Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Өнерге ғашық жүрек: Аманжол Молдахметтің сахна жолы

Өнерге ғашық жүрек: Аманжол Молдахметтің сахна жолы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Аманжол Молдахметтің айтуынша, өзі қарапайым көпбалалы отбасында тәрбиеленіп, кішкентайынан өнерге жақын боп өскен. 3–4 жасынан ән салуға әуестенген бала жүрегіне үлкен арман ұялап, мектеп қабырғасында жүріп-ақ Алматыда білім алуды армандаған.  Тіпті ағасының әскерден алып келген чемоданына «Болашақта Алматыда оқимын» деп жазып қойғаны да сол арманның қаншалықты берік болғанын аңғартады.

– Мектепте оқып жүрген кезімнен бастап Алматы қаласында оқуды армандадым. Әсіресе, 5–6 сыныптан бастап «міндетті түрде Алматыға барамын, консерваторияда немесе өнер институтында оқимын» деп өзіме мақсат қойдым. Тіпті ағамның әскерден алып келген чемоданына «Болашақта Алматыда оқимын» деп жазып қойғаным әлі есімде. Сол арман мені алға жетеледі.

Алайда 10-сыныпты бітірерде анам Алматыға оқытуға жағдайымыздың келмейтінін айтып, әскерге дейін комбайнға көмекші болып жұмыс істеуімді ұсынды. Сол кезде қатты күйзелдім. Себебі менің бар арманым – Алматы еді. Ауылда қалғым келмеді, жүрегім үлкен қалаға, өнерге тартып тұрды, – дейді ол.

Бірде ол Жалағаш ауданында шығатын «Жаңа дария» газетінен республикалық «Жас талант» байқауы өтетіні туралы хабарландыруды көріп, оның жеңімпаздары Алматыға барып, республикалық кезеңге қатысатыны жазылған. Сол мүмкіндікті жібермеуді ойлаған ол ешкімге айтпастан байқауға қатысуға бел буған. 

– Алдымен ауылдық, аудандық кезеңдерден өтіп, кейін Қызылордада өткен облыстық байқауға қатыстым. Сол жерде өнерімді көрсетіп, комиссия мүшелерінің назарына іліктім. Театр қайраткерлері мені қайта шақырып әнімді тыңдап, «Сені Алматыға жібереміз» дегенде қуанышымда шек болмады. Осылайша 20 өнерпаздың қатарында Алматыға жол тарттым.

Алматыға келген соң жаңа өмір басталды. Дегенмен, сол кезде мен актерлік өнер туралы ештеңе білмейтінмін. Бар арманым әнші болу еді. Театр институтына түсу мүмкіндігі болғанымен, ауылдан келгендіктен құжаттарым дайын болмай, емтиханға кіре алмай қалдым. Бұл мен үшін үлкен соққы болды. Бірақ Алматыдан кеткім келмеді, себебі бала күнгі арманым орындала бастағандай еді, – деді Аманжол Молдахмет.

Десе де балалық арманын орындаған Аманжол Молдахмет Алматыға келген соң өнер жолына қалай түскенін еске алды.

Айтуынша, ол Театр институтына түсе алмағаннан кейін Мұхтар Әуезов атындағы театр жанында 2 жылдық студияның қабылдауына жазылған. Емтиханында шығарманың үзіндісін ойнап, актерлік жолын бастаған.  

– Тұратын жеріміз де белгісіз еді. Сол кезде қазақ халқының кеңпейілдігін көрдік. Танымайтын жандар бізді үйіне кіргізіп, қонақ етті. Кейін Сабира Майқановамен кездесіп, жағдайымызды айттық. Ол кісі менің маңдайыма қарап, «бұл баланың жолы болады» деп үлкен сенім білдірді. Жатақхана мәселесін де шешуге көмектесіп, өнер жолына түсуіме қолдау көрсетті.

Емтихан кезінде Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесінен үзінді орындадым. Қасымның жетімдігін жеткізіп тұрған сәтте кейіпкердің қайғысын жүрегіммен сезініп, көз жасымды тоқтата алмадым. Емтихан екенін ұмытып, шынайы жыладым. Комиссия мүшелері мені жұбатып, кейін қалған тапсырмаларды орындадым. Нәтижесінде, барлық емтиханнан жақсы баға алып, студияға қабылдандым. Сол күн – актерлік өмірімнің бастауына айналды, – деді Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.

Аманжол Молдахмет әртіс ретінде қалыптасуына Ғазиз Сұлтанғазин, Сабит Оразбаев, Әубәкір Рахимов сынды үлкен тұлғалардың еңбегі зор болғанын айтты.

Айтуынша, олардың берген тәрбиесі мен білімі оны актер ретінде шыңдаған.

«Әуелде актерлік мамандық маған оңай болған жоқ. Әнге деген сағынышым да болды. Бірақ уақыт өте келе театр өнерінің тереңдігін түсініп, осы жолды шын жүрегіммен жақсы көре бастадым. Қазір артқа қарасам, ауылдан үлкен арманмен шыққан қарапайым Аманжолдың арманы орындалған екен. Кезінде Алматыны армандаған бала бір күні сол қаланың дәл жүрегінде өнер жолын түсіп, өз орнын тапқан екен. Жолымда кездескен әрбір ұстазға, қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз», – дейді ол.

Аманжол Молдахмет театрдағы еңбек жолын Атырау қаласынан бастаған. Баспанамен қамтамассыз етеміз деген басшылықты сөзі де орындаусыз қалды. Соған қарамастан актер жатақханада тұрып, ол жақта бір жылдай жұмыс істеген.

– Атырауда бір үлкен ақиқатты түсіндім. Актер үшін ең басты мектеп – көрермен. Өнер адамы халықтың алдына шығып, сол арқылы шыңдалады. Көрермен сенің өнеріңді бағалайды, кейде күлкісімен, кейде қол шапалағымен, кейде үнсіз қабылдауымен саған баға береді. Әрбір сахнаға шығу – актер үшін үлкен емтихан. Сол арқылы өзіңнің әлсіз тұстарыңды байқап, кемшілігіңді түзеп, өнеріңді дамыта түсесің. Алайда Атырау облыстық театрында қойылымдар өте аз болды. Кейде бір айда екі-үш спектакль ғана, ал кей кездері екі айда бір рет сахнаға шығатын. Сахна тәжірибесін жинақтау мүмкіндігі аз болған соң Қызылорда театрына ауыстым. Міне, осы кезең актер ретінде қалыптасуыма үлкен әсер етті.

 Сол кездегі театр режиссері Ерғали Оразымбетовтің қойылымдарында ойнап, көп тәжірибе жинадым. Театрдағы аға буын актерлердің ақыл-кеңесі маған үлкен мектеп еді. Кейін өзім де өнер мектебінде ұстаздық еткенде, нағыз ұстаз шәкіртінен ешқашан білімін аямайтынын түсіндім. Сол сияқты режиссерлер де актерге өз білгенін толық үйретуге тырысады. Кей кезде актер ретінде біз оны бірден қабылдай бермейміз, бірақ уақыт өте келе сол сөздердің құндылығын түсінеміз. Ерғали Оразымбетовтен де көп нәрсе үйреніп, оның қойылымдарында өзімді жақсы қырымнан көрсетуге тырыстым, – дейді  Аманжол Молдахмет.

Талантты әртіс өнерден кетіп, ұстаздық еткен кезі де болған. Оның айтуынша, Қызылорда театрында еңбетіп жүріп бір жылдан кейін Алматыға оралып, Мұхтар Әуезов театры мен Жастар театрына жұмыс істемек болған. Алайда ол жақта орын болмағандықтан №147 мектеп-гимназиясында драма үйірмесін жүргізіп, түрлі жұмысты атқарған.

– Уақыт өте келе Астанадағы Қалибек Қуанышбаев театры Алматыға гастрольдік сапармен келді. Театрда бірге оқыған достарым – Мейрам Қайсанов пен Асқат Сұлтан менімен кездесіп, жағдайымды сұрады. Әңгіме барысында олар: «Сен кезінде өте талантты студент едің. Гамлеттің монологын оқып, жоғары баға алғансың. Сен театрға керек адамсың, біз саған қолдау көрсетеміз, Астанаға кел» деп ұсыныс айтты. Бастапқыда қатты ойландым. «Жаңа орта мені қабылдай ма? Ол жерде ешкімді танымаймын. Театр маған мүмкіндік бере ме?» деген қорқыныш болды.

 Ойланып жүргенімде бірде түсімде өмірден өткен әкемді көріп, оған Астанаға кететінімді айтып жаттым. Кейін тағы бір түсімде Қазақстанның  халық әртісі, әйгілі режиссер Әзірбайжан Мәмбетов мені театрға жұмысқа қабылдап жатыр деймін. Осыны жақсылыққа жорып, жұбайыммен ақылдасып, Астанаға келуді шештім. Шынында да, бәрі түсімдегідей болды – мені театрға қабылдады. Бірақ жаңа ортаға бейімделу оңай болған жоқ. Әріптестер арасындағы қарым-қатынас, өзімнің кейбір салғырттығым, жұмыстағы тәжірибемнің аздығынан қиындығым да аз болмады. Ол кезде отбасым басқа қалада, ал мен Мейрам досымның үйінде тұрып жүрдім. Қаржылық қиындық та болды. Сол кезде мен шынайы достықтың қадірін түсініп, Мейрамның жасаған жақсылығы мәңгі жадымда қалды.

Алты ай жұмыс істегеннен кейін театрда қысқарту болады, мені жұмыстан шығарады деген әңгімелер естіле бастады. Басшылық тікелей айтпағанымен, мен де өз-өзіме күмәнмен қарай бастадым. Арада уақыт өтіп, театрдағы жағдай күрделене түсті. Ақырында мені жұмыстан босатылдым. Ол кезде отбасымды Астанаға көшіріп, Мейрам досымның үйін паналадық.

Көркемдік жетекшіміз Әзірбайжан Мәмбетовке баруға қорқып, бір аптадай батылым жетпей жүрді. Содан бар батылымды жинап, Әзірбайжан Мәмбетовтің алдына кірдім. Ол кісі: «Иә, сенің қолыңнан келмейді деп, жұмыстан шығарайын деп жатырмыз» дегенде мен «Сіздер менің талантымды әлі толық көрген жоқсыздар. Маған тағы бір мүмкіндік беріңіздер» дедім.

Осы сөзден кейін Әзірбайжан ағамыз директорды шақырып: «Ертең спектакль дайындаңдар, мен өзім көремін» деп тапсырды. Келесі күні бүкіл ұжым жиналып, арнайы менің өнерімді көруге келді. Ойнап тұрған кезде Әзірбайжан ағамыздың көзін жұмып отырғанын көріп, «маған көңілі толмады-ау» деп ойладым. Қойылым аяқталған соң зал босап, сахнада жалғыз қалдым. Сол кезде режиссер Болат Ұзақов құжатқа қол қою үшін келген еді. Әзірбайжан Мәмбетов өнерімді жоғары бағалап: «Бұл актердің қалай жақсы ойнайтынын көрдіңдер ме? Сендер мұны жұмыстан шығармақ болдыңдар» депті. Осылайша театрда қалып, өнер жолымды жалғастыруға мүмкіндік алдым, – деген актер бүгінде Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда қызмет еткенін 25 жылдың жүзі болған.

Аманжол Молдахмет осы жылдар ішінде үлкенді-кішілі көптеген рөлдерді сомдаған. Әртіс ретінде өзі рөлдің үлкені немесе кішісі деп бөлмеген. Керісінше, әрбір кейіпкердің өз орны, өз тағдыры бар деп санаған. Сондықтан өзіне берілген әр рөлді ерекше жауапкершілікпен қабылдап, қолдан келгенше алып шығуға тырысқан.

– Бүгінде сол түсімдегі зәулім театрда еңбек етіп жүрмін. Кейде осы сарайдың ішінде жүріп, оның әсемдігіне, осы жерге жету үшін қаншама адамның еңбек еткеніне таңғаламын. Бұл сахнада жүру – әрбір өнер адамына бұйыра бермейтін үлкен бақыт.

Осында көптеген айтулы тұлғалардың, мемлекет басшыларының, министрлердің алдында спектакльдерде өнер көрсеттім. Өнердің арқасында әлемнің көптеген қалаларына гастрольдік сапармен барып, түрлі өнер сүйер қауымның алдында өнер көрсету бақыты бұйырды. Халықтың алғысы мен қошеметін естіп, өнердің ең үлкен бақытын сезіндік. Сондықтан бұл театр мен үшін жай ғана жұмыс орны емес, тұтас өмірімнің үлкен бір бөлшегі.

Артқа қарасам, өмірімдегі әрбір қиындық, әрбір сынақ мені шыңдап, үлкен сахнаға алып келгенін түсінемін. Ең бастысы – адам өз арманына сеніп, еңбектенуден ешқашан тоқтамауы керек. Құдай қаласа, осы театрдан зейнет жасына шығуды армандаймын, – дейді Аманжол Молдахмет.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:54
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 20:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары