Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ

Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматы қаласында «Алматыбасжоспары» ҒЗИ алаңында еліміздегі ең ірі туристік инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Алматы тау кластері мен «Almaty Superski» жобасының даму перспективаларына арналған кеңес өтті, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараны «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Талқылауға «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым, Kazakh Tourism Development бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев, Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев, өңірлік және салалық кеңестердің, салалық қауымдастықтардың, бизнес қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен жоба әзірлеушілері қатысты.

Бұл кеңес іс-шараға қатысушылардың басын қосып, өңірдің тау туристік инфрақұрылымының болашағына арналған кәсіби диалог алаңына айналды. «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев өз сөзінде тау кластерін дамытуға жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті.

Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты

«Алматы тау кластерін дамыту – жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, туризмнің, бизнестің және жұмыспен қамтудың тұрақты өсімін қамтамасыз ете алатын жаңа экономикалық модель қалыптастыру. Алматының кәсіпкерліктің басты орталығы әрі Орталық Азиядағы туристерді тартатын негізгі нүкте ретіндегі мәртебесін нығайту қажет», деді Палата басшысы.

Кеңес барысында Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсеитова Алматы тау кластерін дамыту тұжырымдамасын таныстырды. Жоба бірыңғай өзара байланысқан инфрақұрылым қалыптастыруды, жыл бойғы туристік ұсыныстарды дамытуды, сервис пен қауіпсіздік деңгейін арттыруды, сондай-ақ әртүрлі рекреациялық аймақтарды ортақ жүйеге біріктіруді көздейді.

Талқылаудың негізгі элементтерінің бірі – «Almaty Superski» жобасы. Жоба халықаралық деңгейдегі заманауи жыл бойғы туристік инфрақұрылым қалыптастыруға және Алматыны Орталық Азиядағы тау туризмінің орталығы ретінде дамытуға бағытталған. Ұсынылған материалдарға сәйкес, жоба аясында 1022 гектар аумақта инфрақұрылымды дамыту, 17 аспалы көтергіш салу, әртүрлі күрделілік деңгейіндегі 60 шақырымнан астам шаңғы трассасын жасау, сондай-ақ көлемі 20 гектар болатын заманауи тау ауылын салу жоспарланған. Ал Алматы тау кластерін дамытудың жалпы тұжырымдамасы 30-ға дейін аспалы жол салуды, жалпы ұзындығы шамамен 151 шақырым болатын тау шаңғысы трассаларын дамытуды және тәуліктік қамту қабілетін 30 мың адамға дейін арттыруды қамтиды.

Олжас Бектенов тау кластерін дамыту тәсілдерімен танысты

Жобаның жыл бойы пайдалануға бағытталғаны ерекше атап өтілді. Қысқы туризмнен бөлек, хайкинг бағыттарын, веложолдарды, маунтинбайк инфрақұрылымын дамыту, заманауи визит-орталықтар құру және тауда бірыңғай қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру қарастырылған.

Презентация барысында жоба әзірлеушілері экологиялық тұрақтылық мәселесіне ерекше назар аударды. Жобаны дайындау кезінде экология, гидрология, зоология, топырақтану және табиғатты тұрақты пайдалану салаларындағы ғылыми институттар мен сарапшылармен бірлескен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды. Ұсынылған тәсілдер туристерді тарту ісін басқаруды, ұйымдастырылған инфрақұрылымды дамытуды және тау экожүйесіне түсетін антропогендік жүктемені азайтуды көздейді. Бұл туризмді дамыту мен өңірдің табиғи ортасын сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Almaty Superski – Алматы туризмін жаңа деңгейге көтеруге тиіс стратегиялық жоба. Бұл тек тау курортын салу емес, халықаралық деңгейдегі заманауи жыл бойғы туристік экожүйе құру барысындағы бастама. Қазақстан үшін бұл туристерді, инвестицияларды тартатын және халықаралық спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін жаңа орталық қалыптастыру тәсілі. Курорт кеңістігі жасына және физикалық мүмкіндігіне қарамастан, әр адамға қолжетімді әрі ыңғайлы болады», деді Kazakh Tourism Development бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев.

Талқылаудың елеулі бөлігі жобаны жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық әсеріне арналды. Ұсынылған бағалауларға сәйкес, 2028 жылға қарай ішкі туристер саны 1,7 млн адамнан 3,4 млн адамға дейін, ал шетелдік туристер саны 600 мыңнан 2,5 млн адамға дейін өсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде туризм саласындағы жұмыспен қамтуды 89,4 мың адамнан 119 мың адамға дейін арттыруға және салық түсімдерін 91,5 млрд теңгеден 185,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кеңеске қатысушылар соңғы жылдары Орталық Азия елдері тау туристік инфрақұрылымын дамытуға белсенді инвестиция салып жатқанын да атап өтті. Өзбекстан мен Қырғызстандағы заманауи курорттар тұрақты туристік ағын қалыптастырып, шетелдік қонақтарды тартатын орталықтарға айналып келеді. Осы тұрғыда Алматының ірі туристік әрі көлік хабы ретіндегі әлеуетін ескере отырып, Қазақстанда да осындай инфрақұрылымды жедел дамыту қажеттігі тілге тиек етілді.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, Алматы тау кластерін дамыту шағын және орта бизнес үшін маңызды драйверге айналып, қонақжайлылық, қоғамдық тамақтану, көлік, сервистік қызметтер мен цифрлық шешімдер саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар жоба экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес салаларды дамыту жөніндегі мемлекеттік басымдықтарға сәйкес келеді.

Сонымен бірге қатысушылар мұндай инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асыру қоғамдық талқылаумен қатар жүретінін атап өтті. Осыған байланысты аумақты дамыту барысында экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді ескеретін теңгерімді тәсілдің маңыздылығы айтылды.

Жалпы, кездесу Алматы тау кластерін Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның халықаралық туристік нарықтағы позициясын нығайтуға қабілетті ұзақмерзімді жоба ретінде дамыту перспективалары жөніндегі ортақ түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті

Елорда • Бүгін, 15:53

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі

Спорт • Бүгін, 15:50

Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды

Оқиға • Бүгін, 15:43

Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?

Қоғам • Бүгін, 15:38

Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 15:20

Жамбыл облысында 200-ге жуық омарташы кәсібін тастауға мәжбүр: Субсидия жыры қашан бітеді?

Оқиға • Бүгін, 15:18

Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі

Оқиға • Бүгін, 14:00

Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады

Оқиға • Бүгін, 13:32

Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін

Қазақстан • Бүгін, 13:22

Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды

Шаруашылық • Бүгін, 13:17

Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады

Технология • Бүгін, 12:47

Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды

Білім • Бүгін, 12:43

Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды

Қоғам • Бүгін, 12:37

Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді

Қоғам • Бүгін, 12:28

Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді

Оқиға • Бүгін, 12:19

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Мамыр 2026 16:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары