Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Қолын сындырған, басын жарған : 10 жастағы шабандоз жарыстарға қалай дайындалады

Ұлттық спорт табыс көзі

Ұлттық спорт табыс көзі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Біз ұлттық спортты көбіне әдемі безендірілген мәдениет ретінде қа­былдаймыз. Алайда шын мәнінде бұл – орасан экономика.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бүгінде ұлттық спорт түрлерін дамытуда бас­ты рөлді халық пен шағын бизнес атқарып отыр: ата-аналар балаларын үйірмелерге береді, жергілікті кәсіпкерлер спорт алаңдарын ашып, сый-сияпатпен қамтамасыз етеді, әйтеуір өңірлердегі белсенділер салаға жаңа серпін беріп жатыр. Соңғы бес жылда ұлттық спорт үйірмелеріне қатысатындар үлесі 6 пайыздан 10 пайызға дейін өсті, ал қазақ күресі, көкпар мен тоғызқұмалақ сияқты жарыстарға қатысушылар саны 58 пайызға артып, шамамен 300 мың адамға жетті.

Біздің балаларымыз ұлттық спортқа ден қойып келеді, бірақ біз оларға кәсіби тұрғыда дамуына мүмкіндік жасай алдық па? Өкі­нішке қарай, әзірге жоқ. Толыққанды экожүйе қалыптас­тыру үшін тек ұлтқа жаны ашитын белсенділердің еңбегі жеткіліксіз, бизнес те жүйелі күш қосуы қажет.

АҚШ тәжірибесіне сүйенсек, онда ұлттық мерекелер тікелей ауыл шаруашылығы мен тұ­тынушылар үнемі сабақтас. Мысалы, Алғыс айту күнінде аме­рикалықтар жыл сайын ондаған миллион күркетауық тұтынады, бұл күні шамамен 40 миллион құс сойылады, яғни жылдық өндірістің айтарлықтай бөлігі. Ал Хэллоуин кезінде асқабақ пен мерекелік аксессуарларға миллиардтаған доллар жұмсалады, 2025 жылы америкалықтардың бұл мерекеге жұмсайтын қаражаты 13,1 млрд долларға жетеді деп күтілген. Бізде де осындай халықтық дәстүр бар – Құрбан айт мерекесі. Діни мейрамда құрбандыққа шалынатын малға сұраныс күрт өседі. Бірақ осы әлеуетті біз спорт инфрақұрылымын, іс-шаралар мен өндірістік тізбекті дамытуға қаншалықты тиімді пайдаланып отырмыз?

Мемлекет басшысы жақында бірқатар спорт федерацияларының жұмысын сынға алды. Президент олардың көбі мемлекеттік қар­жыландыруға ғана сеніп отырғанын атап өтті. Кейбір ірі кәсіпкерлер мен ведомство басшылары федерацияларды басқарса да, жеке қаражат салмай, бұл қызметті өздерін жарнамалау құралына айналдырып алған.

Дегенмен мемлекет маңыз­ды қадам жасады: 2025 жылдың жазында ұлттық спорт түр­лері Олимпиадалық және Паралим­пиадалық спорттармен бірдей басым бағыт ретінде заң жүзінде бекітілді. Бұл оларға жаңа қаржы­ландыру тетіктерін, халықаралық деңгейде қатысу мүмкіндігін және ұлттық құрамаларды қалып­тастыруға жол ашады.

Мен, «Асық ату» федера­циясының президенті ретінде, Республика күніне орай жыл сайы­н Respublica Asyq Atu турнирін өткізуді дәстүрге айналдырдым. Барлық шығындар демеушілер есебінен өтеледі. Бұл тәжірибе ұлттық спорттың серіктестік инвес­тициялар арқылы тұрақты жоба бола алатынын дәлелдеді. Бірақ бір маңызды түйткіл бар: халықаралық корпорациялардың жергілікті өкілдіктері біздің жарыстарды қолдағысы келеді, алайда олардың бас кеңселері бұған қызығушылық танытпайды. Себебі бұл салада ашық KPI, медиа алаң мен ұзақ мерзімді күнтізбе жоқ.

Дұрыс тәсілдің экономикалық әсері жоғары. Тікелей корпо­ративтік инвестициялар жылына 15 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін, туризм мен инфрақұрылымнан тағы 5–7 млрд түсім келеді, салық түсімдері 3–5 млрд теңгеге артады, ал аурудың алдын алу есебінен денсаулық сақтау саласында 7 млрд теңгеге дейін үнемделеді. Жаңа жұмыс орындарының саны 8–10 мыңға дейін жетеді. Егер бизнеске тиімді жарнамалық механизмдер жасалса, қосымша 2–3 млрд теңге маркетингтік табыс, 5–7 млрд теңге сату өсімі мен 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болмақ.

Ұлттық мерекелер эконо­микалық өсудің қуатты драйверіне айналуы үшін жүйелі жұмыс қажет. Мәселен, әз Наурыздан бастап Республика күніне дейінгі барлық мерекелерді ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мен халықтық іс-шараларды өткізудің ортақ платформасына айналдыру маңызды. Бұл тәсіл белгілі бір мерекені ха­лықтың есінде тек дәстүрлі салтпен ғана емес, белсенді қо­ғамдық іс-шаралармен де байланыстырып, тұрақты ассоциация қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда концерттер мен фестивальдер тек мемлекеттік бюджет есебінен емес, азаматтардың, кәсіпкерлер мен ірі бизнестің қатысуымен ұйымдастырылмақ.

Ұлттық спортты дамытуға кор­поративтік қатысуды заң жү­зінде бекітіп, секциялар мен турнирлерге инвестиция салған компаниялар үшін салықтық жеңілдіктер мен жарнамалық артықшылықтар енгізілуі керек. Сондай-ақ жергілікті һәм халықаралық серіктестерге тү­сінікті, ашық әрі ұзақмерзімді күнтізбе қалыптастыру қажет. Мұндай жүйе ұлттық спортты тек мәдени символ емес, нақты өлшенетін нәтижелері бар, тұрақ­ты қаржыландыру мен айқын мақсаттары бар индустрияға айналдырады.

Егер біз осы бағытпен жүрсек, 2030 жылға қарай спортқа халықтың қатысу деңгейі 40 пайызға дейін өсіп, ұлттық спорттың үлесі 15 пайызға жетеді. Ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылады, миллиардтаған салық түсімін әке­леді әрі еліміздің халықаралық аренада беделін нығайтуға зор үлес қосады. Ұлттық спорт – өткеннің естелігі емес, болашаққа салынған инвестиция. Енді таңдау өзімізде: оны тек әдемі символ ретінде ұлықтаймыз ба, әлде елдің дамуы­на қызмет ететін нақты ресурсқа айналдырамыз ба дегенді ойлануы­мыз керек.

Олжас Құспеков,

Мәжіліс депутаты, «Асық ату» федерациясының президенті 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 15:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see155

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see154

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see136

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see129

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see127

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see125

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see123

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see122

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see122

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see122

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see122

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see120

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see120

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see119

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see119

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see119

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see113

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see112

Қолын сындырған, басын жарған : 10 жастағы шабандоз жарыстарға қалай дайындалады

24 Қыркүйек 2026 22:23see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары