Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Отандық стриминг платформалар қаншалықты қолжетімді?

Отандық стриминг платформалар қаншалықты қолжетімді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Орта Азиядағы ең ірі медиа апталық Astana Media Week 2025 бүгін де жалғасты. Тоғызыншы рет ұйымдастырылған форумның екінші күнінде 1 000-нан астам медиамаман, сарапшы спикер мен ел өңірлерінен келген БАҚ өкілдері журналистикадағы кәсіби шеберлікті шыңдау мен жаңа бетбұрыс жолдарын бағамдады. Орталық Азия, Еуропа, Әзербайжан мен Қытайдан келген сарапшылар да өз елдеріндегі саланың жаңашылдықтарын тақырыпқа тұздық етті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Yuganov Konstantin / Shutterstock / FOTODOM

Көрермен көңілінен шығатын контент жасау мен дайын өнімді жеткілікті деңгейде назарға ұтымды ұсыну – тиынның екі беті секілді бөлек іс. Алғашқы сатыдан өткен шығармашылық ұжым екінші баспалдаққа таяғанда тежелуі мүмкін. Өйткені медиаөнімді қай жолмен жарнамалау, қандай платформада көрсету, жобаға кеткен шығынды өндіру секілді сауалдар осы тұста туады. Кейінгі жылдары тәуелсіз бастамашылардың осы мазмұндағы жүгін стриминг платформалар жеңілдетіп отыр. Олар өз кезегінде өнімді сатып алып, сәйкесінше жеке платформаларында ғана көрсетуді көздейді. Форум аясында медиаөнім өндірушілер мен стриминг индустрия өкілдері іс жүзінде кезігіп отырған кедергілерді ашық талқылады. Сондай-ақ қатысушылар көрермен талғамының өзгеруі, платформалар арасындағы бәсеке және жаңа монетизация модельдері жайлы да пікір алмасты.

Панельдік сессияның қатысушысы, «Qulaqsal» креативті студиясының бас продюсері Нұртілеу Амангелді отандық стриминг платформалардың шығармашылық ұжымдарға ұсынатын қаржысы көңіл көншітпейтінін атап өтті.

«Тәуелсіз креативті студияларға кино-сериалдарды түсіріп, стриминг платформаларға ұсыну әлдеқайда жеңіл. Дегенмен біздің тәжірбиемізде жаңадан ашылған платформалар еңбегімізді лайықты бағалай қоймады. Мәселен, кино туындыны түсіруге 60 миллион шығындасақ, нарықтағы бағадан төмен етіп 20 миллион ұсынып жатады. Сондықтан біз секілді шығармашылық ұжымдарға алтернативті жол іздеуге тура келеді. Меніңше, тың идеямен киноиндустрияға қадам басқан талантты қолдау тетіктерін енгізу керек. Бұл ұсынысқа стриминг платформалар да мүдделі болса қос тарап та ұтар еді», деді Нұртілеу Амангелді.

Қазір еліміздегі стриминг платформалар жүйесі аяқтан нық тұрмағаны түсінікті. Десе де Кинопоиск, Movie service пен осы жылдың қыркүйегінде тұсауы кесілген UNICO Play ұлттық стримингтік платформалары салаға серпін беріп келеді. Платформа өкілдерінің қазіргі көздегені онлайн кино алаңды азаматтардың қолдануына ыңғайлы ету және өзара бәсекелестік арқылы кемшін тұсты түзеу екен. Бұл туралы отандық ТВ+ онлайн платформасының контент-директоры Сандуғаш Рахымжанова тілге тиек етті.

«Кейінгі жылдары әлемде Netflix, Amazon prime, Ivi сияқты платформалар жиі қолданылып жүр. Аса танымал Netflix-ке жазылушылар саны миллионнан асып жығылады. Netflix бұған дейін шығарылған фильмдер ұсынатын медиатека ғана емес, өзі де фильмдер түсіруді қолға алып отыр. Біз де осы үлгіні қолданамыз. Сонымен бірге, қолданушылардың платформаны пайдалану деңгейі ыңғайлы болу үшін біршама тәуекелге барып отырмыз. Кей жүйелер, тіпті жеке деректерді термей-ақ, күрделі функцияларды орындамай-ақ қолжетімді. Сәйкесінше, медиаөнімге қолжеткізу мүмкіндігін сыйлайтын тіркелу құны да 4 500 теңге шамасындағы символдық баға», деген ТВ+ онлайн платформасының контент-директоры сатып алушы контенттің көлеңкелі алаңдарда таралып кетпеуіне де күш салатынын айтты.

«Жаһандану кезеңінде кинотуындылардың түрлі телеграм араналар арқылы пираттық жолмен таралып кету қаупі жоғары. Бұл өз кезегінде кино авторларының діттеген қаржысына қол жеткізуіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Ал стриминг платформалар бұл қауіпті болдырмауға кепілдік береді. Сондықтан платформалар тарапынан жасалатын ұсыныстар өндіруші кезігетін кедергілердің алдын алуды көздейді», деді спикер.

Сала мамандары жоғарыда аталған азды-көпті түйткілдер бар болғанымен елімізде онлайн көрермендердің саны артып жатқанын атап өтті. Демек, сапалы, сұраныстағы кино-сериалды үйден шықпай тамашалауға мүмкіндік беретін платформалар нарығына әлі талай компаниялар келуі бек мүмкін.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 17:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары