Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Орал қаласы жылыту маусымын апатсыз өткізе ала ма

Орал қаласы жылыту маусымын апатсыз өткізе ала ма

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

60 жыл бұрын салынған бу қазандығы әбден тозып тұр

Қоғам белсендісі Мұхтар Өтесов пен БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжанның мәлім еткеніндей, қаланы жылумен қамтитын «Жайықжылуқуат» АҚ-ға тәуелсіз сарапшы ұйым тексеру жүргізген.

Бауыржан Ахметжанның сөзіне қарағанда, биылғы 27 сәуірде «Жайықжылуқуат» АҚ мен «ЖСМ Эксперт» ЖШС шарт жасасқан. 

Құны 2 млн теңге болатын шарттың мәні — құбырларды, жабдықтарды техникалық тексеруден өткізу. Бұған 1965 жылы салынған № 5 бу қазандығы, турбина цехы, қазандық цехы кіреді. 

Фото: «ЖСМ Эксперт» ЖШС

— Техникалық тексеру кезінде анықталғандай, бу қазандығы корпусының жағдайы нашар, коррозия деңгейі өте жоғары, темір швеллерлер шіріген. Құлау қаупі болуы мүмкін. Клапандары су жіберіп тұр, жылу изоляциясы толық емес, дұрыс қапталмаған, жылу жоғалту қаупі бар. Автоматика, электр жабдықтары дұрыс қапталмаған, тұрбалардың дәнекерлеген жерлері сапасыз, бу қазандығының корпусында жарықтар бар. Міне, тәуелсіз сарапшы осындай қорытынды беріп, шұғыл жөндеу қажет екенін айтқан, — дейді Б.Ахметжан. 

Оның айтуынша, көрсетілген ақаулар 10 күн ішінде жөнделуі қажет болған.

Алайда 23 қыркүйек күні тәуелсіз сарапшы келген кезде Орал жылу-қуат орталығында № 5 бу қазандығы бойынша ештеңе жасалмаған болып шықты. 

— Орал қаласында 400 мыңға жуық халық тұрады. Қаланы жылумен «Жайықжылуқуат» АҚ қамтамасыз ететін болса, бұған Орал қаласы әкімдігі мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы да жауапты. Сондықтан жылыту маусымы алдында ТЖ департаменті, басқа да мүдделі ұйымдардың қатысуымен комиссия құрылып, акт жасалып, алдын ала қамдануы тиіс еді. Салынғанына 60 жыл өткен, әбден тозып тұрған бу қазандығы жарылып, Екібастұздағыдай апатты жағдай болмасына кім кепіл? — дейді қоғам белсенділері. 

Фото: «ЖСМ Эксперт» ЖШС

Басқарма басшысы не дейді?

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бейімбет Мусиннің нақтылауынша, қала тұтынушылары «Жайықжылуқуат» АҚ-ның су қыздырғыш қазандары арқылы жылумен қамтамасыз етіледі. Бұл қазандықтардан берілетін жылу энергиясы — қала үшін негізгі жылу көзі.

Оның түсіндіруінше, энергетикалық қазандарда бу турбиналары арқылы электр энергиясы өндіріледі. Бұл қазандықтардың жұмысы жылу беру процесіне кері әсер етпейді, өйткені жылу энергиясы тұрғындарға су қыздырғыш қазандықтардан беріледі.

— «Жайықжылуқуат» АҚ орналасқан энергетикалық қазандардың парктік ресурсы, яғни зауыт-өндіруші белгілеген пайдалану мерзімі толықтай таусылған. Бүгінгі таңда бұл қазандар 55 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Соған қарамастан, олар тұрақты техникалық қызмет көрсетудің және жүйелі жөндеу жұмыстарының арқасында жұмыс қабілетін сақтап отыр. 2025 жылғы қысқы маусымға дайындық аясында № 2 энергетикалық қазандығында буқыздырғыш түтіктер толықтай ауыстырылды. Сонымен қатар № 11 су қыздырғыш қазандығының экрандық құбырлары жаңартылды. Жүргізілген жөндеу жұмысы жылу көздерінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді, — дейді Б.Мусин. 

Фото: «ЖСМ Эксперт» ЖШС

Оған қоса басқарма мәліметі бойынша энергетикалық қазандықтарды жаңарту мақсатында 3 қазандыққа жобалық-сметалық құжаттама жасақтау басталған. Содан соң мемлекеттік сараптамадан өткізілмекші.

ЖСҚ жасақталғаннан кейін қаражат сұрау үшін республикалық бюджетке тиісті өтінім жолданады. Сәйкесінше республикалық бюджеттен қолдау табылған жағдайда қайта жаңарту жұмыстары қолға алынбақшы.

Жылу құбырларындағы жағдай нешік?

Басқарма басшысы Бейімбет Мусиннің мәлімдеуінше, жылыту маусымына дайындық аясында «Жайықжылуқуат» АҚ тарапынан барлық жоспарланған жұмыстар толығымен орындалған.

Атап айтқанда, кәсіпорынның өз қаражаты есебінен қала ішіндегі 5,5 км жылу желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұл жұмыстар аясында тозығы жеткен құбырлар жаңартылып, жылу оқшаулау жасалып, тиісті арматура ауыстырылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат есебінен 3,9 км № 2 жылу магистралінің реконструкциясы толығымен аяқталды.

Бұл жоба биылғы сәуір айында басталып, бүгінде 100 пайыз орындалды. Нәтижесінде жылу желілерінің сенімділігі мен апатқа қарсы төзімділігі едәуір артты.

Тағы бір маңызды мәселе — тұрғын үйлердің жылумен үздіксіз қамтылуы. Облыс орталығында жылыту маусымы басталғанымен, әлі де қосылмаған үйлер бар екендігін тұрғындар әлеуметтік желіде жазып жатыр. 

Фото: «ЖСМ Эксперт» ЖШС

Бұған байланысты Б.Мусин қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің толықтай орталық жылу жүйесіне қосылғанын айтты. Сонымен бірге барлық әлеуметтік нысандар, атап айтқанда, мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен өзге де мекемелер жылумен қамтамасыз етілді. 

— Жылу беру процесі бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізілді. Әрбір тұрғын үйге берілетін жылу параметрлері тұрақты бақылауда ұсталып, қажет болған жағдайда жедел реттеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу беру кезеңінде халық тарапынан түскен өтініштер жедел қарастырылып, мәселелер уақтылы шешіліп отыр. Коммуналдық сала қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, — деді басқарма басшысы.

Осылайша тұрғындар қаланы жылумен қамтуға байланысты өз алаңдаушылығын білдіріп отыр. Ең бастысы — жылыту маусымын қауіпсіз, апатсыз өткізу.  

Фото: «ЖСМ Эксперт» ЖШС

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы жылыту маусымына қаншалықты дайын екенін жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:234
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 19:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары