Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Орға жыққан Ормуз бұғазы

Орға жыққан Ормуз бұғазы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шабуыл салдарынан мұнай бағасы бір сәтте барреліне 120 долларға дейін көтеріліп, жаһандық энергетикалық жүйедегі әлсіз тұстарды айқын көрсетті. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылмауы мүмкін. Қазақстанның Ұлттық банкі сарапшыларының болжамынша, уақытша қымбаттаған мұнай бағасы кейін қайтадан төмендеп, барреліне шамамен 60 доллар маңына түсуі ықтимал.

Ұлттық банктің ақша-несие саясаты жөніндегі есебін­де айтылғандай, биылғы жылдың алғашқы айларында мұнай бағасы жоғары болып тұруы мүмкін. Бұған Таяу Шығыстағы шиеленіс әсер етіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, 2026 жылдың басында мұнай бағасының көтерілуіне тағы бір фактор әсер еткен. Бұл – Венесуэла мен кейбір елдерден мұнай жеткізілімі тоқтап қалуы мүмкін деген қауіп. Алайда мұн­дай жағдай ұзаққа созылмайды деп болжанып отыр. 

Экономист Сапарбай Жобаев­тың айтуынша, әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі Қазақстан экономикасына белгілі бір дең­гей­де оң әсер етуі мүмкін. Оның сөзінше, қазір мұнай баррелінің бағасы шамамен 100 доллардың маңында тұр. Қазақстан жылына шамамен 80 млн тонна мұнай өндірсе, соның 60 млн тоннаға жуы­ғы экспортқа шығарылады. Сондықтан мұнай бағасының жоғары болуы ел бюджетіне түсе­тін табысты да арттырады.

Араб елдерінен келетін инвестиция азаюы мүмкін

Экономист мұнайдан түсетін кіріс мемлекет үшін маңызды екенін айтады. Өйткені Қазақ­станда әлеуметтік қолдауға мұқ­таж азамат аз емес. Мұндай жағ­дайда мұнайдан түскен табыс әлеу­меттік міндеттемелерді орын­дауға мүмкіндік береді.

«Қазақстан бюджетінің едәуір бөлігі мұнай табысына байлан­ысты. Егер мұнай бағасы жоғары болса, мемлекетке түсетін кіріс те көбейеді. Бұл өз кезегінде әлеу­мет­тік төлемдерді көбейтуге мүм­кіндік береді. Біздің елде 2-3 мил­ли­он­ға жуық әлеуметтік осал топқа жататын азамат бар. Сол­арға көмек көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Сон­дықтан мұнайдан түсетін таб­ыс, ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсалуы керек», – дейді экономист.

Сарапшы мұнай саласына ин­вестиция мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан мұнай өндіру саласына келетін қаржыға аса зәру емес, себебі бұл секторға қомақты инвестициялар бұрыннан салынып келеді. Қазір ел үшін маңыздысы – өңдеуші өнеркәсіпті дамыту. Бұған дейін араб елдері Қазақстандағы көлік, логистика және коммуникация сал­аларына инвестиция салуға қызығушылық танытқан.

«Қазір Қазақстан мұнай сала­сына инвестиция таппай отыр деп айту қиын. Негізгі инвестициялар бұл салаға бұрыннан келген. Біз қазір өңдеуші салаларды дамытуға көбірек көңіл бөліп жатырмыз. Араб елдері логистика, көлік және инфрақұрылым жобаларына қар­жы салуға дайын болған. Соғыс жағдайы бұл жоспарларға белгілі бір әсер етуі мүмкін. Бірақ оның эко­номикаға аса үлкен соққы бола­ды деп ойламаймын», – дейді Сапарбай Жобаев.

Экономистің пікірінше, ал­да­ғы жылдары Қазақ­стан мұнай өндірісін одан әрі арттыруға да мүмкіндігі бар. Мә­селен, елде мұнай өндіру көлемін 100 млн тоннаға дейін жеткізу жос­пары бар. Әсіресе, Теңіз кен орны жаң­ғыртудан кейін өндіріс көлемін айтарлықтай арттыра алады.

Сарапшы Қазақстан мұн­айы­ның өзіндік құны араб елдерімен салыстырғанда жоғары екенін де атап өтті. Егер араб елдерінде мұнай өндірудің өзіндік құны шамамен 20-25 доллар болса, Қазақстанда ол 40-45 дол­лардың шамасында. Сондықтан еліміз үшін мұнай бағасының 50 дол­лардан төмен түспеуі маңызды.

Сонымен қатар мұнай баға­сының өсуі ұлттық валютаға да әсер етеді. Сарапшының айтуын­ша, мұнай қымбаттағанда елге келетін валюталық түсім көбейіп, теңгеге деген сұраныс артады.

«Мұнай бағасы өскен сайын Қазақстанға валюталық түсім де көбейеді. Бұл теңгеге сұранысты арттырады. Қазір базалық мөл­шерлеме жоғары болғандықтан, көп адам ақшасын бизнеске емес, депозитке салуды тиімді көріп отыр. Оның үстіне, Ұлттық қор­дан да ай сайын жүздеген миллион доллар сатылып жатыр. Осындай жағ­дайда теңге нығайып, доллар бағамы 495 теңгеге дейін төмен­деді», – деп түсіндірді экономист.

Біздің Blend Brent-тен арзан ба?

Finmentor қаржы сарап­шысы Арман Батаевтың айту­ынша, мұнай бағасының қым­баттауы ел бюджетіне қосым­ша табыс әкелуі мүмкін. Өйткені Қа­зақстанның бюджеті Brent мұнайының бағасы шамамен 60 доллар болады деген есеппен жас­а­лған еді. Ал қазір нарықтағы баға бұдан әлдеқайда жоғары деңгейде тұр.

Сарапшы сондай-ақ Қазақ­стан мұнайының бағасы да ерек­ше жағдайда қымбаттап отыр­ға­нын айтады. Бұрын еліміздің экс­порттық CPC Blend мұнайы әлемдік эталон саналатын Brent-тен арзан сатылатын. Қазір керіс­ін­ше, кей жағдайда одан да жо­ғары бағамен саудаланып жатыр. Бұл – Парсы шығанағындағы тасымал қиындап, қақтығыс айма­ғынан тыс мұнайға сұраныс артқанын көрсетеді.

Арман Батаевтың пікірінше, қазіргі жағдай Қазақстан үшін белгілі бір экономикалық мүм­кіндікке айналып отыр.

«Қазір мұнай нарығында әдет­тен тыс жағдай қалыптасты. Бұ­рын Қазақстан мұнайы Brent-тен арзандау сатылатын, ал қазір кей кезде керісінше қымбат баға­ла­нып жатыр. Мұның себебі – Пар­сы шығанағындағы тұрақсыздық пен жеткізілімнің қиындауы. Нарық қақтығыс аймағынан тыс жеткізілетін мұнайды көбірек бағалай бастады. Қазақстан дәл осы жағдайда сенімді жеткізу­ші­лер­дің бірі болып тұр. Сондықтан мұнай бағасының өсуі біздің бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін», – дейді сарапшы.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының өсуінен ірі ха­лықаралық мұнай компаниялары да пайда көріп отыр. Teniz Capital бағалауынша, ConocoPhillips пен Occidental Petroleum сияқты компаниялардың акциялары өсім көрсеткен. Ал Қазақстанда бұл жағдайдан «ҚазТрансОйл» мен «ҚазМұнайГаз» компания­лары­ның акциялары ұтуы мүмкін.

Дегенмен геосаяси шиеле­ністің кері әсері де бар. Энергия бағасы қымбаттаған кезде ең алды­мен авиация саласы зардап шегеді. Соңғы күндері бірқатар ірі әуе компаниясының акциялары төмендеп, әлемдік қор индекс­терінде де құлдырау байқалған.

Мұнай қоры жеткілікті

Ұлттық банк мамандарының пікірінше, алдағы уақытта мұнай бағасына керісінше қысым түсуі мүмкін. Себебі әлемде мұнай ұсын­ы­сы көбейіп келеді. АҚШ, Брази­лия, Гайана, Аргентина және Сауд Арабиясы сияқты ірі өндіруші елдер өндірісті арттыру­ды жоспар­лап отыр. Оның үстіне, 2025 жылы жи­на­лып қалған мұнай қоры да аз ем­ес.

«Қазір нарықта мұнай тапшы­лығы байқалып тұрған жоқ. Кері­сін­ше, кейбір елдер өндірісті көбей­тіп жатыр. Сондықтан уақыт өте келе бағаға ұсыныстың көптігі әсер етуі мүмкін», – деп түсіндіреді мамандар.

Сарапшылардың айтуынша, алдағы жылдары Қытай страте­гиялық мұнай қорын толықтыруды жалғастырады. Сонымен бірге Үндістанда, Таяу Шығыс елдер­інде және Африкада да мұнай тұ­тыну көлемі өседі деп күтілуде.

Ұлттық банк мұнай бағасына қатысты бірнеше түрлі сценарийді де қарастырған. Ең жақсы жағ­дайда 2026 жылы Brent мұнайы­ның орташа бағасы барреліне шамамен 77-78 доллар болуы мүм­кін. Кейін ол 80 долларға дейін көтерілуі ықтимал. Ал ең қолайсыз сценарийде жағдай басқаша өрбуі мүмкін.

«Егер нарықта мұнай ұсынысы күрт көбейсе немесе әлемдік эко­номика баяуласа, мұнай бағасы айтарлықтай төмендеуі ықтимал. Мұндай жағдайда 2026 жылы Brent барреліне шамамен 47 дол­лар болуы мүмкін, кейін 40 доллар деңгейіне дейін түсуі де ғажап емес», – дейді сарапшылар.

Energy Monitor сарапшы­лары да Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұрғанымен, Азия елдері әзірге мұнай тапшылығын бірден сезінбеуі мүмкін. Өйткені бұл мемлекеттерде алдын ала жи­нал­ған мұнай қорлары бар. Са­рап­шылардың айтуынша, есепке алынған қорлардың ішінде тек мемлекеттік стратегиялық резерв­тер ғана емес, мұнай компания­ларының жеке қоймаларындағы мұнай да бар. Сондықтан қысқа мерзімде нарықтағы жағдай қатты өзгермеуі мүмкін.

Дегенмен сарапшылар жағдай ұзаққа созылса, мұнай бағасы күрт өсуі ықтимал екенін ескер­теді. Әсіресе, Ормуз бұғазы ар­қылы мұнай тасымалы шектелсе, әлем­дік нарықтағы тепе-теңдік бұзыл­ып, баға тез көтерілуі мүмкін.

«Қазір көптеген елде мұнай­дың стратегиялық қоры бар. Сол себепті нарық бірден дүрлігіп кеткен жоқ. Бірақ шиеленіс ұзақ­қа созылып, Ормуз бұғазы арқылы танкерлердің қозғалысы қиын­даса, мұнай бағасы айтарлықтай өседі. Себебі әлемдік жеткізілім­нің үлкен бөлігі дәл осы бағыт арқы­лы өтеді. Сондықтан бұл аймақ­тағы қауіпсіздік бүкіл әлем­дік мұнай нарығына әсер етеді», – дейді Energy Monitor сарапшы­лары.

Сарапшылардың дерегінше, Азиядағы кейбір елдерде жинал­ған мұнай қоры бірнеше айға жетеді. Мысалы, Жапониядағы резерв­тер шамамен 254 күнге, Оңтүстік Кореяда 208 күнге, Қытайда 200 күнге жетуі мүмкін. Ал Үндістанда бұл қор 74 күнге, Тайландта 61 күнге, Филиппинде 60 күнге жетеді. Индонезия мен Вьетнамда мұнай қоры салыстыр­малы түрде аз – тиісінше 20 және 15 күн шамасында ғана.

Сарапшылардың айтуынша, бұл елдердің барлығы Таяу Шығыс мұнайының негізгі сатып алушы­лары саналады. Ал қазіргі қақты­ғыс дәл осы өңірде жүріп жатқан­дықтан, әлемдік энергетикалық нарық­тағы тәуекел де арта түсті.

Мәселенің негізгі түйіні – Ор­муз бұғазы. Бұл Иран мен Оман арасындағы өте тар теңіз өткелі. Әлемде теңіз арқылы тасымал­да­натын мұнайдың шамамен төрт­тен бір бөлігі дәл осы бұғаз арқы­лы өтеді. Сонымен қатар сұйыт­ыл­ған табиғи газдың да едәуір бөлігі осы бағытпен жеткізіледі. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Ирак және Катар сияқты ірі мұнай өндіруші елдердің экспорты да осы маңыз­ды «энергетикалық дәліз» арқылы әлемдік нарыққа шығады. Сон­дықтан бұл аймақтағы кез келген шиеленіс бүкіл әлемдегі мұнай бағасына әсер етуі мүмкін.

Кәмила ДҮЙСЕН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 17:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары