Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

ОПЕК+ ықпалын жоғалту қаупі бар сарапшылар БӘӘ нің альянстан шығуы туралы

ОПЕК+ ықпалын жоғалту қаупі бар сарапшылар БӘӘ нің альянстан шығуы туралы

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ОПЕК пен ОПЕК+ құрамынан шығуына ұйым ішіндегі қордаланған келіспеушіліктер мен Әмірліктердің көңілінен шықпаған өндіріс шектеулері себеп болды деп есептейді сарапшылар. Елдің неге дәл қазір шығу туралы шешім қабылдағаны және бұл әлемдік мұнай нарығына қалай әсер ететіні туралы Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар.

ОПЕК-тен шығудың ресми себебі

28 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктері 2026 жылғы 1 мамырдан бастап ОПЕК пен ОПЕК+ альянсынан шығатынын жариялады.

Анықтама: ОПЕК – бұл бағаны реттеу үшін өндіріс көлемін өзара келісетін мұнай өндіруші елдердің бірлестігі. ОПЕК+ – дәл осындай формат, бірақ ауқымы кеңірек: ОПЕК елдеріне басқа да ірі өндірушілер, соның ішінде Қазақстан қосылған. Олар да бірлесіп өндіріс көлемін реттейді.

БАӘ билігі мұны елдің мұнай секторын жылдам дамытып, өндірісті ұлғайтқысы келетіндігімен түсіндірді. Ол үшін Әмірліктерге жаңа инвестициялар мен шешім қабылдауда көбірек еркіндік қажет.

"Бұл шешім БАӘ-нің өндірістік саясатын, ағымдағы және болашақ қуаттарын мұқият қайта қараудан кейін, сондай-ақ ұлттық мүдделерді ескере отырып қабылданды", – делінген ресми хабарламада.

Қосымша фактор ретінде аймақтағы тұрақсыздық, соның ішінде Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы жағдай аталды. Бұл ретте Әбу-Даби мұнайдың ірі әрі сенімді жеткізушісі болып қала беретінін атап өтті.

Алайда, сарапшылардың пікірінше, іс жүзінде мәселе ОПЕК аясындағы өндіріс шектеулерінде болып отыр, ал БАӘ өз жоспары мен нарықтағы жағдайға сүйене отырып, көлемді өздері белгілегісі келеді.

"БАӘ басқаларға қарағанда көбірек құрбандыққа барды"

Мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаиловтың айтуынша, БАӘ бірнеше жылдан бері ОПЕК+ шарттарына көңілі толмай келген. Мәселе мынада: ел мұнай өндіруді ұлғайтуға миллиардтаған қаржы жұмсады, бірақ квоталарға байланысты бұл қуаттарды толық көлемде пайдалана алмады.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

Бүгін 08:10 1

Қарапайым тілмен айтқанда, БАӘ көбірек өндіре алар еді, бірақ Сауд Арабиясы шешуші рөл атқаратын альянс ішіндегі келісімдер бұған жол бермеді. Осыған байланысты, сарапшылардың пікірінше, Әмірліктер іс жүзінде өздерін басқалардан гөрі көбірек "тежеп" келген.

"Әмірліктер мұны әділетсіздік деп санады. Олар басқаларға қарағанда, әсіресе Сауд Арабиясы салыстырмалы түрде көбірек артықшылықтарға ие болған кезде, көбірек "құрбандыққа" барды. Бұл мәселе бойынша қақтығыстар 2020–2023 жылдары-ақ туындаған болатын. Саяси және аймақтық кикілжіңдерді де ұмытпаған жөн. Сауд Арабиясымен арадағы шиеленіс (соның ішінде Йемен және басқа да мәселелер бойынша келіспеушіліктер) қордаланып қалды. Оның үстіне Иранмен соғыс, энергетикалық шок, егеменді автономияға деген ұмтылыс қосылды. БАӘ Сауд Арабиясы іс жүзінде көшбасшы болып отырған картельде "кіші серіктес" болғысы келмейді", – деп түсіндірді Исмаилов.

Ресми мәлімдемеде бұл "энергетикалық саясаттың дамуы" және нарық тұрақтылығына қосылған үлес деп аталғанымен, іс жүзінде ел өз мүддесі үшін әрекет етіп, ОПЕК ішіндегі жалпы шектеулерді сақтамауға шешім қабылдады, деп есептейді Асқар Исмаилов.

Бұл пікірді сарапшы Абзал Нарымбетов те растады. Оның айтуынша, ОПЕК+ ішіндегі келіспеушіліктер пандемиядан кейін-ақ басталған. Ел тәулігіне шамамен 5 миллион баррельге шығуды жоспарлаған және бұл деңгейге жақындап қалған еді.

Алғашқы жария қақтығыс 2021 жылы, БАӘ өндірісті тежеу туралы келісімді қолдамаған кезде болды.

"2021 жылдың шілдесінде алғашқы қақтығыс болды – БАӘ өндірісті тежеу немесе азайту туралы келісімге тосқауыл қойды, өйткені оларда өндірісті арттыруға қатысты ұлттық мүдде болды. Содан бері Сауд Арабиясы өндірісті ұстап тұрудың консервативті тәсілін ұстанса, Әмірліктер оны ұлғайту үшін көбірек еркіндік беруді талап етті", – деді Нарымбетов.

Нәтижесінде, сарапшының айтуынша, осы даулар БАӘ-нің келісімнен шығуына әкелді.

ОПЕК+ ықпалынан айырыла ма?

Асқар Исмаиловтың айтуынша, жақын арада БАӘ-нің шығуына байланысты өзгерістер байқалады, бірақ нарыққа қатты соққы болмайды. Алайда ОПЕК+ ықпалы уақыт өте келе әлсіреуі мүмкін.

"Тұтастай алғанда, болашақта ОПЕК+ үйлестіруші күш ретінде нарыққа ықпалын жоғалтады. БАӘ енді өндірісті тәулігіне қосымша миллион баррельге дейін арттыра алады. Бұл бағаның төмендеуіне қысымды күшейтеді", – деді Исмаилов.

Нәтижесінде мұнай нарығы бәсекеге қабілетті, бірақ болжауға қиынырақ болады, деп атап өтті Исмаилов.

"Бұл, әрине, ОПЕК-тің соңы емес – картель бұдан да жаман кезеңдерді бастан өткерген, бірақ енді бағалар ОПЕК+ шешімдеріне ғана емес, макроэкономикаға, геосаясатқа (мысалы, Иран) және нақты өндіріске көбірек жауап беретін болады", – деп түсіндірді ол.

"Әмірліктер Қазақстан өндірісінің 70 пайызын қоса алады"

Сарапшы Абзал Нарымбетовтің айтуынша, БАӘ-нің айтарлықтай қуат қоры бар. Қазіргі уақытта ел тәулігіне шамамен 3,4 миллион баррель өндіріп отыр және осы ретте өндірісті қосымша шамамен 1,4 миллион баррельге арттыра алады.

Бұл Қазақстанның қазіргі өндірісінің шамамен 70 пайызына тең, деп атап өтті сарапшы.

Мұндай өсім нарыққа айтарлықтай әсер етуі мүмкін: мұнай көлемі артқан сайын, бағаға түсетін қысым да күшейеді.

"Бұл, шын мәнінде, өте үлкен көлем. Ол бағаға қатты әсер етуі мүмкін. Бірақ қазір оларда ешқандай шектеу жоқ, өйткені Иранмен арадағы қақтығыстан кейін екі ай өтті және олар өндірісті толық қалпына келтіре алады. Сонымен қатар бұғаз ішінара жабық, айналма мұнай құбыры бар, бірақ ол жеткізілімді толық қалпына келтіру үшін жеткіліксіз. Бірақ бұғаз жұмысы қалпына келісімен, оларда нарыққа тәулігіне қосымша 4 миллион баррельге дейін шығару мүмкіндігі туады. Бұл, әрине, бағаға әсер етеді, бірақ бәрі бұғазды қалпына келтіру процесінің қалай жүретініне байланысты болады", – деп түсіндірді Нарымбетов.

Қазақстан Энергетика министрлігінің ұстанымы

БАӘ мәлімдемесінен кейін келесі күні Қазақстанның Энергетика министрлігі өз ұстанымын білдірді. Ведомство ОПЕК+ аясындағы ынтымақтастық форматында әзірге ешқандай өзгеріс қарастырылмағанын мәлімдеді:

"Бүгінде еліміздің альянсқа қатысу форматын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, БАӘ ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығатыны туралымәлімдеме жасағаннан кейін мұнай бағасы төмендей бастады. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің құны барреліне 112 долларға дейін көтерілген еді, алайда мәлімдеме жарияланғаннан кейін шамамен 110 долларға дейін түсті. WTI мұнай фьючерстері де төмендеу қарқынын көрсетіп, барреліне 101,79 доллардан 98,89 долларға дейін арзандады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 18:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see163

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see161

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see160

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see153

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see152

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see149

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see147

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see143

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see143

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see140

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see138

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see135

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see134

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see133

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see132

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see128

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see126

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see123

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see120

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары