Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Өнімді кәсіпкерлік қуатты экономика көзі

Өнімді кәсіпкерлік қуатты экономика көзі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл – ел экономикасының құрылымына қатысты маңызды мәселе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға, жұмыспен қамтудағы үлесі 50 пайызға жуықтағанын атап өтті. 

Соңғы дерек кәсіпкерлік саласында өсім бар екенін көр­сетеді. Ұлттық статистика бюро­сының мәліметінше, 2026 жыл­дың 1 қаңтарындағы жағдай бо­йынша Қазақстанда шамамен 2,4 миллион шағын және орта кә­сіп­керлік субъектісі тіркелген. Оның 2 миллионнан астамы жұмыс істеп тұр. Бұл бір жыл бұ­рын­ғы көрсеткіштен 6,1 пайызға жоғары. ШОК-та жұмыспен қам­тылғандар саны 4,5 миллион­нан асады. 2025 жылдың қоры­тын­дысында шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 40,9 пайызға жетті. Ал сектордың өнім шығару көлемі 104,8 триллион теңгені құрады. Демек, кәсіпкерлік Қазақстан эко­номика­сының негізгі тірек­тері­нің біріне айналып келеді. 

Қазақстандағы ШОК құры­лымына қарасақ, кәсіпкерлердің едәуір бөлігі сауда және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. 2025 жылдың басында көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласында 806 мыңнан астам ШОК субъектісі болған. Бұл салалардың экономика үшін маңызы зор екені түсінікті. Сауда да, қызмет көрсету де халық­тың күнделікті қажеттілігін өтей­ді, жұмыс орындарын құрады, салық түсіреді. Алайда елдің ұзақмерзімді экономикалық қуаты тек сауда айналымымен өлшенбейді. Өнім өндіретін кәсіпорын жаңа қосылған құн қалыптастырады. Зауыт пен цех жаңа технология әкеледі, инженер мен жұмысшыға сұраныс тудырады, шикізатты өңдейді, им­портты алмастырады және экспортқа шығуға мүмкіндік береді. Ал дайын тауарды сырттан сатып алып, ішкі нарықта қайта сату экономиканың осындай технологиялық тізбегін қалыптастыра бермейді.

2026 жылдың басындағы дерек бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің ішінде өнеркәсіп саласында 118,3 мың ұйым болған. Оның 106,4 мыңы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Яғни өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкер­лердің саны өсіп келе жат­қаны­мен, жалпы кәсіпкерлік құры­лымындағы үлесі әлі де шағын. Осыдан келіп кәсіпкер сауда немесе қызмет көрсету саласына баруға дайын, бірақ «өндіріс ашуға келгенде неге тартыншақ?» деген орынды сауал туындайды. 

Ал өндіріс ашу үшін қомақты инвестиция қажет. Жер, электр энергиясы, инфрақұрылым, құ­рал-жабдық, шикізат, инже­нерлік кадр, логистика және өткізу нарығы керек. Бұған қоса өндірістік кәсіпкер несие мөл­шерлемесі, валюта бағамы, тарифтер, сертификаттау және түрлі әкімшілік талаптар сияқты тәуекелдермен бетпе-бет келеді. Сондықтан мемлекет кәсіпкерге тек несие немесе субсидия берумен шектелмеуі керек. Өндірісті бастауға және оны бірнеше жыл бойы тұрақты жүргізуге мүмкін­дік беретін толық экожүйе болса, қанекей?! Мемлекет басшысы да Жолдауында осыны меңзесе керек. 

«Іскер азаматтардың әлеуетін толық ашу мәселесі күн тәрті­бінен түскен емес. Сондықтан тиісті құқықтық базаны жаңғыр­ту керек. Қазір елімізде 21 кодекс, 300-ден астам заң бар. Оларға тым көп түзету енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы келіп жатады. Түптеп келгенде, осының бәрі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр. Заңнаманы түгел тексеріп, зерделеп шыққан жөн», – деген еді өз сөзінде. 

Жалпы, елімізде бизнеске мемлекеттік қолдаудың түрлі тетігі бар. Несие беру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдендіру, индустриялық жо­баларды қолдау сияқты бағдар­ламалар жұмыс істеп тұр. Мәселе олардың жоқтығында емес, нәтижесін қалай өлшей­тінімізде. Мысалы, қанша жобаға қаржы берілгенін санау оңай. Бірақ сол кәсіпорындардың қаншасы бес жылдан кейін жұмыс істеп тұрады? Қаншасы жаңа өнім шығарды? Экспорт пен импорты қанша? Технологиясын жаңарт­ты ма? Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі осындай көрсет­кіштермен бағалануы қажет. Өйткені кәсіпкерлік саясатының мақсаты тек жаңа субъектілерді тіркеу емес, солар­дың арасынан тұрақты өндіріс орындарын, орта бизнесті және кейін халықаралық нарыққа шығатын компанияларды қа­лып­­тастыру болуы тиіс.

Бұл жерде Ұлттық экономика министрлігіне ерекше міндет жүктеледі. Кәсіпкерлердің жалпы санымен қатар олардың сапалық құрылымын көрсететін индикаторлар да тұрақты бақы­лануы керек. Мәселен, жыл сайын қанша жаңа өндірістік кәсіпорын ашылды, қанша кәсіпорын шағын бизнестен орта бизнеске өтті, қанша компания жаңа технология енгізді, қанша жаңа өнім түрі пайда болды деген сұрақтарға нақты жауап беретін жүйе қажет. 

Президент былтырғы Жолдауында кәсіпкерлерді елді цифр­лық дамытудың қозғаушы күші деп атады. Бұл міндет өндірістік бизнеске де тікелей қатысты. Ци­фрландыру дегеніміз – мем­ле­кеттік қызметтерді құр электронды форматқа көшіру емес. Оның мәні одан әлдеқайда те­рең, мәселен, автоматтандыру, роботтандыру, өндірістік про­цес­терді бақылау, логистиканы оңтайландыру және жасанды интеллектіні пайдалану сияқты заманауи өндіріс келбетін біл­дірсе керек. Сондықтан жаңа өн­діріс ашатын кәсіпкерлерге тех­нологиялық жаңғыру мүмкін­дігін де қатар ұсыну қажет. Бәсе­кеге қабілетті кәсіпорын мемле­кеттік субсидияға мәңгі тәуелді болмай, уақыт өте келе өнім­ді­лігін арттырып, нарықта өз орнын таба алуға тиіс.

Осы ойдың ұшқынынан туса керек. Осы аптада елімізде бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтары іске қосылды. Әзірге Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ СҚО мен Ақтөбе облыстарында пилоттық режимде істеп тұр. Аталған орталықтар кәсіпкерлерге бірқатар мәселе бойынша қолдау көрсетеді. Оның ішінде берешекті қайта құрылымдау және қаржылан­дыруға қол жеткізу, мемлекеттік қолдау шараларын алу, салық берешегін реттеу, кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту және басқа да көмек түрлері бар. Олардың дәстүрлі консультациялық форматтан айырмашылығы, бұл орталықтар нақты нәтижесіне қарай бағаланады. Кәсіпкер­лердің өтініштері шешімін та-уып, аталған механизмдер жүзеге асқан жағдайда ғана орталықтар жұмысы лайықты бағасын алады. Демек, кәсібін дөңгелеткісі келетін немесе жаңа бизнес бас­тағысы келетін ынталылар үшін бұл да үлкен мүмкіндік. 

Ал пилоттық жобаның өзі жыл соңына дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша тиімділігі жан-жақты қаралып, оны еліміздің басқа өңірлерінде одан әрі енгізу және ауқымын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленеді. 

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қыркүйек 2026 07:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары