Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Тау туризмі табыс көзі

Тау туризмі табыс көзі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елімізде тау туризмінің жұмысын жүйелеп, қарқынды дамыта алсақ, табыстың көзіне айналары анық. Ит тұмсығы өтпес қалың орманы мен шырышты өсімдігі көмкерген барқыт белдері мен жазиралы жондары, ақ қар басқан асқақ шыңдары демалыс аймағына сұранып-ақ тұр. Мұнда бір ғана кілтипан бар. Табыстың көзі екен деп табиғаттың флорасы мен фаунасын жөнсіз бүлдіруге жол берілмеуі керек.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жалпы туризм саласындағы ең соқталы мәселе – кадр тапшылығы. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында бұл түйткілге арнайы тоқталып, тиісті орындарға бірқатар тапсырма жүктеді. «Тағы бір маңызды мәселе, бұл – туризм. Жалпы, бұл салада біраз түйткілді мәселе бар. Шынын айту керек, кәсіби кадрлар тапшы. Осы саладағы бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы. Мен шілде айында туристік жерлердің барлығын ретке келтіру туралы тапсырма бердім. Бұл жұмыс – менің жеке бақылауымда. Жұрт жиі баратын демалыс орындарынан бөлек, болашағы зор басқа да бағыттардың әлеуетін арттыру маңызды. Міндеттердің ара-жігін ажыратып алған жөн. Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», деп атап өтті Президент.

Бұл саладан ел қазынасына құйылар қаржының басым бөлігі шетелдерден келетін сая­хатшылардан түседі. Сырттан келетін туристерді көптеп тартып, отандық туризмнің саясатын заң тұрғысынан қамтамасыз ету қашанда маңызды. Бұл ша­руа орталық органдардың жіті бақылауын­да болуға тиіс екенін айтқан Президент Алматы қаласы мен Алматы облы­сындағы тау туризмі мен тау шаңғысы туризміне арнайы тоқтала келіп: «Қазіргі таңда бұл ба­ғыттағы ең өзекті мәселе – заманауи инфрақұрылым салу. Егер осы міндетті ойдағыдай орындасақ, еліміздің курорттары жер жүзіне танылып, Қазақстанның бетке ұстар ұлттық бренді болмақ», деді.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында-ақ өңір­ге 162 мың турист келген. Был­тырғы статистикамен салыс­тырғанда бұл 62%-ға артық. Облыстағы туризм өрісінің қарқын алуын сарапшылар Алматы тау кластерінің дамуы­мен байланыстырады. Өңір жылдың барлық мезгілінде қонақтарға қызмет көрсететін инфрақұрылымы жаңарған туристік хабқа айналып келеді. Бүгінде облыс аумағында 270 туристік орналастыру нысаны жұмыс істейді. Олар 161,5 мың төсектік орынмен қамтылған. Соның ішінде тек таулы аймақ­тың өзінде 140 туристік база бар. Өткен жылмен салыс­тырғанда биыл туристік база кешендерінің саны 8,6%-ға артқан. Тау кластерін дамыту аясында ірі халықаралық жобалар іске қосылып, облыс­тың экономикалық әлеуеті де нығайып келеді. Мәселен, вьет­намдық «CrystalBay» компания­сы мен «Кипрос» ЖШС-ның мәміле жасасып, меморандумға қол қоюының нәтижесінде «Ақбұлақ» тау шаңғы курортын жаңғырту қолға алынады. Осы жоба аясында гольф-клуб салынып, қонақүй кешені кеңейтіледі. Инвестиция көлемі –  233 млрд теңге. Жобаны жүзеге асыру барысында 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек «Oi-Qaragai» курортының да ауқымын ұлғайту күн тәр­ті­бін­де тұр. Себебі жылдан-жыл­ға Іле Алатауының сіле­мін­де серуендеп, сейіл құрушы сая­хат­­таушылардың шоғыры қалыңдап келеді. Келешекте бұл демалыс аймағы 105 гектар­дан 1 000 гектарға дейін кеңей­мек. 2028 жылға қарай мұнда 500 жаңа жұмыс орны ашылып, жеке инвестиция көлемі 83,2 млрд теңгеге жетеді. Бұл ретте өңір әкімдігі туризм нысандарына қажетті инфра­құ­рылымды – газ, электр қуаты, су, жол желілерін қатар дамытуды көздеп отыр.

Облыстық туризм басқар­ма­сының мәліметінше, Алматы тау кластеріндегі туристер са­ны­ жылына 300 мыңнан 850 мың­  адамға жетуі мүмкін. Бұл көрсеткіш өңірдің туристік әлеуетін толық ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергі­лікті кәсіпкерлікті жан­дан­дыруға жол ашады. Туризм­ді дамытудың  кешенді жос­пары аясында Қаскелең, Түр­ген шатқалдарын дамыту тұ­жырымдамасы әзірленеді. Был­тыр қаңтар-қыркүйек айлары аралығында елімізге келген 3,4 млн туристің 2 миллионы тау кластерін таңдаған. Демек бұдан кейін де таулы аймақта тынығуды қалайтындардың қатары арта түседі.

Таяқтың әрдайым екі ұшы бар. Сырттан келетін туристер табысты арттырады деп құ­шақ­ты айқара ашқанда талап пен тәртіптің сақталуына баса мән беру қажет. Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова ілгеріде Премьер-министр Олжас Бек­теновке депутаттық сауал жол­дап, туризм саласын­дағы бірқа­тар түйткілді мәселені көтерді.

«Туризм саласын қолдауға бағытталған ауқымды мемле­кеттік қаржы мен түрлі бағдар­лама нәтижесінде еліміз «Саяхат және туризмді дамыту» индексі бойынша әлемдегі 119 елдің ішінде 52-орынға көтерілді. Алайда құшақ жая қарсы алған қонақтың 106 000-нан астамы заң талаптарын бұзып үлгер­ген. Саладағы олқы­лықтарды пайдаланып, елімізге келетін туристерді басқа мемлекеттерге бағыттаушылар да бар. Өз көліктерімен заңсыз турис­тік қызмет көрсетіп жүр­ген Қырғызстан, Өзбекстан, Ре­сей, Үндістан, Пәкістан, Қы­тай мемлекеттерінің туропе­раторлары мен гидтері беде­лімізге нұқсан келтіріп, қазына­мызға құйылар табысқа ортақ­тасып жатыр», деген депутат біз­дің туроператорларға өзінің жо­лаушы тасымалдаушы көлі­гімен одақтас елдерге кіру­ге тыйым салынғанын алға тарт­ты. Осының салдарынан елі­міздің бюджеті шамамен 1 млрд теңгеден астам қара­жат­тан қағылып отыр. Депу­тат бассыздық орнап, заңсыз­дыққа жол берілмеуі үшін туристік аймақтарды дамы­туда нақты жобасы бар, стра­тегиялық жоспары нық инвес­торларға ғана сенім артылса дей­ді. Сонымен қатар экскур­сия­лық, трансферлік, қонақүй гид­терінің жұмысын да жүйе­леу де ақсап тұрғанын алға тартты.

«Қауіпсіздікті күшейтіп, бет-бейнені сканерлеу (Face ID) мен саусақ іздерін алу тәртібін өз азаматтарымызға ғана емес, елге қыдырып келген шетелдіктерге де қолдану қажет. Күре жолдардың бойында орналасқан шағын дәмхана, асханалардың санитарлық талапты сақтауын қадағалау да маңызды. Сондай-ақ шетелдіктер қыдырып келгенде тек 10 мың АҚШ долларынан аспайтын қаражатты өткізе алады деген лимитті алып тастау керек», дейді Е.Смолякова. 

Мемлекет басшысы Жол­дауында туризмді нығайту үшін инфрақұрылымды дамыту қажет екенін айтты. Расында Алматы облысының көгілдір таулар көмкерген көрікті жер­лерінде тау туризмін өрістетуге ең алдымен жол қажет. Күре жол­дардың үй орнындай ойдым-ойдым шұрық-тесігі бүтінделіп, жасалса, туристік орындарға келушілер қатары артары анық.

«Ethno resort Shalkode» демалыс кешенінің менеджері Ернұр Сағатбекұлы туризм саласын дамытуда алдымен инфрақұрылымға баса көңіл бөлу қажеттігін алға тартады. Мәселен, өздерінің демалыс орны Алматы қаласынан 350 шақырым шалғайда орна­ласқан. «Қаладан көлікпен шық­қан саяхатшы туристер дітте­ген мекенге жеткенше ер соқ­ты болып әбден діңкелейді. «Жол азабын жүрген білер» деген, біздің демалыс орнымызға жеткенше әбден сілелеп шар­ша­ған туристер ең алдымен инфра­құрылымға шағым айтады. Ауызсу, электр энергиясы тартылып, қолайлы жағдай жасалса, туризмді түлетіп, таулы өңірге де өркениеттің игілігін орнатуға болады. Одан кейінгі түйткілді мәселе – жұмысшы жетіспейді. Жасырып қайтеміз, ауылда бос жүрген жастар да, зейнет жасына жақындаған орта буын өкілдері де бар. Бірақ айлық еңбекақы төлейтін жұмысты ұсынсаң, қабыл алмайды. Содан кейін амалсыз, өзге аудан, тіпті көршілес облыс тұрғындарын қызметке тартуға мәжбүрміз», деді кәсіпкер.

Е.Сағатбекұлы демалыс аймағына мүмкіндігінше ше­телдік туристерді көбірек тартуға күш салатынын айтады. Сайын даламыздың сұлу табиғатын әлемге таныта білсек дейді. Көне заттарды, құнды жәдігерлерді жинастырып, арнайы музей бөлмесін де ашыпты. Атқа мініп, Шәлкөде жайлауының қолат-қолатын аралап, табиғаттың кереметіне кенелген қонақтарға кешкілік дала кинотеатрынан тарихи фильмдерді де тамашалатады. Мұндағы мақсат – көшпелі өмір салтына бейім қазақ халқының байырғы тіршілігін өз еліміздің азаматтарына ғана емес, шетелдіктерге де көрсету.

Тау туризмін дамыту өңір­дің туристік тартымдылығын арттырумен қатар, жергілікті халыққа жаңа мүмкіндіктер ашып, шағын және орта биз­нес­тің дамуына серпін бере­ді, экотуризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады, бел­сенді, отбасылық дема­лыс­тың меке­ніне айналады. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 17:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see162

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see152

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see147

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see145

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see144

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see143

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see141

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see138

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see137

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see136

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see134

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see132

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see131

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see125

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see117

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see116

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see114

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see113

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see112

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары