Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Ормуз бұғазының жабылуы Орта дәлізге сұранысты арттырып отыр

Ормуз бұғазының жабылуы Орта дәлізге сұранысты арттырып отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Іс-шараны «Kazakhstan–EU Gateway» платформасы мен еуропалық FERRMED қауымдастығы ұйымдастырды. Кездесу Еуропалық стратегиялық зерттеулер институтының алаңында өтті. Жиынға Еуроодақ институттарының өкілдері, халықаралық қаржы ұйымдары, көлік-логистика компаниялары мен сала сарапшылары қатысты.

Талқылау барысында Транскаспий халықаралық көлік бағытын — «Орта дәлізді» дамыту мәселесі қаралды. Бұл бағыт Қазақстан арқылы өтіп, Еуропа мен Азия арасындағы сауда жолдарын әртараптандыруда маңызды рөл атқарады. Қатысушылар инфрақұрылымдағы «тар тұстарды» жою, дәліздің тиімділігін арттыру, қаржыландыру, цифрландыру және «жасыл» логистика мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенконың айтуынша, Орта дәліз Қазақстан үшін стратегиялық басымдықтардың бірі.

- Оның дамуы экономиканы әртараптандыру, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыру және Еуропалық одақпен ынтымақтастықты тереңдету мақсаттарымен тікелей байланысты, — деді ол.

Дипломат сондай-ақ Еуроодақтың бұл үдеріске белсенді қатысып отырғанын атап өтті.

Атап айтқанда, Team Europe бастамасы аясында шамамен 15 млн еуро бюджеті бар бағдарлама іске қосылған. Ол Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы және француздық Experience France ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

— Алғашында бағдарлама әзірлеу жөніндегі келісім «GIZ» және «Experience France» ұйымдарымен бірге, сондай-ақ «JA — YES» инвесторларымен бірлесіп, 2025 жылғы 27 қарашада Ташкент қаласында қол қойылған. Бұл бастама «жұмсақ байланыстарды» дамытуға бағытталған. Оның аясында сауда рәсімдерін жеңілдету, кедендік үдерістердің тиімділігін арттыру, көлік ережелерін үйлестіру және мультимодальды логистиканы нығайту көзделеді, — деді ол. 

Фото: Арнұр Рахымбеков / Kazinform

Жыл соңына дейін Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен ұзындығы шамамен 380 шақырым болатын талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуды жоспарлап отыр. Бұл Каспийдегі алғашқы суасты кабелі болмақ.

— Әңгіме тек өңірлік ынтымақтастық туралы ғана емес. Сонымен қатар экологиялық таза энергия тасымалының тұрақты бағыттарын қалыптастыру жайы да сөз болып отыр. Оның ішінде «жасыл» аммиак пен сутегі бар, оларды Еуропа нарығына экспорттау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл бағыт Қара теңіз аймағындағы ұқсас жобамен қатар дамуы ықтимал. Кездесу қорытындылары Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлес қосады деп күтіледі. Бұл жұмыстар «Global Gateway» стратегиясы аясында жүзеге асырылады. «Kazakhstan–EU Gateway» — Брюссельде құрылған платформа, ол Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық, саяси және мәдени диалогты дамытуға бағытталған», — деді Р. Василенко.

Еуропалық жүк жөнелтушілер кеңесінің бас хатшысы Годфрид Смит Глобалдық жүк жөнелтушілер альянсымен бірлесіп, негізінен логистика және халықаралық сауда мәселелерімен айналысып жатқанын айтты.

— Қазіргі талқылау Еуроодақ үшін өте маңызды, себебі Орталық Азия мен Қытай арасындағы сауда байланыстары импорт үшін де, экспорт үшін де үлкен рөл атқарады. Бұл тұрғыда «Орта дәліз» балама бағыт ретінде ерекше мәнге ие. Кейбір тауарлар теңіз арқылы, кейбірі әуе көлігімен тасымалданады, ал Орта дәліз — жүктің жылдам жеткізілуін талап ететін жағдайларда тиімді аралық шешім. Оның артықшылығы — теңіз тасымалынан жылдамырақ, ал әуе тасымалынан сәл баяуырақ, — деді ол.

Ол сонымен бірге өңірде шынайы кәсіпкерлік рухтың байқалып отырғанын атап өтті: елдер бірлесіп жұмыс істеп, жаңа шешімдер тауып жатыр.

— Бұл Еуропадағы біз үшін де, басқа елдердегі сауда серіктестеріміз үшін де аса маңызды. Сонымен қатар Ормуз бұғазы маңындағы геосаяси жағдай «Орта дәліз» сияқты баламалы бағыттардың тасымалдаушылар үшін тартымдылығын арттырып отыр, — деді Г. Смит.

Осыған дейін Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығы жаңа деңгейге шыққаны туралы жаздық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 23:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары