Өмір бойына бас бостандығынан айыру және 20 жыл колония: Петропавлда ерлі зайыптыларға үкім шықты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Петропавл соты 13 жастағы қызға қарсы қылмыс жасаған ерлі-зайыптыға қатысты үкім шығарды. Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ал оның азаматтық некедегі әйелі 20 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотталушылар орындығына 34 жастағы кондитер мен оның медициналық мекемелердің бірінде санитар болып жұмыс істеген 32 жастағы азаматтық некедегі әйелі отырды. Ерлі-зайыптыға Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша айып тағылған.
Tengrinews.kz тілшісіне белгілі болғандай, ерлі-зайыптыға туысы өзінің 13 жастағы таныс қызымен қонаққа барған. Бозбала ұйықтап қалғанда, ерлі-зайыпты қызды жатын бөлмеге шақырып, оған қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Кейін мектеп оқушысы болған жайтты ата-анасына айтып берген, олар дереу полицияға жүгінген.
Істі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық режимде қарады. 5 қазанда судья Ерлан Нұршарыпов үкімді жария етті.
"Ж. кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесі болып белгіленсін", - деп үкімді оқыды Ерлан Нұршарыпов.
Сот әйелді қылмысқа жәрдемдескені үшін кінәлі деп танып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау бойынша сот оның кінәсі дәлелденбеген деп танып, бұл бөлік бойынша ақтады. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Сот екі сотталушыға да педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салды.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
“Диагнозымды білген соң сүйгенімнен бас тарттым“: АИТВ-дан кейінгі өмір қалыпты бола ма?
Бүгін 07:08 2
Судья Нұршарыпов үкімді түсіндіре келе, бұл бап бойынша жазаның басқа баламасы жоқ екенін және тек өмір бойына бас бостандығынан айыруды қарастыратынын айтты. Өмір бойына бостандығынан айыру жазасы әйелдерге тағайындалмайтындықтан заңда 20-дан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар сот зардап шеккен қыздың пайдасына берілген азаматтық талап арызды толық қанағаттандырды. Сотталғандар кәмелетке толмаған қыздың анасына моральдық шығын ретінде ортақ тәртіппен 6 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізгені үшін сотталғандардан үлестік тәртіппен 3,6 миллион теңгеден аса қаражат өндірілді.
Бұдан бөлек, сот сотталған ерлі-зайыптының екі кәмелетке толмаған баласына қатысты жеке қаулы шығарды. Енді олардың тағдырымен Петропавл қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторы айналысады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 17:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















