыр. Содан болар,  әлем чемпионы атағынан әркім де дәмелі.

Қытай құрамасын алаңға бас­тап шыққан Нұрболат Тәліпбайұлы жылдан-жылға көк­пар ойы­­нына қызығушылық артып келе жатқанын жеткізді.

– Қарсылас командалардың да әлеуеті жоғары. Десе де Қазақ елінің ұлттық құрамасы тегеурінді екенін білеміз. Бұған дейін сан мәрте тартысқа түстік, сыралғы көкпаршылар көпшілігі. Біз додаға жергілікті қылқұйрықты мініп тартысқа түсеміз. Арғымақтардың екпіні күшті екен, бірте-бірте сәйгүліктердің сырына бой үйретіп келеміз. Әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр, – дейді көкпаршы.

Бір аптаға ұласатын әлем чемпио­натының жүлде қоры – 30 миллион теңге.

Ұлттық спорт күніне орай Түркістан шаһарында тағы бір дүбірлі дода жалауын желбіретті. Асық атудан басталған әлем кубогі ертең мәресіне жетеді. Төл ойынымызды үйренген қатысушылар әлемнің әр қиырынан келіп мергендігін сынап жатыр. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық асық ату федерациясы мен Түркістан облысының әкімдігі ұйымдастырған сайыстың атағы жер жарып тұр. Бұған дейін тек ұлттық ойын дәрежесінде насихатталып келген асық ату кейінгі жылдары спорт мәртебесін алып, ресми федерация құрылды. Ілкімді істердің нәтижесінде әлемдік додалар да ұйымдастырылып келеді.

Туризм және спорт министрлі­гінің мәліметінше, наурызнама онкүндігінде елімізде 747 спорт­тық-бұқаралық іс-шара өтеді. Ұлыстың ұлы күніне орай ұйым­дас­тырылатын жарыстарға шамамен 150 мың адам қатыспақ. Іс-шаралар барлық өңірді қамтып, ауылдық округтерден бастап аудан, қала және облыс орталықтарын да қамтиды.

Бағдарламаға негізінен қазақ халқының дәстүрлері мен мәдени мұрасын дәріптейтін ұлттық спорт түрлері енгізілген. Атап айтқанда, қазақ күресі, асық ату, жамбы ату, тоғызқұмалақ, садақ ату, құс­бегілік, аударыспақ, көкпар, теңге ілу сынды сайыс түрлерінен жарысады. Сонымен қатар мейрам аясында халық ойындары мен спорт жарыстары да өткізіледі. Олардың ішінде: қой көтеру, жілік сындыру, ләңгі тебу, арқан тарту, алыптар сайысының да қызығы мол.  Спорттық іс-шаралар бірнеше өңірде жоспарланған, бұл халықтың Наурызды мерекелеуі жоғары екенін айқындай түссе керек.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Президент • Бүгін, 07:30

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады

Әлем • Кеше

Алматыда екі күнге көлік қозғалысы шектеледі

Аймақтар • Кеше

Президент: Ғылым мен адам капиталы – ел дамуының басты бағыты

Президент • Кеше

Министрлік еліміздегі ең көп сатылатын дәрілерді аталды

Фармацевтика • Кеше

Мемлекет басшысы: Келер ұрпақ мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді

Президент • Кеше

Президент: Адам капиталы сапасын арттыру үшін бәрін жасауымыз қажет

Президент • Кеше

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Қазақстанда 32 мектеп апатты жағдайда тұр

Қазақстан • Кеше

Астанада 2026 жылы 40 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Елорда • Кеше

Ертең елімізде күн райы бұзылады

Ауа райы • Кеше

Сан емес, сапа маңызды: Тоқаев шетелдік ЖОО-на бөлінетін мемлекеттік грант құнын қайта пысықтауды тапсырды

Университет • Кеше

Президент: Қазақстанның ертеңі сіздердің ғылыми жаңалықтарыңызға байланысты

Президент • Кеше

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары