Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазір үй тапсырмасын жасанды интеллектіге орындататын оқушылар көбейді. «Мұндай жеңіл жол балалардың өз бетімен іздену дағдысын, сыни ойлау қабілетін әлсіретіп жібермей ме?» деген заңды сұрақ туын­дай­ды. Сондықтан мәселе – жасанды интеллектіге тыйым салуда емес, оны дұрыс бағытта қолдануда. Осы тұста білім мен технологияны ұштастырған «EdTech» стартаптардың маңызы алдыңғы қатарға шығады. Бұл бағыттағы платформалар мен құралдар мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушының шынайы білім алуын бақылайды. Ендеше, еліміздегі «EdTech» жобалардың аяқ алысына шолу жасап көрейік.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мектептегі тәжірибе

Қазір мектептерде жасанды ин­тел­лект арқылы оқыту әдістері қар­­­қынды жүріп жатыр. «Келешек мек­­тептері» осы тәжірибені алғаш­қы­лар­дың бірі болып іске асырды. Астана қаласындағы №107, №101, №99, №104 мектептер базасында сы­нақ­тан өтіп жатқан жобада жасанды интеллект мұғалімдердің күн­де­­лікті жұмысын оңтайландыруға пай­­да­­ланылады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлі­­­метінше, бұл мектептердегі педа­­гог­­тер «Roqed AI», «Kashgari», «Stem-solutions» секілді отандық ше­­шім­­дер­ді, сондай-ақ «Kahoot» сияқты ин­­­терак­­тивті плат­­фор­малар­ды пай­даланып жүр.

Сонымен қатар «RobotAI» мұға­­лім­­дердің жұмысын жеңіл­детіп, ба­қы­­лау жұмысын және тест нәти­же­­лерін автоматты түрде бағалауға кө­мек­теседі. Ал «Google Past» жү­йе­сі оқушылардың материал­ды өз бетімен әзірлегенін немесе жасан­ды интеллектіні пайда­­лан­ғанын анық­­тайды. Аталған технологиялар мұ­ға­лім­дердің сенімді көмекшісіне айна­лып отыр.

«Білім жүйесіне жасанды интел­лек­тіні енгізуді педагог рөлін күшей­ту­дің стратегиялық қа­дамы ретінде қарастырамыз. Жасан­ды интеллект мұғалімге тән емес бірқатар міндетті өз мойнына алып, оның көмекшісіне айнала­ды. «ChatGPT Edu» сияқты құ­рал­дар педагогтердің интел­лек­туал­­­­дық көмекшісі болып, мүм­кін­діктерін кеңейтеді және әрбір білім алу­шының жеке қажет­ті­лігіне сай жұмыс істеуіне мүм­кіндік береді», деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Демек, ендігі кезеңде жасанды интеллектіні мектепке енгізу жұмысы жекелеген тәжірибемен шектелмей, нақты іріктеу мен жүйелеу арқылы жүргізіледі.

«Біз қазір «Qazaq Digital Mektebi» жобасы аясында жасанды интеллект сала­сындағы жобаларды сұрып­тап жатырмыз. Сондықтан түрлі отан­дық озық платформа жасау­шы­лар­дың ұсыныстарын қарас­тыруға да­йынбыз», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Айтпақшы, қанатқақты жоба ретінде мектептерде «Цифрлық сауат­тылық» пен «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект тақырыптары енгізілген еді. Сабақтар оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылып, бас­тауышта – қарапайым ұғымдар ойын арқылы түсіндірілсе, жоғары сыныптарда чат-бот құрастыру, дерек­тер­ді талдау секілді тапсырмалар қам­тыл­ған. 

Сабаққа керек стартаптар

Сонымен, жасанды интеллект дұрыс қолданылса, оқу үдерісін жүйелеп, мұғалімнің едәуір уақытын үнемдейді екен. Осы мақсатта жұмыс істейтін отандық «EdTech» жобалар да аз емес. Қазір олардың бір бөлігі мектептерде қолданылып жүр.

Мәселен, мұндай жарқын жоба­лар­дың бірі – «CodiPlay» эко­жүйесі. Бұл мектеп оқушыларына цифр­лық дағдыларды ойын арқылы үйретеді. Стартап көмегімен оқу­шылар 2021 жылдан бері «ақыл­ды үйлер», дрондар мен IoT құрыл­ғы­лар жасап, бағдарламалау негіз­де­рін меңгеріп келеді. Бұл платформа елімізден бөлек, Өзбек­стан, Әзербайжан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Индо­незия, Сауд Арабиясы және Қатарда бел­сен­ді қолданылады.

Жасанды интеллектіні оқу­­шы­ның деңгейіне қарай бейімдеп оқыту бағытына келсек, бұл салада «BeyimTech» жобасы көзге түседі. Бұл – оқу­ға арналған әлеуметтік желі. Атауы айтып тұрғандай, бұл жүйе білім алушының дең­ге­йіне бейім­де­ліп отырады. Ал «Beyim Synaq» қосымшасы оқу­шы­­­ның ем­тиханға дайындалуына көмек­те­седі.

Кеңейтілген және виртуалды шындық технологияларын білімге енгізіп жүрген отандық компания­ның бірі – «Big Dream Lab». Олар «Digital Lab» платформасы арқылы физика, химия, биология пәндерінен виртуалды зертханалар ұсынып, тә­жірибені қауіпсіз әрі көрнекі формат­та жасауға мүмкіндік береді. Бұ­ған қоса өрт кезіндегі әрекет, ал­ғаш­қы көмек көрсету секілді дағды­­ларды үй­­ре­тетін виртуалды трена­­жер­лер әзір­лейді.

Еліміздегі ең ауқымды цифр­лық білім экожүйелерінің бірі – «BILIMLAND». Платформада түрлі дең­гейдегі бейнесабақтар, конспек­тілер мен тапсырмалар жинақталған. Оқушы тақырыпты өз қарқынымен қайталап оқи алады. Контентті мұға­лімдер мен әдіскерлер әзірлеп, оны дизайнерлер мен аниматорлар тартымды форматқа келтіріп отырады.

Халықаралық білімге бағыт­тал­ған «Smartestprep» шетелдік университеттерге түсу үдерісін бір жүйеге келтіреді. Платформада эссе жазуға көмек, менторлық қолдау, тестілеу және грант іздеу секілді қызметтер бір жерде ұсынылады. Жоба ТМД ел­деріндегі мыңдаған талапкерге ше­телде оқу мүмкіндігін нақты жос­пар­лауға жол ашып отыр.

Ал «Zero Education» – мектептің ішкі басқару жұмысын жеңілдетуге арналған платформа. Ол оқу үде­рі­сін басқару, келісімшарт жүргізу, қаржы және кадр есебі, сондай-ақ ата-ана мен мұғалімге арналған порталдарды бір жүйеге біріктіреді. Нәти­жесінде, әкімшілік жұмыс қыс­­қа­рып, мектеп негізгі мақсатқа, яғни білім сапасына көбірек көңіл бөле алады.

Білім кеңістігі енді жаңа кезеңге аяқ басты. Бұрын цифр­ландыру электронды журнал мен онлайн сабақпен ғана шектелсе, бүгінгі шешімдер оқушының оқу қарқынын анықтап, мұғалімге талдау ұсынып, сабақтың мазмұнын байытуға дейін жетті.   

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары